400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖАҢҒЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПТІК БІЛІМ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала мазмұнында Қазақстан Республикасының Президентінің 2018 жылғы 5 - қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы дәстүрлі жолдауында белгіленген басымдықтарға байланысты міндеттер жазылған. Мақала жалпы және арнаулы орта білім беретін ұстаздар мен оқушыларға, студенттерге арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖОЛДАУ ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ


Тәуелсіздік алған уақыттан бастап Қазақстан халқының бай-қуатты һәм тұрақты өмір сүруі үшін мемлекеттік деңгейдегі түрлі бағдарламалар мен стратегиялық маңызды құжаттар қабылданып келеді. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңару, даму жолында жасалып жатқан жұмыстар ел мерейін әлем алдында асырып, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру ұмтылысының айқындай түседі.. Мемлекет дамуына жетелер межелі жұмыстарды жоспарлауда, оны Қазақстан халқына дәріптеуде елдік идеологияның басты құжаты іспеттес елбасы жолдауы – барша Қазақстандықтардың асыға күтетін жаңалығы.

Үстіміздегі жылдың 5 – қазан күні Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы кезекті жолдауын жариялағаны баршамызға белгілі. Жарияланған сәттен бастап қоғамның қызу талқысына түскен жолдау – еліміздің даму бағдарын айқындайтын, дамудың даңғыл жолын жалғай түсетін, жаңа міндеттер мен бастамалардың қозғаушы күші болып табылады.

Болашағын бүгіннен бастап ойлаған мемлекет баларының денсаулығы мен біліміне, адами капиталдың дамуына ерекше басымдық береді. Жолдау жүктеген міндеттер бөлінісінде оқушылардың 3 ауысымда оқуын тоқтату., елімізде мектеп жетіспеушілігін шешу, азаматтардың денсаулығы мен салауатты өмір салтын ұстануы үшін заманауи ттиптігі спорттық алаңдар мен ғимараттарды салу және тегін пайдалануға беру, жастардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, еліміздегі жоғарғы оқу орындарына талапкерлердің түсу мүмкіндігін жасау секілді бірқатар мәселелер міндеттелді.

Сонымен қатар «Ұстаздар күні» мерекесі қарсаңында күллі мұғалімдер қуана қабылдаған жаңалық 2019 жылы «Мұғалімнің мәртебесі» туралы Заң қабылдау тапсырылды. Иә. Бүгінгі күні мұғалімдерді негізсіз қоғамдық жұмыстарға тарту, басы артық шаруаларға жетектеу, ұстаз мәртебесін арттыру секілді мәселелер күн тәртібінен түспей тұрған тұста, елбасы жолдауындағы жаңалық педагог қызметкерлердің кәсіби мерекесіне үлкен сый болды. Елбасы жастар өткен кездесулерінде «Жастары мықты елдің – жасары да, асары да мол» деп айтқан болатын. Жолдау жаңалығы келесі, 2019 жылды да «Жастар жылы» деп жариялауы да жастарға тың серпін береді.

Бүгінгі даму бағдары белгілі, төрт құбыласы түгел, шекарасы шегендеулі егемен еліміздің әлеуметтік-экономикалық һәм саяси үдерісінің арта түсуі үшін жолдау жұктеген міндеттерді жүзеге асыру ортақ ісіміз.

АЗИЗ ДҮКЕНБАЙҰЛЫ,

Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері. Техника ғылымдарының магистрі.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қазан
474
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі