«Жануарлар
әлемі»
спорттық сауықтыру шарасы
Мақсаты:
Салауатты өмір салтын сақтау. Ұжымдық
қарым-қатынас дағдыларын дамыту және
балабақшадағы сыйластық, мерекелік
көңіл күй сыйлау.
Қажетті
құралдар:массажная дорожка, жіп, тоннель,
секіртпе,тенис шарлары, ас қасық,себет,
доп,
Жүргізуші:
Қадірменді
балалар,тәрбиешілер!
Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауында айтылғандай,“Салауатты
өмір салтын” ұстау қазіргі таңда өзекті
мәселелердің бірі болып отыр.
Бүгінгі
қоғам мүддесіне лайықты, жан -жақты
жетілген, парасатты, мәдениетті,дені
сау азамат өсіру отбасының,балабақшаның
жалпы халықтың қасиетті борышы екені
баршамызға аян.
Балабақшамыздың
да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты
халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы,
дені сау, сымбатты, шыныққан адамгершілігі
мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу.
Соның
бір шарасы “Жануарлар
әлемі
” атты балаларымызға
арналған сауықтыру сайысына кош
келдініздер.
Бүгінгі
сайысқа ”Құлыншақ”, «Түймедақ»,
«Жұлдыздар»
топтары қатысқалы отыр.
Қатысушы
сайыскерлерімізді қол шапалақтап ортаға
шақырайық.
Жүргізуші:
Бала
өсірген ата-ана,
Бала
болып ойнайды,
Бала
тәрбиелеген тәрбиеші,
Бала
болып ойлайды - деп сайысымызды бастауға
рұқсат етіңіздер.
Ал,
құрметті халайық!
Жарысты
енді көріңдер.
Әділ
қазы алқасы
Әділ
баға беріңдер!
Жарысты
бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын
беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра
кетейік.
Әділ
қазылармен таныс болайық:
Балабақша
әдіскері
К.
Ибрагимқызы
Балабақша
медбикесі: А.
Абатқызы
Таныстыру.
Жүргізуші:
Балалар, біреу есік қағатындай естілеме?
Қане көрейік кім екен бұл? (Есік ашылып,
ішке жануарлар Қоян, түлкі, кірпі кіреді)
Қоян,
кірпі мен түлкі: -Сәлеметсіңдерме
балалар, орманнан шығып, ел қызықтап
аралап көргіміз келген, жолда жаңбырға
қалып, жаурап, адасып қалдық. Келе жатып
сендердің дауыстарыңды естіп, жылынуға
келдік. Сендер бізді кіргізіп,
жылытасыңдарма?
Балалар:
әрине, жылытамыз!
Жүргізуші:
Қоян, кірпі, түлкі біздің балалар ортаға
күштері мен ептіліктерін салып жарыспақшы,
сол жарыстың куәгері болыңдар, үшеуң
үш топтың топ басшылары болуға қалай
қарайсыңдар?
Қ,К,Т:
Әрине келісеміз, балалармен ойынды кім
ұнатпайды?!
Жүрг:
Олай болса сайысымызды бастаймыз!!!
Қалма
жұрттың соңында,
Қажет
болса мың атта.
Аздық
етер оныңда,
Жету
үшін мұратқа.
2.
«Тез адымда » сайысы
Шарты:
массаж төсемесі үстінен шықпай жүгіріп
өтіп, қайтарда аяқ ортасына доп қысып
түсірмей жүріп келіп, орнымызға
тұрамыз.
3
.«Жеміс жинау» ойыны
Шарты:
Шеңбер ішінен жеміс жинау (тенис шары).
Әр ойыншы әрбір баруында бір жемістен
жинайды. Берілген уақыт ішінде жиналған
жемістін санымен есептелінеді. Бір
жеміс 1 — ұпай.
4.
«Секіртпемен секіру» сайысы
Шарты:
Әр команда құрамы кезектесіп секіртпемен
секіреді.Тоқтап қалған адам ойыннан
шығып отырады.
5.
“Кім жылдам” сайысы .
Шарты:
А)
Үңгір астынан өту
Ә)
Жіп бойымен жүру.
Б)
Қап киіп, қос аяқпен секіру.
6.
«Кім епті» сайысы
Шарты:Белгі
бойынша бірінші тұрған ойыншы қолындағы
қасығына шарикті салып, мәрені айналып
келіп, өзінен кейінгі ойыншыға береді.Ойын
осылайша бір топ жеңіске жеткенше
жалғасады.
7.
«Мерген»
Шарты:Айып
сызығынан аспай допты қос қолмен себетке
дәлдеп лақтырып түсіру.
ІІІ.
Қорытынды бөлім.
Жүргізуші:
«Спорт-игілікті
іс. Спортта мінез-құлық қалыптасады.
Спортпен айналысқан адам ар-ұятқа тиетін
іс жасамайды. Жастайынан спортпен
айналысқан адам бүкіл ғұмыр бойы табысқа
жетуге талпынады. Мен мұны өз тәжірбиемнен
білемін»-деген екен елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев.
Салауат
бағы баулиды бізді жақсылыққа,
Жетелейді
елдің сәні ынтымаққа.
Денсаулықтың
түсіндіріп әліппесін,
Жол
салады айдын шалқар болашаққа.
Ендеше,
осы денсаулықтың әліппесін әрқашан
жадында ұстанатын белсенді де білгір,
денсаулығы мықты, спорт десе, ішкен асын
жерге қойып, алтын уақытын спортқа
арнайтын, спортты сүйетін сайыскерлеріміздің
жетістіктерін марапаттау рәсіміне
көшелік.(Қазылар алқасы марапаттап,
сыйлықтар ұсынды)
Жүргізуші:
Салауатты
өмір салтын сақтап, болашағымызды
сәулелендірейік!
Бүгін
сауықтыру шарамызға өз үлестерін
қосқан жануарларымызға да үлкен
рахметімізді айтамыз, осымен тәмамдалды.
Белсенділік танытып
қатысқандарыңыз,тамашалағандарыңыз
үшін көптен-көп рахмет.
Спорттық
мереке
«Жануарлар
әлемі»
Өткізген:
Дене шынықтыру нұсқаушысы
Аруова.А.С
Атырау
2018ж