жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңбырлы күн
1-бөлім. Жанды табиғат
11-сабақ
|
Тақырыбы: Жаңбырлы күн |
Мектебі: 31 мектеп-гимназия |
||||||||||||||
|
Күні, айы: 26.09.2017 |
Мұғалімнің аты-жөні: Жаксылыкова М.А |
||||||||||||||
|
3-сынып |
Сабаққа қатысқан оқушылар саны: |
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: |
|||||||||||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: |
3.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну 3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану 3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну 3.5.1.4 мұғалім көмегімен септеулік шылауды ауызша тілде қолдану |
||||||||||||||
|
Сабақ мақсаты: |
Барлық оқушылар: жаңа сөздерді меңгереді, сөз тіркестерін құрастыра алады. |
||||||||||||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: ертегінің не туралы екенін түсінеді, сөйлемдер құрастырады. |
|||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар: берілген ертегінің мазмұнын өз сөзімен айта алады. |
|||||||||||||||
|
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||
|
Сабақтың кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс |
Ресурстар |
|||||||||||||
|
Сабақтың басы (2–5 минут) Психологиялық ахуал |
«Жыл мезгілдері» жаттығуы.Оқушылар топ-топ болып жыл мезгілдеріне бөлінеді. Әр топтан бір жүргізуші сайланады, жүргізуші бір би қимылдарын жасайды, қалған оқушылар би қимылдарын қайталайды. |
|
|||||||||||||
|
Жаңа сабаққа кіріспе (3–7 минут) |
https://www.youtube.com/watch?v=s_G-3v_H5lE Интербелсенді тақтадан «Жаңбырдың кереметі» атты бейнероликті көрсету. «Құпияға толы зат» әдісі арқылы оқушылардан оның не екенін жəне сабақпен қандай байланысы бар екенін анықтауды сұрайды. |
com/watch?v=s G-3v_H5lE |
|||||||||||||
|
Сабақтың ортасы (6–40минут) Сергіту сәті Дәптермен жұмыс |
1-тапсырмада оқушылардың назарын жаңа сөздерге (кейін, тұқым, қайта, әртүрлі) аударады. Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру арқылы айтылуы мен жазылуын меңгертеді. Сөздерді жеке емес, олардың қызметі мен мағынасы сөйлеуде және сөйлемде анық көрінетіндей мысалдар келтіреді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, ыңғайына қарай жаңа сөздерді көбірек қосып отыруларына дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында 2-тапсырмада сөзжұмбақ берілген. Мұғалім оқушыларға лексиканы қайталата отырып, сөзжұмбақты шешкізеді. Мұғалім оқушыларға 3-тапсырмада берілген ертегіні тыңдатады, оқытады. Оқушылар ертегіні тыңдау арқылы түсінуге бейімделеді. Тыңдалымнан өздеріне таныс емес сөздерді сөздік арқылы аударады. Аудионы тағы екі рет тыңдап, ертегінің мазмұнын толық түсінуге тырысады. Сыныппен ой бөліседі. Ертегіні тыңдау, оқу арқылы оқушының қиялы дамиды, тыңдау қабілеті қалыптасады. Мұғалім оқушылардың ертегі мазмұнын меңгергендерін тексеру үшін «5-5-1» әдісін қолданады. Оқушыларға ертегі мазмұны бойынша 5сөйлем жаздыртады. Одан кейін сол 5 сөйлемдерін 5 сөзгеқысқартуды сұрайды. Соңында олар 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі. Мұғалім 4-тапсырмада оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін «Жеңілдетілген анықтама» блиц ойынын ұйымдастырады. Оқушыларды жұпқа бөліп, әр жұпқа оқулықтағы суреттерді (экраннан көрсетуге болады) бөліп береді. Әр жұп өзіне берілген суретті сипаттай отырып, диалог құрастырып, бір-біріне сұрақ қою арқылы тілдеседі. Диалогке қатысу барысында тілдік нормаларды сақтай отырып дұрыс сөйлеуге үйренеді. Оқушылардың бойын сергіту үшін сергіту жаттығуын жасатамын. Жел соқты гу-гу, Жаңбыр жауды тырс-тырс, Жаңбыр аяқталды. Күн ашылды. Мұғалім 5-тапсырмада оқушылармен «Жұбын тап!» ойынын ұйымдастырады. Мұғалім оқушылардың ертегі мәтіні бойынша сөз тіркестерін дұрыс құрастыруларына бағыт береді (қызғалдақ өмір сүріпті, достары болмапты, жерге түседі, жаңбырдан кейін, әртүрлі қызғалдақтар). Ойын барысында оқушылардың белсенділіктері артады.
Мұғалім «Реттіліктен не алынған?» әдісі арқылы оқушыларға 6-тапсырмада берілген сөйлемдердегі қалып кеткен сөзі бар сөздер реттілігін көрсетеді жəне олардан сол сөзді табуды сұрайды. Оқушылар көп нүктелердің орнына суреттің сәйкесін тауып айтады. Оқушылардың ойлау қабілеттері дамиды. «Əуенді атаңыз – əуен тақырыппен қалай байланысқан?» әдісіарқылы мұғалім 7-тапсырмада музыкалық шығармадан үзінді («Жау, жау, жаңбыр» әні) қояды жəнеоқушылардың оны талқылап, өз бағаларын беруін сұрайды: музыка сабақ тақырыбымен қалай байланысқан? Әнді мұғалім көмегімен хормен қайталайды. Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекітеді. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдылану мақсатында қосымша тапсырманы орындайды. |
Интербелсенді тақта, суреттер Оқулық Аудиодиск: 1.11.3. Суреттер Оқулық Оқулық Аудиодиск: 1.11.7 №1 жұмыс дәптері Қосымша тапсырма: 1.11 |
|||||||||||||
|
Сабақтың соңы: (41–45 минут) Рефлексия |
«Табыс сатысы» әдісі.Оқушыларға сатының суреті беріледі. Бірінші баспалдағы – мен ... білемін Екінші баспалдағы – мен ... түсінемін Үшінші баспалдағы – мен ... жасай аламын. |
Сатының суреті |
|||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||
|
Қорытындылау |
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||
|
1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге? 2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды? |
Жүргізілген жұмыс түрлері тиімді болды. |
||||||||||||||
|
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе не? 1: Сергіту сәті 2: «Құпияға толы зат» әдісі Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді? 1: Сыныптағы белсенділік 2: Оқушыларды қолдау |
|||||||||||||||
|
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы Кестені толтыр. Кестедегі ақпаратқа сүйеніп, Қызғалдақ туралы айт.
|
|||||||||
|
Дескриптор |
Білім алушы
|
||||||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген