Материалдар / Жаңғыру жолындағы жас маманның рөлі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңғыру жолындағы жас маманның рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында да жастарымызды елін сүйетін, жерін сүйетін азамат болып шығуына ерекше көңіл бөліп, түрлі бағдарламаларды жүзеге асыруды ұсынады. Елін шын сүйетін адам ғана ел үшін қызмет ете алатынын айтады. Дені сау, санасы сергек, шыныққан, білімді, өнерлі азамат қана Отанына қызмет ете алады. Мен замандастарымның бойынан осындай асыл қасиеттерді көргім келеді. Өзімнің әріптестерімді, достарымды, бойында жастық жалыны бар замандастарымның елге адал қызмет еткенін, елімнің мықты дамыған мемлекеттермен иық түйістіре алатындай биікте болуын қалаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2018
587
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов ауданы, Әбжапар ауылы

«Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы»

Қосымша білім беру педагогы: Жас турист эколог

Акурпеков Самат Бауыржанович



Жаңғыру жолындағы жас маманның рөлі

Жастықтың оты, қайдасың, Жүректі түртіп қозғамай? Ғылымның біліп пайдасын, Дүниенің көркін болжамай? Абай Құнанбайұлы

«Екі дәуір түйіскен өлара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды етудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтар,әсіресе жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді», - деп аяқтайды Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын. Қоғамымыздың әрбір мүшесіне, әрбір маманға,әрбір кәсіп иесіне,үлкен-кішіге,әсіресе болашақ елдің тірегі – жастарға салмақты ой тастайды,үміт күтеді. Сондықтан белді бекем буып, жастық жігермен Ұлы Даламыздың дамуы үшін, болашақтың іргетасының мықты болуы үшін, ешкімнен жасқанбайтын іргелі ел болуы үшін қызмет етуіміз керектігі анық. Мемлекет басшысының «Ұлы Дала ұлағаттары» еңбегінде : « Кең байтақ еліміздің қай аймағында қандай жұмыс болса да, қорықпай, сонда барып жұмыс істеу керек. Жастарымыз өздері таңдаған мамандықтың шынайы шебері болуға тиіс. Егер өз саласының шебері болуға талпыныс жасаса, жұмыс та,қызмет те табылады» - деп толғануы жастарды үлкен ұмтылысқа жетелейді. Шындығында, әрбір азамат өз саласында жауапкершілікпен, жаңашылдықпен талмай еңбек ететін болса, еліміздің кемел болашағына ешбір қиындық кедергі болмасы кәміл. Мәңгілік Ел боламыз деп, алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына енеміз деп, ауқымды жоспарлар жасап, биік шыңдарға ұмтылудамыз. Біздің өрлеуіміздің , рухани жаңғыруымыздың табыстылығы рухы биік, санасы жаңашыл, ұлтжанды, отансүйгіш ұрпақтың қолында.»Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бойынша өткен Елбасының кездесуін теледидардан тамашалай отырып, өз кәсіптерін шыр айналдырып , үлкен табыс биігінен көрінген жастарды көріп, осы ойымның шындығына көзім жетіп, көңілім марқайды. Марқайып қана қоймай, талпыныс, құлшыныс пайда болды. Біздің де, яғни жастардың да, қолынан келеді екен ғой деген сүйсініс пайда болды. Ұлт Көшбасшысының биылғы Жолдауындағы мұғалімнің беделін арттыру керек деген пікірі көңілді тіпті көтеріп тастады. Білім беру саласында еңбек жолымды жаңадан бастасам да, өзім илейтін терінің пұшпағы болғандықтан, кәдімгідей толғанып, біраз ойлар туындады. Астанадан жоғарғы оқу орнын бітіріп, экология мамандығын игеріп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Туризим және Өлкетану мектебіне орналастым. Әрине, ұстаз болам деп мақсат қойған емеспін. Бірақ өмір өзі бәрін орнына қойып, бәрін үйретеді екен. Бірнеше айдың ішінде оқушылармен жұмыс істеу барысында біраз нәрсеге көзім жетті.

