Жанұя жылуы.
Б.Қ. Казбекова
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінің кітапхана
меңгерушісі.
Мақсаты: Баланың тал
бесігі отбасы екендігін ұғындырып,отбасы құндылықтарын
құрметтеп,дәріптеуге,өзінің айналасындағыларға құрметпен
,сыйластықпен қарау қасиеттерін жетілдіру,заман талабына сай
отансүйгіш азамат тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер
жазылған плакаттар,ұлағатты сөздер,слайд.
Әдісі: Ойқозғау,пікірталас,сайыс,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Таныстыру.
2.Ой жинақтау.Қатысушылар 2 топ көрініс
дайындау.
3.Тақырып: «Ата-ана мен бала арасындағы психологиялық
үйлесімділік»
4. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы.
5.Тест: «Бала тәрбиесі»
6. «Ата-аналардың дана кеңестері»тапсырма
7.Қорытынды.
«Ана сая болар бағың болса,әке асқар тауың»дейді
қазақта.
«Жақсыдан жаман туады,бір аяқ асқа алғысыз,
Жаманнан жақсы туады ,адам айтса нанғысыз»,дейді дана
халқымыз,бүгінгі тәрбие сағатымызда отбасы туралы ой қозғалады.
Өздерің көріп отырғандай «Бір бала бар – атаға жете туады,бір бала
бар- атадан өте туады,бір бала бар-кері кете туады»деген тұжырымға
баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің және шешенің,яғни
отбасының әсері көп.
Әдептілік ар- ұят,адалдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез тағы жат,надандықтың белгісі,-деп үнемі
баламызды жақсы әдеттерге баулып отырамыз.Жаман мен жақсыны біліп
өссін деп,ақыл кеңестер айтып отырамыз.
Кітапханашы: Қай ата-ана
болмасын,баласына тек жақсыны біліп өсуге тәрбиелейді.
№1 қоржыннан сұрақа жауап беру.
Кітапханашы: «Әке көрген
оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген ұлы сөз бар. Халық даналығы
еш уақытта қалт айтпаса керек. Сондай үлгі өнегені бойына
дарытып,әжесі мен анасынан қазақтың ұлттық өнеріне деген
қызығушылық танытып жүрген анасымен баласы қолөнер шеберілігін
көрсетеді.
Кітапханашы: Әр шаңырақта
әкенің орны ерекше.Әке отбасының асыраушысы,отбасы мүшелерінің
тірегі,қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы,өзгелермен қарым –
қатынасы,өнері мен білімі баланың көз алдында үлгі – өнеге
алатын,оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының береке, ынтымағы
үшін,отағасының әділ,ұстамды болуы орасан маңызға ие,тәрбиелік ролі
де зор. Көріністі тамашалай отырып,өз ойларыңызды
білдірсеңіздер.
Көрініс: Әкесі жұмыстан
келе сала жұмыс дегенің құрып кетсін, жатып алып демалғанға не
жетсін, шыбын жаннаң рахатын іздеу керек,Жұмысты ақымақтар – ақ
істесін деп өзіне – өзі ызаланады. Осыны естіген 5 – сыныпта оқитын
баласы да «Сабақ күннен күнге қиындап барады.Басты ауыртып
қайтемін,бәрібір түсінбеймін» деген сөзді жиі айтып,оқуға салқын
қарай бастайды.
Осы көріністі тамашалай отырып,әкеден қандай тәрбие күтуге
болады?Бұл отбасындағы тәрбие қандай болмақ?
Кітапханашы: Айтқаны заң,
өзі үйдің тірегі,алтын қазығы болған ер азамат нарқы неге
арзандады? Әке – ер азамат беделінің қаншалықты екенін байқау үшін
мынандай тапсырма -- көріністі тамашалап,ойымызды ортаға
салайық.
Көрініс:
Сырқаттанып жатқан қарияға жалғыз ұлы келіп: Әке мен сізді
айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,-депті.Сөйтіп ,
әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті. Қас
қарайған кезде алдарынан қарауытқан сұлбаны көрсетіп ,
әкесі:
-Балам, анау не?-деп сұрапты.
-Ол түйе,-деп жауап берді ұлы.
Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағыда
сұрапты.Бала әуелгі жауабын қайталапты.Әкесі осы сауалын үшінші рет
қайталап сұрағанда баласы:
-Ол түйе.Өзім шаршап келе жатқанда неге сұрай бересің,-деп
ренжіпті.
