жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жануарлар әлемі. 5 - сынып
Қысқа мерзімді жоспар
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 4 - Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі |
«Н.Островский атындағы № 4 Күршім орта мектебі» КММ |
||||||||||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Жиенжанова Г.З. |
||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 5 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Жануарлар әлемі. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы |
||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.Т/А1Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау. 5.Ж2 Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу. |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар орындай алады:Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты анықтайды.Тақырып бойынша хат, хабарландыру, жарнама жазады.Сабақ соңына дейін «Бозторғай» турлы толық мәлімет алады. |
||||||||||||||||||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хат, хабарландыру, жарнама жазады. |
|||||||||||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады:Жазба жұмысында жанрлық ерекшелікті ескеріп, құрылымын және рәсімделуін сақтай отырып, ұсынылған сұрақ, тапсырма бойынша өзіндік пікірін дәлелдейді. |
|||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
1.Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды. 2.Жанрлық ерекшеліктеріне сай хат жазады. 3.Сөздің тура және ауыспалы мағынасын қолданып, хабарландыру жазады. |
||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады:Тірек сөздер мен иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды. Жанрлық ерекшеліктеріне сай хат, хабарландыру, жарнама жазады. Ұсынылған сұрақ, тапсырма бойынша өзіндік пікірін дәлелдейді. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Бозторғай, торғай, жыл құсы, сайрағыш құс, құлақты бозторғай, жылы жақта қыстайды, тундра. Талқылауға арналған сұрақтар: Бозторғайдың қанша түрі бар? Қазақстанда неше түрі бар?Қай жерлерде кездеспейді? Не себепті ... деп ойлайсыз? Бозторғай не себепті сайрағыш құстар тобына жатады? Ишара: |
||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» 5-қадам«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын ескере отырып, табиғаты қорғауға, аң-құстарды сақтауға баулу. |
||||||||||||||||||||||
|
Пән аралық байланыс |
Жаратылыстану, әдебиет,музыка |
||||||||||||||||||||||
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Ұсынылған иллюстрациялар арқылы болжау жасайды. |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар: |
|||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы (10 минут) 4 минут 6 минут |
Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері «Ыстық лебіз» (Шеңберге жиналып, бір-біріне жылы лебіз, тілек айту) Топқа бөлу:«Мозайка» әдісі арқылы төрт топқа бөлу
4- топ.«Торғайлар» Қызығушылықты
оятуда «Ой қозғау»
әдісі арқылы сабақ тақырыбы
ашылады. Т.Болжау 1-тапсырма: Берілген тірек сөздер мен иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау, өз ойын айту. (Құстар, торғай тәрізділер, ұясын жерге салу, Антарктида кездеспеу, жыл құсы)
Дескриптор: - Суреттерге қарап тақырыпты болжайды;. - Тақырып туралы өз ойын білдіреді; ҚБ: «Бас бармақ» |
№1 ресурс
Құстар суреттері, АКТ, аудио жазба
|
|||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 23 минут 6 минут 6 минут 13 минут |
Ж. 2-тапсырма: Мәтінді тыңдаңыз, негізігі ақпаратты анықтап, «Екі шындық, бір жалған» әдісі арқылы «Жалған» , «Шын» екенін көрсетіңіз. (Мәтін аудио форматта ұсынылады. Оқушылар мәтінді тыңдай отырып,тапсырмаларды орындайды.) Мәтіннің жалпы мазмұнын түсіну, мәтін бойынша негізгі ақпараттарды анықтау, ақпараттың «Шын», «Жалған» екенін анықтауға бағытталады. Бозторғайлар-торғайлар отрядына жататын сайрағыш құстар тұқымдасы.Жер шарында кең тараған,тек Антарктида кездеспейді. 15 туысы, 75 түріанықталған (1 түрі Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызылкітабына» енгізілген). Қазақстанда 6 туысқа жататын 13 түрі бар.Бозторғайлар шөл, шөлейт және қиыршық тасты жазық далада, тау жайылымында, елді мекен маңында, кейде орман алаңында кездеседі. Дене тұрқы 12 – 23 см. Қанаттарыұзын, аяқтары қысқа. Артқы бармағында ұзынтырнағы бар. Әдетте, түсі бозғылт, көбінесе мекендеген жерінің түсіне қарай өзгеріп отырады. Бұл қасиеті құсты жерде жүргенде жасырып, бірден көзге байқатпайды.Ұя салмаған кезде, топтасып ұшады. Қазақстанның Бозторғайлар жердегі шұқырларға ұялап, оған 2 тарғыл жұмыртқа салады, кейбір түрлері жылына 2 рет жұмыртқалайды. Балапандарының денесін, әсіресе,жонын қалың мамық жапқан. Бозторғайлар жыл құсы. Олар қыстау үшін күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға ұшып кетеді, қысы жұмсақ жылдары Қазақстанның оңтүстік аудандарында қыстап қалады. Бозторғайлар өсімдік дәні мен және жәндіктермен қоректенеді. Арамшөптердің де дәнін жеп, ауылшаруашылығына пайда келтіреді
Дескриптор: - Мәтінді тыңдайды; - Кестені толтырады; -Ақпаратттың «шын, жалған» екенін көрсетеді. ҚБ: «Құрастыр, сосын жауап бер» ТЖ.«Бұрыш» әдісі арқылы Тыңдалған мәтіннің негізінде проблемалық сұрақ қойылады.
3-тапсырма:(Қазіргі кезде Қазақстанда бозторғайдың қанша түрі бар?)сынып қабырғасына «Келісемін», «Келіспеймін», «Екі ойлымын» деген сөздер ілінеді. Оқушылар көтерілген мәселе бойынша өз көзқарасын білдіретін сөздердің бірін таңдайды. Артынша топпен ақылдаса отырып, әр топтан бір өкіл шығады және өз көзқарасын дәлелдейді. Дескриптор: - Берілген сұрақтарға жауап береді, - Өз көзқарасын дәлелдейді. ҚБ:«Смайлик» |
№2 ресурс Ғаламтордан арнайы сілтемемен алу. Кеспе қағаздар Дұрыс жауабы интербелсенді тақтадан көрсетіледі.
|
|||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы (7 минут) 4 минут
3 минут |
ЖЖ 5-тапсырма:«Құс тұмсығы» әдісі бойынша жұптар бір-бірлеріне сұрақтар дайындап, жауап алады.
Дескриптор: - Тақырыпқа сай сұрақтар дайындайды. - Сұраққа жауап беріп, өз ойын айтады. ҚБ: «Ашық және жабық» Кері байланыс: «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі Тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады. «Кім?Не?Қашан?Неліктен?Қалай?Қай жерде?» Рефлексия «Табыс баспалдағы» (бозтарғайды табыс баспалдағына орналастырады) |
|
|||||||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз












Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген