Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

жаңғыру жолы - бір жыл, бір белес

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: Жаңғыру жолы – бір жыл, бір белес

Сабақтың мақсаты:

Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Білім алушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату. Ұлттық рухты сіңіру.

Көрнекіліктер: ноотбук, нақыл сөздер, суреттер, плакаттар т/б.

Пән аралық байланыс: тарих, география, өзін-өзі тану, экология.

Сабақтың барысы:

Тәрбие сағатымызды Қазақстан Республикасының Гимнімен бастаймыз.

Ұйымдастыру кезеңі: (Білім алушылармен амандасу, түгелдеу, назарларын сабаққа

аудару)

«Гүлмен тілек» (сергіту және топқа біріктіру). Білім алушылар дайындалып келген гүлді алақанына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіреді.

Мұғалім сөзі:

Мемлекет басшының өз мақаласында жазған мынадай бір сүйекті сөзі әрбір қазақстандықтарға ой салған болуы керек. «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана сезіміміз бен дүниетанымызға әбден сіңіп қалған таптауырын қағидалардан арылмасақ, иық тиістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделуарқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек». Бұл Нұрсылтан Әбішұлының ұлттық сана туралы жазғаны. Мақалда өзгеше қаншама ордалы ойлар айтылады. Соның бірі білім мәселесі.

Әрбір қазақстандық ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болу керек. Мысалы, компютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конференциялық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасыр талаптарына даярлаудың қамы деп түйіндейді.

Биыл Астана қаласына 20 жыл, Талас ауданына 90 жыл, Қаратау қаласына 55 жыл.

«Кластер» әдісі. Тұжырымды ойларын постерге түсіріп, топтық жұмыс қорғайды.

І топ. Астана қаласына 20 жыл

ІІ топ. Талас ауданының құрылғанына 90 жыл

ІІІ топ. Қаратау қаласының құрылғанына 55 жыл.





«Эйлер шебері» әдісі. Эйлер шеңбері сызылып, кезекпен идеялар талқыланып, жазылады. Не? Қалай? Неге? Нәтиже деген мәселелер бойынша идеялар сараланады.

Мұғалім сөзі:

Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды. Жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс- біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек.

Топтарға тапсырма беру. (үш топқа үш түрлі шығармашылық тапсырма беріледі.)

«Бір минут әңгіме» тәсілі. (Білім алушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Жаңа сабақты бекіту мақсатында өз ойларын бөліседі.)

Бәрі бірге : - Біз өз Отанымыздың патриотымыз.

- Мы патриоты нашей страны.

- We are patriots of our countries


Мұғалім сөзі: ХІ-ғасыр Қазақстанның « Алтын ғасыры», « Білім ғасыры»

Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры .

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
584
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12