жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жануарлар мен өсімдіктер
|
Сабақ: Жануарлар мен өсімдіктер. |
Мектеп : ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебі |
||
|
Күні:20.05.17 |
Мұғалім:Жакиева Жаксыгул Сагидоллиевна |
||
|
Сынып: 5 |
Қатысқандар: 15 |
Қатыспағандар: 0 |
|
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: |
5.Ж4. Өзіндік стильмен мәтін құрастыру. Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтай отырып жүйелі, толық жазады. |
||
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар орындай алады:мәтін мазмұнына сай құрылымдық бөліктерінің ретін сақтап жазады. |
||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:мәтінннің тақырыбын ашып, жүйелі жазады. |
|||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: өзіндік стильмен мәтін құрастырып жазады. |
|||
|
Тілдік мақсат: |
Оқушылар орындай алады:өзіндік стильде мәтін жазады, жүйелі мәтін құрастырады. |
||
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: мәтін, абзац, стиль, жануарлар әлемі, тозаңдану. |
|||
|
Диалог құруға/мәтін жазуға арналған пайдалы сөз, сөз тіркестері:жануарлар дүниесі,өнеркәсіп шикізаттары, тозаңдану, табиғатты қорғау, ауру қоздырушы |
|||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: Адам өмірі үшін жануарлардың маңызы қандай ? Өсімдіктердің адам өміріне қатысы бар ма? Неліктен? |
|||
|
Алдыңғы оқу: |
«Тізбекті поезд» әдісі.Үй тапсырмасын пысықтау. |
||
|
Жоспар: |
|
||
|
Жоспарланған уақыт: |
Жоспарланған жаттығу түрлері: |
Ресурстар: |
|
|
Басы 7 |
Мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы жаңа материалдың тақырыбы мен мақсат, міндеттері айқындалады. |
Суреттер, интербелсенді тақта |
|
|
Ортасы: 25 |
Тапсырма№ 1. «Адасқан бөліктер» әдісі. Мәтіннің мазмұнын құрылымдық бөліктерін сақтап жаз. Жануарлар әлемі алуан болып келеді.бізге белгілі жануарлардың түрлері жылдан жылға көбеюде.Жәндіктердің қазір 1,5 млн. түрі зерттелінді, бірақ жыл сайын 2 мыңға жуық жаңы түрлері қосылуда. Жалпы жануарлардың 2 млн түрі зерттелінді.Жануарлар суда, құрлықта, топырақта, ауада және өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың денесінде тіршілік етеді.Адамның өмір сүруі үшін жануарлардың маңызы зор.Олардан әр түрлі тамақ өнімдерін (ет, сүт, жұмыртқа,уылдырық, бал) және өнеркәсіп шикізаттарын (тері, жүн,құстың жүні, былғары,талшық) алады.Құстар өсімдіктердің тұқымдарын, сағырауқұлақтардың тұқымдарын жан-жаққа тасымалдаушы.Ал бал арасы гүлдерді тозаңдандырады. Бүркіт пен үкі сияқты жыртқыш құстар, жыландар, егіншілік алқабының зиянкесі тышқан тұқымдас кемірушілермен қоректенеді. Өсімдіксіз адам да, жануар да өмір сүре алмайды.Өсімдіктердің ең үлкен маңызының бірі-барлық тіршілікке қажетті оььегін бөліп шығаруы. Өсімдіктер ауаны әр түрлі шаң-тозаңдардан тазалайды. Қарағай, пияз,сарымсақ сияқты өсімдіктер фитонцид деген затты бөліп шығарып,ауру қоздырғаш бактерияларды жояды. Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар сияқты өсімдіктер де қорғауды қажет етеді. Тапсырма № 2. Берілген тірек сөздер арқылы өзіндік стильмен мәтін жаз.тамақ өнімдері, жануарлар дүниесі, шикізаттар, тозаңдану, табиғатты қорғау |
|
|
|
Соңы: 10 |
Бекіту. «Тақырыптық теннис» әдісі Мәтінге қатысты терминдерді топ болып айту. Кері байланыс. «Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесі. |
|
|
|
Қосымша ақпарат: |
Жануарлар мен өсімдіктер туралы ғаламторлардан тың ақпараттар іздеп келу. |
|
|
Критериалды бағалау
|
Бағалау критерийлері |
Дескрипторлар |
||
|
1.Мәтіннің мазмұнын құрылымдық бөліктерін сақтап жазу |
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтап жазады. 2 |
Мәтін мазмұнына сай тақырыпты ашып жазады. 3 |
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтап, толық жазады. 4 |
|
2.Берілген тірек сөздер арқылы өзіндік стильмен мәтін жазу. |
Тірек сөздерді қолданып мәтін жазады. 2 |
Тірек сөздер негізінде мазмұнды мәтін жазады. 3 |
Өзіндік стильмен өмірмен байланыстырып жүйелі мәтін жазады. 4 |
2-4 – «3», 6-7- «4», 8- «5»
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген