Жанғыш пайдалы қазбалар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жанғыш пайдалы қазбалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

4- сынып

Устемирова Назира Түзелқызы

Сабақтың тақырыбы

Жанғыш пайдалы қазбалар

Мақсаты

Оқушылардың пайдалы қазбалар туралы білімдерін толықтыру арқылы, жанғыш пайдалы қазбалардың адам өміріне қажеттілігінің мағынасын ашуға жағдай жасай отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге ,ой- өрістерін, зерттеу мен сөйлеу мәдениетін дамытуға әсер ету.Туған жерге деген сүйіспеншілікке баулу және қажеттілікті үнемдеуге тәрбиелеу.

Міндеті:

  • Ой қабілеттерін шыңдау

  • Топтық жұмысқа жұмылдыру

  • Өзін –өзі бағалауға ,өзара бағалауға ынталандыру

Күтілетін нәтиже:




*топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағыттап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады;

*тапсырмаларды талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу, өзгені тыңдау, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;

*әр оқушы өз-өзіне баға береді, өзіндік пайымын жасайды, тәрбиелік, тағылымдық мәнін ұғынады.


Түйінді ой:




Ғылым , білімге ұмтылу

Туған жерге сүйіспеншілік



Сабақтың түрі:



Жаңа сабақты меңгерту

Әдістер

топтық жұмыс, топтық әңгіме, жеке жұмыс, «Постер қорғау» әдісі, «Қызығушылығын ояту» әдісі, «Ой толғау» әдісі, «Кері байланыс» әдісі, «Мағнасын ажырату»

Ресуртар

Оқулық, стикер, слайд, маркер, плакат, АКТ,

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Уақы-ты

минут

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі


2

Психологиялық дайындық

а)«Шаттық шеңбер» бір- біріне жылы лебіздерін білдіру

ұұұұұұұұұұұ

ә)Сыныпты топқа бөлу:

Сандары бар стикерлерді таңдау арқылы топқа бөлінеді: 1, 2, 3 сандары арқылы үш топқа бөлінеді1топ: «Ғалымдар»

2топ : «Экологтар»

3 топ: «Кәсіпкерлер»

Әр топтық мақсатымен таныстырылады. Мысалы: «Ғалымдар» тобы берілген тапсырманы зерттейді, «Экологтар» берілген тапсырманы табиғатқа пайдасы мен зиянын айтады, «Кәсіпкерлер» өнімнің пайдалануы мен үнемдеу жолдарын айтады.

Топ басшыларын анықтау.

Бағалау парағын топ басшыларға тарату, толтыру.


-мұғаліммен сәлемдеседі;


- өлең шумағын бәрі айтады

Балалар айтқан санына қарай топқа бөлінеді







Қызығушылықты ояту




Топтық жұмыс

5

Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

Түсті металл кендері туралы толық мәліметтер жинақтау.

1топ «Ғалымдар»: Түсті металл кендері туралы не білеміз? ( Картамен байланыстырып айтады )

2топ «Экологтар»: Түсті металл кендерінің пайдасы мен зияны туралы баяндайды.

3 топ «Кәсіпкерлер»: Түсті металл кендерін пайдалану және үнемдеу жолдарын атайды.

Түсті металл кендері туралы не білетінін ортаға салады


Постер қорғайды


Жеке жұмыс

1

Түсті металл кендері

Түсі

Сипаты

Қолданылуы







Әр оқушы жеке-жеке орындайды

Топтастыру

2

Пайдалы қазбалар дегеніміз не? Оның түрлерін ата!











Рисунок 1

Пайдалы қазбалар















П айдалы қазбалардың түрлері


Кенді пайдалы

қазбалар Кенге жатпайтын

пайдалы қазбалар

Жанғыш

пайдалы

қазбалар



Мағынаны ажырату



15




















Сонымен балалар бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы пайдалы қазбалардың бір түрі «Жанғыш пайдалы қазбалар» Менің үстелімнің үстінде пайдалы қазбалардың бірнеше түрі бар. Соның ішінен жанғыш пайдалы қазбаларды теріп алып, мына қорапқа саламыз.

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді 3 топқа бөліп оқыту

Бөлімдерге тақырып қою,түсіндіру , мақал-мәтелдермен ой түйіндеу .

1.Мәтінді тізбек бойымен оқып шығу

2.Өздері мәтінді тағы бір рет түсініп оқып, түсіндіру

3. Картамен жұмыс

Постермен жұмыс

1топ «Ғалымдар»: Жанғыш пайдалы қазбалар туралы не білеміз? ( Картамен байланыстырып айтады )

2топ «Экологтар»: Жанғыш пайдалы қазбалардың пайдасы мен зияны туралы баяндайды.

3 топ «Кәсіпкерлер»: Жанғыш пайдалы қазбаларын пайдалану және үнемдеу жолдарын атайды.


Бейнетаспадан көсетілген,көріністерді тамашалайды,ойланады, ой түйіндерін жинақтайды.

Оқушылар жанғыш пайдалы қазбаларды іріктеп, қорапқа салады.



1топ «Тас көмір»

2 топ «Мұнай»

3 топ «Газ»




Оқушылар өз топтарында жұмыс жасайды, талдайды, қорғайды

Ой толғаныс

10

1топ «Ғалымдар»: Біздің ауылдың Жанғыш пайдалы қазбалар туралы не білеміз? ( Картамен байланыстырып айтады )

2топ «Экологтар»: Біздің ауыл тұрғындары жанғыш пайдалы қазбаның қандай түрін қолданады? Неге?

3 топ «Кәсіпкерлер»: Біздің ауылдан қандай жанғыш пайдалы қазбаны көруге болады? Оны тұтынушыларға ұсынуға болады ма? Қалай?

1.Сұрақтарға жауап береді,өз ойларын ортаға салады,сыни тұрғыдан ойлауға,ой-пікірлерін еркін айтуға дағдыланады.


2.Топтық жұмыс жасайды.

Оқушылар жеке жұмыс жасайды, топтан бір оқушы хатын оқиды.

Қорытынды









10

Сұрақ-жауап.

1топ: Қазақстанда ең алғаш «отқа жанатын қара тасты» кім тапты? Мұнай-газ кен орны деп нені айтады?

2топ: Тас көмір қалай пайда болды? Мұнай мен газ күнделікті тұрмыста қайда пайдаланылатыны туралы айтып бер.

3топ. Тас көмірді, мұнай мен газды өңдеу арқылы одан қандай заттар алынады?


Оқушылар топ болып тапсырмаларын орындайды.






Бағалау


а)Топ басшысы бағалау критерийлері бойынша топтағы оқушының жинаған ұпайын айтады, оқушылар бір -бірін бағалайды

ә)Берілген смайлингтерді есептеп, әр топтың бағасын мұғалім береді

Бағалау критерийлері бойынша оқушылар бір-бірін бағалайды

Үй тапсырмасы





3

1. «Жанғыш пайдалы қазбалар» мәтінді оқу, картамен жұмыс.

2. Жергілікті жердің жанғыш пайдалы қазбаларды қолдану тәсілдері туралы ізденіп келу.

Күнделіктеріне үй тапсырмаларын жазу





Кері байланыс

2

  • Өте жақсы

  • Жақсы

  • Орташа

Өткен сабаққа көңіл күйлерін баспармақпен көрсетеді



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
458
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі