Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

«Жансыз табиғат»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлі табиғат объектілері-су,жер,ауа,күннің көзі туралы білімдерін бекіту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«______________________» ортаңғы тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Тәрбиеші:_____________________________

Күні:_______________

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі: Экология негіздері

Тақырыбы: «Жансыз табиғат»

Мақсаты: Өлі табиғат объектілері-су,жер,ауа,күннің көзі туралы білімдерін бекіту.

Көрнекіліктер: жұмыс дәптері, жанды және жансыз табиғатқа байланысты

суреттер.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру сезімін ояту кезеңі

Бүгін біз табиғат аясына саяхат жасаймыз. Біздің айналамызда жасыл орман. Қазір біз гүлдері жайқалып өсіп тұрған алқапқа келдік. Дала гүлдері әдемілігімен көздің жауын алып,иісі мұрныңды жарады. Өзімізге ұнаған бір гүлмен танысамыз. Мына кереметті қара! Мына гүл қимылдап, өздігінен жылжып барады. Алайда бұл жылжыған көбелек екен. Көбелек сендерге бір нәрсе айтқысы келіп,құлақтарының тұсына келді. Міне, енді сендерге сыбырлап жатыр. Мұқият тыңдаңдар (үнтаспадан естіледі). «Маған тиіспе,балақай! Табиғатты қорғай біл. Табиғат-ана сені жақсы көреді. Әрбір шөп, өсімдік, гүл, құмырсқа, өрмекші барлығы да өмір сүргісі келеді. Өтінемін, осыны есіңде мәңгі сақта»













Балалар мұқият тыңдап отырады.

Іздену ұйымдастырушы кезеңі

Балалар,біз бүгін табиғат туралы әңгімелесеміз.Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер,Жер мен Ай,Күн,алыстағы жұлдыздар – осылардың барлығы да табиғат деген ұғымды білдіреді.Табиғат жанды табиғат,жансыз табиғат болып екіге бөлінеді.

Миға шабуыл: қалай ойлайсыңдар жанды табиғатқа нелер жатады?

-Жансыз табиғатқа нелер жатады?

-Дұрыс айтасыңдар,балалар, жанды табиғатқа тіршілік ететіндердің, өсіп-өнетіндердің барлығы жатады екен.

Яғни жанды табиғат өседі,тыныс алады,қоректенеді.Ал жансыз табиғат өспейді,тыныс алмайды,қоректенбейді.Неліктен жансыз табиғатты жанды табиғаттың тірегі деп айтады?

Дұрыс айтасыңдар,кез-келген тіршілік иесі ауасыз,сусыз,тамақсыз,күнсіз өмір сүре алмайды екен.Міне,балалар,біз жанды және жансыз табиғат туралы білдік.

«Жалғасын тап» ойыны.

Жансыз табиғат - ... (ай,жұлдыз,тас,су,ауа,тау,т.б).

Жанды табиғат - ... (гүл,шөп,ағаш,аю,қоян,тасбақа,балық).

Жанды табиғат жансыз табиғатсыз ...

(тіршілк ете алмайды).

-Балалар суреттен не көріп тұрсыңдар?

-Сендерге таулы,орманды жер ұнай ма?

-Қалай ойлайсыңдар,қалалы жердің ауасы таза ма,орманның ауасы таза ма?

-Неліктен?

-Дұрыс айтасыңдар,орманда ауа таза болады.Сондықтан да жануарларға ол жер ұнайды.

-Ал қалада ауаның ормандағыдай болуы үшін не істеуге болады?

-Міне,балалар,ағаштар мен гүлдердің өсу жолдары (педагог суреттен көрсетеді).

Психогимнастика,(баяу музыка ойнайды).Балалар,біз қазір гүлдің тұқымы боламыз.Көздеріңді жұмыңдар.Сендерге қараңғы болып тұр.Себебі:сендерді енді ғана топыраққа отырғызды.Кенеттен сендер жылуды сезіндіңдер.Сендер жылуға қарай бой алып өсе бастадыңдар.Сөйтіп,жердің бетіне шықтыңдар.Күн сендерге өзінің шуағын төгіп тұр.Сендер одан сайын өсе бастадыңдар.Енді жаңбыр жауа бастады.Сендер жаңбырдың суын ішіп,одан да биіктеп өсе бастадыңдар.Сендердің сабақтарың мен жапырақтарың қатайып,кішкентай түйнек пайда болды.Ол түйнек үлкейіп,әдемі гүл шықты.Міне,балалар,сендер мынандай әдемі гүлдер болып өстіңдер(суретін көрсетеді)

-Балалар,сендерге гүл болған ұнадыма?

-Демек,кез-келген өсімдіктің өсуі үшін уақыт керек екен.Ал оны жұлып немесе сындырып тастау үшін көп уақыт кетпейді.Бұл ағаштарды сындыруға болмайды,себебі:олар да өсіп-өнгенді жақсы көреді және олардың тіршілік иесі үшін пайдасы көп дегенді білдіреді.

Дәптермен жұмыс.Тәрбиеші дәптердегі тапсырмаларды түсіндіреді.





Өсімдіктер, жануарлар, ағаштар, гүлдер жатады.





Өйткені өсімдіктер мен жануарларға, адамдарға, су, ауа, керек. Олар онсыз өмір сүре алмайды. Сол себепті.

-Тас, ауа, су, жатады.

-Ай, жұлдыз, тас, су, ауа,тау.

-Гүл, шөп, ағаштар, аю, қоян, тасбақа, балық, адам.



Балалар сұрақтарға жауап береді.



Балалар тәрбиешінің түсіндеруімен және көрсетуімен баяу музыка әуеніне қарай гүлдің өсу жолдарын қимылмен көрсетеді.



-Ұнады.



Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.

Қортындылау кезеңі

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Балалар көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Жанды және жансыз табиғатқа нелер жататындығын,жансыз табиғаттың

өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.

Нені игереді: Жанды табиғат пен жансыз табиғаттың айырмашылығын,жансыз табиғатсыз жанды

табиғаттың өспейтіндігін, олардың өзара байланысын.

Нені білді: ағаштар мен гүлдерді жұлмауды, табиғатқа қамқорлықпен қарауды,күтіп-баптауды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
624
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12