Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жаңбырлы күн»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:«Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: «Жаңбырлы күн»

Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарын бақылай отырып, жаңбыр тамшыларын салуға үйрету. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ептілік пен жинақылыққа тәрбиелеу.

Қолданады: Жаңбырлы күннің суреті, видеосы, сурет салуға қажетті құралдар.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық-қозғаушылық

Жұмбақ жасыру

Тырс-тырс тамады,

Тереземді қағады.

  • Бүгін күн қандай ? Ашық па?

  • Бұлтты ма? Жаңбыр жауып тұр ма?

  • Суретке қараңдаршы бұл не?

  • Түсі қандай?

  • Жаңбыр жауғанда қандай дыбыс естіледі?

  • Тыңдап көрейік......

  • Ой, жаңбыр құйып жауып кетті.

  • Жаңбыр

  • Бүгін салқын, жаңбыр жауып тұр. Аспанды бұлт торлаған. Күн бұлттанса жаңбыр жауады.

  • Бұлт

  • Түсі көк

  • Тырс-тырс етеді

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Көркем сөз

Жауын- жауын жауады

Бәрін суға малады.

Біз қарындаш аламыз,

Тамшыларды саламыз.

Үлгіні көрсету, түсіндіру: Алдымен ақ қағаздың жоғары жағына бұлт бейнесін саламыз. Губканың бір бұрышын ақ түсті бояуға батырып алып, бір рет бастыру арқылы тамшы бейнесін түсіреміз.

Қ/О: «Жаңбыр»

Сергіту сәті:

Қолды белге қоямыз,

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір,

Біз бақытты баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз,

Жақсы сергіп қаламыз.

Бұлттың бейнесін салады, Сұр түспен бояйды. Жаңбыр тамшыларын салады.



Ойынды қызыға ойнайды.

Сергіту сәтін жасайды.





Рефлексиялық түзетушілік

  • Бүгін ненін суретін салды?

  • Ненін көмегімен салдық?

  • Сендерге өз жұмыстарың ұнады ма?

  • Қай жері қиындық тудырды?

Балалардың ойлары тыңдалады

Жеке жұмыс: Теміржан Нұртөре, Өмірбекова Мәриям, Маратқызы Әминаға губкамен сурет салу дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жаңбырлы күннің ерекшелігін;

Игереді: губкамен сурет салу дағдаларын меңгеру;

Меңгереді: өздерінің жасаған жұмыстары туралы айта білу;

Нөсер

Ақ жаңбыр – бірқалыпта толассыз ұзақ жауатын жаңбыр.

Боз жаңбыр – жаңбырдың баяу, сілбілеп жауатын түрі.

Бұршақ – мұз күйінде түсетін кішкене домалақ түйіршік, атмосфералық жауын-шашын.

Бұршақ жаңбыр – атмосфералық су тамшыларының салқындықтан кішігірім бұршаққа айналып жаууы.

Қара жаңбыр – бұлт қап-қара болып торлап келіп, толассыз ұзақ жауатын күзгі қалың жаңбыр.

Қар аралас жаңбыр – алдымен жаңбыр болып жауып, күн суыта келе, арты қарға айналған жаңбыр.

Қарлы жаңбыр – ерте көктемдегі және күздегі қар аралас жауын.

Мұзақ – жаңбыр тамшыларының жерге мұз болып түсуі.

Нөсер – 1. Қатты жауатын, өткінші жаңбыр; 2. Күшті, бірақ қысқа мерзімдік, конвективтік сипаттағы, не қоңыржай ендіктегі циклондардың суық шебіндегі дүлей желді жаңбыр.

Көк нөсер – көктемде, жазда қатты жауатын өткінші жаңбыр.

Өткінші жаңбыр – аспан күмбезі көшпелі ала бұлттанып, тез жауып өтетін жаңбыр.

Соқыр жауын – күн көзі шығып тұрғанда жауатын ұсақ тамшылы өткінші жаңбыр.

Сылбыр жаңбыр – желсіз күнгі жай жаңбыр.

Сіркіреме жаңбыр – өте ұсақ тамшы түрінде түсетін майда жауын.

Себездеу, сілбілеу

Былғары бүрку – атмосфералық тосаптың тамшыламай бүркуі.

Сіркіреу – өте баяу себезгілеп жауу.

Сірлету – жаңбырдың бүркуден, сіркіреуден мол, нөсерден саябыр жаууы.

Себездеу – жайлап бүрку, баяулап жауу.

Сілбілеу – жаңбырдың жайлап ұзақ жаууы.

Нөсерлеу – қатты жауу, шелектеп құю.

Төгіп өту – жаңбырдың қатты ­жауып өтуі.

Жаңбыр құю – қатты жаңбыр жауып кету, шелектеп төгу.

Жаңбыр көрмеу – көп уақыт бойы жаңбыр жаумай, құрғақшылық болу.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«10» қазан 2016 ж.

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Менің сезімдерім.

Мақсаты: Адамның сезімдері туралы түсінік беру. Бала бойындағы жақсы қасиеттерін дамыту. Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қолданады: дәптер, үнтаспа, ойынға қажетті құралдар.

Сөздік жұмыс: сезім

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Біздің топта балалар,

Тату –тәтті ойнайды.

Дос көнілі әрқашан,

Тек жақсылық ойлайды.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

  • Балалар өзін- өзі тану әлеміне қош келдіңіздер!!!

  • Балалар бүгін көңілдерің қандай?

  • Адамның неліктен көңіл күйі өзгереді?

  • Балалар бүгін мен сендермен адамның көңіл күйі, сезімдер жайлы әңгімелейміз.

Әңгіме оқу: «Әдептілік әлемі»

Дәйексөз: «Кішіні қолдап, жол бер үлкенді сыйлап»

Тыныштық сәті

Ойын жаттығу: «Мен қамқор баламын»

Ғажайып сөздер: «Жақсылық жасау -әдептілік, үлкен кішіге қамқорлық көрсету жақсылық»

Жүректен-жүрекке

Біздің топта ұл қыздар,

Тату-тәтті ойнайды.

Айналаға бар адамға

Тек мейірім сыйлайды.

Дәптермен жұмыс

Жақсы

Тыңдайды

Қайталап айтады.









Өлең жолдарын қайталап айтады.

Өз сезімдерін бейнелейді.

Бағалайды.



Рефлексиялық-түзетушілік

-Ол орталықта не істедіңдер?

-Бүгін саған қайсы орталықта жұмыс істеген ұнады?

-Ұнаса несімен ұнады?

-көркем әдебиет, орталығында

Балалардың жауаптары

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Сезім туралы түсінік болу керек.

Иереді: Оқу іс – әрекетке деген қызығушылықтары болу керек.

Меңгереді: Бір бірінің сезімдерін құрметтеп үйрену керек.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.12.2018
1349
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12