Сонда әкесі:
-Балам,кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп
отырсам да, сенің «анау не, мынау не» деп, күніне жүз рет сұрайтын
сұрағыңа беті қайтпасын , жігері жасымасын деп,үнемі жауап
беретінмін.Бұл ауырудан емделейін деген ойым жоқ еді,тек бетіңді
қайтармайын деп, көнгенмін.Енді сенен сөз естігенше, үйіме барып
ажалға мойынсынғаным артық, мені жерге түсір,-депті.
Балалар ,сендер әкелерәңе не деп жауап берер
едіңдер?
Кітапханашы: Әрине,отбасының ұйтқысы,берекесі,мейір шапағат көзі – әке.
Әкенің бұл ролі бала – шағаның әкеге,анаға деген сүйіспеншілігі мен
қамқорлығы мен ана жанын қас қабағынан,жанарынан танығыштықпен
нығая, биіктей береді.
Би:
«Жанұя ойыны» сергіту
жаттығуы
1.Балаңыздың туған күні қашан?
2.Сынып жетекшісінің толық аты-жөні кім?
3.Балаңыздың парталас көршісінің аты кім?
4.Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
5.Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6.Балаңыз кеше қандай баға алды?
7.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8.Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
9.Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
10.Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
11.Балаңызға ашуланғанда ең алдымен аузыңызға қандай сөз
түседі?
12.Балаңыздың ең жақын досы кім?
Кітапханашы:№2:
Кәне,балалар,отбасының қорғаушысы,сақтаушысы,асыраушысы әкенің
беделі мен түн ұйқысын төрт бөліп аялап әлпештеп өсірген аналарың
туралы бүгін үлкен ой түйдіңдер деген ойдамыз.Осы үлкен тәрбие
бастауы отбасы туралы ақын жазушыларымыз жырламай
қалмаған.
Мұзафар Әлімбаев «Ата – ананың арманы»
Қипақтайтын қит етсе анаң – әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем?
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен?
Ойым емес оллахи біздікінің,
Енжарлығы елде жоқ ала бөтен,
Туа сала тұлпардың жалын тартқан,
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап,маңына жылу сыйлап,
Бұлда бір күн алаулап жана ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе-ау,
Болмаса да топ жарған дана бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
Үміт пенен күдіктің ортасында,
Ата – ананың жүрегі талады екен.
Кітапханашы: Міне,осындай
жыр жолдарын арнап,қалам ұстаған ағаларымыздың ұрпағына қандай
тәрбие бергені жайлы тоқтала кетсек.
«Ата – ана мен бала арасындағы психологиялық
үйсімділік»
Мақал – мәтелдер сайысы
Мақал – мәтелдер жарысы, аяқталмаған мақал – мәтелдерді
дұрыс жалғап аяқтау. Тапсырма орындалғаннан кейін балалар ата –
анасының жауапкершілігін өз мойнына алар ма екен сұраймын. Егер
жанұядағы әр адам өз жұмысымен шұғылданса,үйде жылылық та, жайлылық
та болады. Үйде бар шара бір кісінің мойнында болса,түсініспеушілік
пен реніш орын алады.
Кітапханашы: «Әкеге қарап
ұл өседі,шешеге қарап қыз өседі»дейміз, «Ата – ана ақылы – қазулы
қара жолмен тең» деген де ұлы сөз бар. «Атасынан ақыл алса,тентек
ұл да жөнделер» дегендей.
Кітапханашы: Абай қара
сөздерінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады,
біреуі – ішсем,жесем,ұйықтасам деп тұрады.Бұлар тәннің құмары.Біреу
білсем,көзі көрген,құлағы естігеннің бәрін сұрап тыныштық
көрмейді,бұл – жан құмары,білсем екен,көрсем,үйренсем екен
деген»Бұл қара сөзде қаралған бала тәрбиесінің бастауы – отбасы,
бала болашағының негізін салушы – ата – анасы.Олай болса, «Ұяда не
көрсең,ұшқанда соны ілерсің»деген.
Қорытынды:
Ата – анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой – өлкесі, -деп Абай атамыз ата – ананың
қуанышы,гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю,оны тәрбиелеу
екендігін айтқысы келген. Бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп,
еліміздің инабатты,адамгершілігі мол,білімді,саналы ұрпағын
тәрбиелейік.Егер ата – ана мен мектеп өзара тығыз байланыста
болса,балаларға бірдей талап қойып отырса,тәуелсіз еліміздің ұл –
қыздары жан – жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
Ата - аналар, қолымыздағы ұрпақтарымызды жақсылап
тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді
ұмытпайық!
Қарағанды облысы,
Балқаш қаласы.