жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі»
«Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі»
«Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде,
оларға жастайынан жақсы қасиеттерді сіңіре
білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған,
Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын
азамат өсіре аламыз»
Н.Ә.Назарбаев
Мен Әліпбаева Ардақ осы балабақшада 2жыл 4 ай еңбек етудемін. Мәңгілік ел болып қалыптасу жолында ұрпаққа берілетін тәрбие елбасымыздан бастап ойландырып-толғандыратын өзекті мәселелердің бірі екенін ешкім жоққа шығармайды. Сондықтанда мен Елбасымыз Н.Ә Назарбаев «Қазақстанның бүгіні мен болашағы-халқымыздың ынтымақ-бірлігінде,ырыс-құты тірлігінде және білімді,тәрбиелі ұрпақ тәрбиеленуінде» дегендй Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы принциптердің бірі «Білімнің салтанат құруы» Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп табыс тізгіні-білімді болашақ жастардың қолынды екенін» негізге ала отырып : Ұлт жоспарын орындауда ұстаздар қауымынан қосылатын үлес- жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру оны іске асыру, Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін.
Елбасымыздың «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру» мақалаларын оқи отырып оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар мен мақсат көрсетілгенін түсіндім.
«Әлемді өзгерткің келсе,өзгерісті өзіңнен баста» -деп қытай данасы Конфуций айтқандай қазіргі кездегі басты мәселе білім беру мазмұнындағы жаңартуларды енгізу және білім беру саласына тиімді өзгерістер енгізу,заман талабына сай әр тәрбиеші өз білімін жетілдіріп,ескі бір сарынды сабақтардан гөрі жаңа талапқа сай иновациялық технологияларды өз оқу қызметтерінде күнделікті пайдаланса оқу қызметі тартымды,мәнді әрі қонымды тиімді болары сөзсіз.
Мен балаларды жанымдай жақсы көрем... Өйткені бала мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайылық пен туралықтың айнасы. Олар қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи біледі. Олардың жаны жалғандықты, жасандылықты сүймейді, не айтса да әділ, шындықты айтады. Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған балаларға бір сәт қарасам өмірдің осыншалықты таза,мөлдір екенін байқаймын.Әр бала өзінше бір әлем. Жаны жақсылыққа құмар, арманшыл. Тәрбиеші мамандығының киесі де, қиындығы да осы періштелерді үлкен өмірге, қалтарыс - бұлтарысы көп өмірге даярлап, қанаты қайырылмайтындай етіп тәрбиелеуде емес пе?!
Мен осы уақыт аралығында бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын.
Күнде ертеңгісін балабақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, сәлесдесулерін естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай болады. Балалармен болған әрбір уақытым мені жаңа бір әлемге жетелегендей күй кешемін. Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын.
Олардың менен күтетіндері өте көп екенін сеземін. Балабақшаға бара жатқанда басыма сол күннің жұмысы туралы неше түрлі ойлар келеді. Ойларым сан түрлі болады: менің кішкентай бүлдіршіндерім қандай көңіл күймен келер екен? Күніміз қызықты өту үшін оқу қызметін, ойын түрлерін қалай өткізсем екен?.. деген түрлі сұрақтар мазалайды.
Әрине әрбір оқу қызметіме жауапкершілікпен қарап, дайындалуды еш жадымнан шығарған емеспін.
Әрбір оқу қызметім жас бүлдіршіндер үшін өз құпиясын ашқан сыр сандықтай болса, өзім сол тылсымы мол жұмбақ әлемнің сиқыршысындай боламын. Әр күннің сәтті шығуы, әрине өзіме байланысты.
Жас өспірімдерді тәрбиелеуде ерекше қабілет пен асқан біліктілік, балаға деген сүйіспеншілік қажет. Өз тәжірибемде, қандай білім беру саласында болмасын әр жұмыстың тартымды, сәтті шығуы тәрбиешінің бала назарын еріксіз оқу қызметіне аударту, баламен оқу қызметі үстіндегі әрбір қарым - қатынасты шебер ұйымдастыра білуіне байланысты екеніне көзім жетіп жүр.
