Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖАНУАРЛАР МЕН ГҮЛДІ ӨСІМДІКТЕРДЕГІ ҰРЫҚТАНУ.ҰРЫҚТАНУДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ.

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: жыл

Сыныбы: 9 « »

Тақырыбы: ЖАНУАРЛАР МЕН ГҮЛДІ ӨСІМДІКТЕРДЕГІ ҰРЫҚТАНУ.ҰРЫҚТАНУДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар жануарлар мен гүлді өсімдіктердегі ұрықтану туралы оқушыларға түсініп, оларды ажырата білулері қажет. Ұрықтанудың биологиялық маңызын білулері керек.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар жануарлар мен гүлді өсімдіктердегі ұрықтану туралы оқушыларға түсініп, оларды ажырата біледі. Ұрықтанудың биологиялық маңызын біледі. Алған білімдерін өмірде қолдана алады.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, кезекшіні анықтау

Үй тапсырмасын тексеру.

Мейоз. Сперматогенез және овогенез.

1.Мейоз жолымен бөліну нәтижесінде хромосомалар саны ...... (екі есе азаяды)

2. Мейоз бір-біріне жалғасатын екі бөлінуден тұрады. Олар ............... деп аталады.(редукциялық, эквационды)

3.Әрқайсысында митоздық бөлінуде сияқты төрт фаза: ..........., ..................., ..............., ........................ болады. (профаза, метафаза, анафаза, телофаза)

4.І профазада екі хроматидадан тұратын гомологті хромосомалар жұптасып, өзара беттесіп .................... (конъюгацияланады).

5. Мейоздық жолмен ........... ............ бөлінеді. (жыныс жасушалары)

6.Гүлдердің аталықтарында аталық жасушалары - ............, аналықтарында аналық жыныс жасушалары - ......... ........ түзіледі. (спермий, жұмыртқа жасуша)

7.Жануарлардың аталық жыныс жасушалары .............., аналық жыныс жасушаларын ........... деп атайды. (сперматозоидтер, жұмыртқа жасушасы)

8.Біріншілерінің дамып жетілу процесі ............ , ал екіншілерінің дамып жетілу процесі ............. деп аталады. (сперматогенез, овогенез)

9.Сперматогенездің мейоздық бөлінудің соңында түзілген хромосомалар жиынтығы ........ болады, және олардың саны ...... болады. (гаплоидті, төртеу)



Жаңа сабақ.

Ұрықтану. Ұрықтанудың мәні. Аталық және аналық жыныс клеткаларының ядролары қосылу (кариогамия) арқылы жұмыртқаның дамып жетілуіне жағдай тууын ұрықтану деп атайды.
Ұрықтанукері жүрмейтін бір беткей процесс: Бір рет ұрықтанған жұмыртқа клеткасы қайтадан ұрықтанбайды. Сингамия (аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылып бірігуі) мен кариогамия ұрықтанудың негізгі мәнін білдіреді.
Жануарлардағы
ұрықтану. Жануарларда болатын ұрықтану процесін бірнеше фазаға бөлуге болады. Жұмыртқа клекасының кез келген бір нүктесіне сперматозоидтың бекінуі немесе микропиле арқылы оған енуібірінші фазаның басталуы. Сперматозоид басының жұмыртқа клеткамен түйісуі химиялық реакциялар тізбегінің бастамасы болып табылады. Бүл фазаны жұмыртқаның активтену фазасы деп атайды.
Жұмыртқа
клеткасына бір сперматозоид (моноспермия), ал кейбір жануарларда бірнеше сперматозоидтар (полиспермия) енгеннен кейін үрықтану процесінің екінші фазасы-басталады. Жүмыртқа клеткасының ішіне енген сперматозоид аналық ядромен қосылып бірігуге «дайындалады», ол митоз бойынша жүреді: сперматозоид ядросы біртіндеп ісінеді де интерфаза кезіндегі ядроға ұқсайды. Мұндай ядро аталық про~ нуклеус деп аталады. Сперматозоид ядросымен қосылып бірігуге дайын болған (мейоздың барлық фазасынан өткен) жұмыртқа клеткасының ядросын аналық пронуклеус деп атайды.

Өсімдіктердегі ұрықтану. Өсімдіктердегі үрықтаиу процесі негізінен жануарлардағыларға ұқсас, дегенмен бірқатар ерекшеліктері де бар.
Бұрын
айтылғандай, ёкі спермия түзілумен микрогаметогенез аяқталады, ол екі спермия нетозаң дәнінде, немесе тозаң түтігінде тозаң дәиінің өсуі кезінде қалыптасады. Тозаң түтігі өсіп, ұрық қалтасыыың микропилесіне дейін жетеді де жұмыртқа аппаратыменжұмыртқа клеткасымен және синергидтер-Тозаң түтігінің ұшы синергидтермен түйіскеннен кейін тозаң түтігі жарылады да синергидтер бүлініп ыдырап кетеді. Тозаң түтігімен жүріп, жылжып келе жатқан генеративті екі ядро — спермиялар — түтік өсе түсіп, жарылғаннан кейін, оның барлық заттарымен бірге ұрық қалтасының ішіне құйылады (19-сурет, 2). Ұрық қалтасына енген екі спермияның біреуі жұмыртқа клеткасының гаплоидты ядросымен қосылып бірігеді (19-сурет, 3). Спермия ядросының жұмыртқа клеткасы ядросымен қосылып бірігуі өсімдіктердегі нағыз ұрықтану болып табылады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасында — зиготада — хромосомалардың диплоидты жиынтығы қалпыыа келеді. Зиготадан түқым ұрығы өсіп-жетіледі.
Өсімдіктерде де, жануарларда да спермиялар ұрық қалтасына кірер алдында аналық ядро әр түрлі стадияда болуы мүмкін, ал кариогамия мейоз аяқталғаннан кейін ғана орындалатынын атап өту қажет.

Үйге тапсырма: Организмдердің жеке дамуының элементарлық түсінігі. Жасушалардың бөлінуі, өсуі, жіктелуі, органогенез, даму, қартаю, даралардың өлуі. Ұрықтардың ұқсастығы.

 




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.01.2019
1011
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12