«Білім беру жүйесінің барлық деңгейі заман шындығы мен экономика сұраныстарына жауап беруі тиіс», - дейді Елбасымыз Жолдауында. Біздің оқытып, тәрбиелеген баламыз осы талапқа лайық болуы керек. Оның бәрі, айналып келгенде, мұғалімнің біліктілігіне байланысты. Мұғалімнің беделі біліктілігімен, мәдениеттілігімен көтерілмек. Осы орайда тағы да Елбасымыз атап көрсеткен мінез-құлық прагматизмі көмекке келеді. « Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға,кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып,осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы», - деп анықтама береді. Бұл - жастар үшін нағыз тура жолды көрсетер бағдаршам. Жас маман ретінде өзімнің алдыма бірнеше міндеттер қойдым. Өз салам бойынша көп ізденіп,көп оқып, оқытудың инновациялық әдіс тәсілдерін меңгеру – бірінші қадамым. Екінші қадам – оқушы тәрбиесіне көңіл бөлу, ішкі дүниесіне тану арқылы жүрегіне жол табу. «Өбектейміз деп ұрпақтарымыздың өркөкіректеніп бара жатқанын» Елбасымыз да айтқан. Балалармен ашық сөйлесіп, жауапкершілік жүктеп, сенім арту арқылы тәрбиелеу дұрыс деген ойдамын. Үшінші қадамым – заман талабына сай маман болу,ағылшын тілін меңгеру. Шет тілін меңгеру көптеген мүмкіндіктерге жол ашпақ. Біріншіден, жаһандық жаңалықтардан хабардар боласың. Екіншіден, Жаңа технолгияның екпінімен келетін түбегейлі өзгерістерге дайын боласың. Үшіншіден, өзгелердің озық тәжірибесімен алмасып, жеке басың мен халықтың қажеттілігіне қолдануға мол мүмкіндік аласың. Төртінші қадам – табысқа жету,яғни оған жетудің жолы – бәсекеге қабілеттілік, өзімнің сапалы еңбегімді, жетістігімді ұсыну. Өз саламда әріптестеріммен табан тіресе алатындай дәрежеге жету үшін, әрине, алдыңғы үш қадам нәтижелі болу керек сияқты. «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт.Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»,-деген Елбасы сөзі әрқашан жадымызда ұстар бағыттаушы күш болуы керек.

«Ұлтын шын сүйіп, аянбай қызмет қылған азаматы көп жұрт – күшті, өнерлі, білімді жұрт болып, күресті тең түсініп, басқаларға өзін елітіп отыр. Ұлты үшін қызмет қылмай, бас қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып отыр»,- деген екен Алаштың азаттығы үшін басын қатерге тіккен асыл азамат Жүсіпбек Аймауытов. Ұлтымыз үшін еңбек етіп, ел қамын ойлайтын азаматпыз.. Елбасымыз жастарға үлкен үміт артып, биік мақсаттар қойып отыр. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында да жастарымызды елін сүйетін, жерін сүйетін азамат болып шығуына ерекше көңіл бөліп, түрлі бағдарламаларды жүзеге асыруды ұсынады. Елін шын сүйетін адам ғана ел үшін қызмет ете алатынын айтады. Дені сау, санасы сергек, шыныққан, білімді, өнерлі азамат қана Отанына қызмет ете алады. Мен замандастарымның бойынан осындай асыл қасиеттерді көргім келеді. Өзімнің әріптестерімді, достарымды, бойында жастық жалыны бар замандастарымның елге адал қызмет еткенін, елімнің мықты дамыған мемлекеттермен иық түйістіре алатындай биікте болуын қалаймын. Алаштың ардақты ақыны Мағжан Жұмабаев: Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін! – деген. Жастық – үлкен күш. Тау қопарып, қамал бұзар жастықтың ерекшелігі де осында. Мен өз замандастарыма сенемін!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!