Алдыма келетін балаларды үлкен жауапкершілікпен осы ғажайып әлемнің тылсымына ендіру маған үлкен ләззат сыйлайды. Мен бұл орайда тәрбиеші шеберлігінің негізі мәні: алдымен қызықтыру, сонан соң үйрету деген тұжырымдамасын негізге аламын. Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл - күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзімді жұмыс барысында балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші сезінемін. Бұл балалардың өзіне деген сенімін арттырып, оқу қызметіне деген тұрақты зейінін қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға жағдай туғызады.
Тәрбие – отбасынан басталатындықтан қашанда тәрбиеленушінің ата - ана, жанұясымен жете танысып, үнемі қарым қатынаста болуды өзіме басты мақсат етемін. Ол біздің ортақ баламыз екендігін сезінуге үйретуге тырысамын. Кез - келген бала – дарынды немесе дарынсыз болсын, жылдам немесе ақырын қимылдасын – бәрібір өзіне деген сүйіспеншілік пен құрметті қалайды. Сондықтан да әр баланың жанын түсініп, мақтап, қолпаштап, көмек көрсету арқылы қызметімде тек қана жақсы жетістікке қол жеткізетініме сенемін. Тәрбиеші деген сөздің мағынасына үңілсек, мақсаты тәрбие беру екенін түсінеміз. Адамның жаны мен тәні қашанда тәрбиеге мұқтаж екендігін ескерсек, тәрбиешіге артылар жүк жеңіл еместігіне көзіміз жетеді. Балабақшада дұрыс тәлім - тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барып саналы түрде сапалы білім алуға тырысады. Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады. Біз, тәрбиешілер, түрлі болашақ маман иелерін тәрбиелеп жатырмыз десем артық болмас. Болашақ заңгерлерді - әділдікке үйрету, дәрігерлерді - жауапкершілікке баулу, мейірімділікке үйрету, құрылысшыларды - нақтылыққа тәрбиелеу – барлығы тәрбиешінің қолында. Сондықтан да өз бойымызда әділдік те, мейірімділік те, жауапкершілік те болу қажет. Тәрбиеші жұмысы – оңай жұмыс емес. Бірақ абыройлы, сыйлы қызымет. Жақсы тәрбиешіні балалар ешқашан ұмытпайды.
«Ел есіңде бір жыл қалғың келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз. Баланың ой - өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан. Сондықтан да Сөзіміз – түзу, Еңсеміз – биік, Рухымыз – мықты болсын десек бірегей тәрбиеші мамандығын ұлықтай білейік. Ұрпағымыздың тамырына нәр беретін мамандық екендігін естен шығармайық.
Жаңа білім беру бұл тәрбиешінің алдындағы,әрбір тәсілді рет-ретімен жүйелеп, тәрбиеленушінің санасына ұмытылмастай етіп сіңдіру ең биік меже болып болып саналады. Сонымен қатар жаңа технологияларды пайдалану оқу қызыметінің құрылымын түрлендіру, әр бір тәрбиеленушінің дамуына толық жағдай жасауға мүмкіндік береді.Елімізде түбегейлі өзгерістер орын алып отырғанда келешек ұрпағымызды білімді етіп тәрбиелеу менің қасиетті парызым деп білемін. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды,білімді ұрпақ тәрбиелеу менің ең басты мақсатым деп білемін Сондықтан мен бұл заманауи талапқа сай жүйелі жұмысқа өзімнің де күш жігерімд аямай салуға міндеттімін және атсалысуға дайынмын деп айта аламын.
Балабақша тәрбиеленушілерінің шығармашылығын дамыта отырып,қазіргі заманғы педагогикалық теориямен практиканы басшылыққа алып, жұмыс жасаудамын. Педагогикалық озық техналогияларды оқу қызметі барысында пайдаланып, балалардың шығармашылағын дамытуға ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырып келемін.Қортындылай келе балабақша тәрбиешісі ең озық педагог, психолог, ғалым және асқан дарын иесі болу керектігіне көз жеткіздім. Баланың зейінін дамытып, жеке тұлғаға айналдыру әр тәрбиешінің ең бірінші мақсаты деп ойлаймын.Сондықтан бала жүрегіне жылылықұялатып, қабілетімен дарынын ашу әр тәрбиешінің алдына қойылған ең басты міндеті деп түсіндім.
Тәрбиеші: Әліпбаева Ардақ Бекенқызы
«Айналайын бөбекжайы» КМҚК
«Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі»
(Эссе)
Тәрбиеші: Әліпбаева А
- 2017-2018 оқу жылы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген