Жаңбыр – бұлттан бөлініп, жерге түсетін атмосфералық су тамшылары.Жаңбыр көктемде де, жазда да, күзде де жауады. әр мезгілдегі жаңбырдың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, көктемде жауған найзағайлы жаңбыр қыста ұйықтаған табиғатты оятып, жаздағы жауын тез жауып,ыстықты басады,. Ал күзгі жауын ұзақ жауып, табиғатты қысқа дайындайды.
Жаңбыр суына байналанысты сұрақтар туындайды. Ол зиянды ма, пайдалы ма? Жауын суының емдік қасиеттері бар. әжелеріміз жасару үшін жаңбыр суын қолданған Олар жаңбыр туралы көптеген құпияларды білген. Олар жүздерін жаңбыр суымен жуып, тамақ та пісіріп, шаштарын да жуған.Жаңбыр суымен шашыңызды жусаңыз, жұмсақ және жібектей болады. Шаш нығайып, серпімді, жылтыр және күшті болады. Жаңбырдан кейін кемпірқосаққа таңдану және дымқыл шұңқырларды былшылдатып басып жүру қандай жағымды. Әрине, жаңбыр суы экологиялық таза жерлерде, мысалы, ауылдық жерлерде, орманда немесе биік тауларда төгілсе, оның пайдасы зор болады. Жаңбыр өсімдіктерге, ағаштарға және шөптерге ылғал әкеледі. Сусыз өсімдіктер топырақтағы қоректік заттарды сіңіре алмай, өспей қалады.
Қорыта келгенде табиғаттағы әрбір құбылыс өзінше ерекше. Соңын бірі – жаңбыр. Жаңбырды әркез «нұрға» теңейміз. «Жаңбырмен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деген мақалмен аяқтаймын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңбыр суының пайдасы
Жаңбыр – бұлттан бөлініп, жерге түсетін атмосфералық су тамшылары.Жаңбыр көктемде де, жазда да, күзде де жауады. әр мезгілдегі жаңбырдың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, көктемде жауған найзағайлы жаңбыр қыста ұйықтаған табиғатты оятып, жаздағы жауын тез жауып,ыстықты басады,. Ал күзгі жауын ұзақ жауып, табиғатты қысқа дайындайды.
Жаңбыр суына байналанысты сұрақтар туындайды. Ол зиянды ма, пайдалы ма? Жауын суының емдік қасиеттері бар. әжелеріміз жасару үшін жаңбыр суын қолданған Олар жаңбыр туралы көптеген құпияларды білген. Олар жүздерін жаңбыр суымен жуып, тамақ та пісіріп, шаштарын да жуған.Жаңбыр суымен шашыңызды жусаңыз, жұмсақ және жібектей болады. Шаш нығайып, серпімді, жылтыр және күшті болады. Жаңбырдан кейін кемпірқосаққа таңдану және дымқыл шұңқырларды былшылдатып басып жүру қандай жағымды. Әрине, жаңбыр суы экологиялық таза жерлерде, мысалы, ауылдық жерлерде, орманда немесе биік тауларда төгілсе, оның пайдасы зор болады. Жаңбыр өсімдіктерге, ағаштарға және шөптерге ылғал әкеледі. Сусыз өсімдіктер топырақтағы қоректік заттарды сіңіре алмай, өспей қалады.
Қорыта келгенде табиғаттағы әрбір құбылыс өзінше ерекше. Соңын бірі – жаңбыр. Жаңбырды әркез «нұрға» теңейміз. «Жаңбырмен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деген мақалмен аяқтаймын.
шағым қалдыра аласыз


