жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жануарлар қалай көбейеді? Жануарлардың бейімделуі.
|
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар қалай көбейеді? Жануарлардың бейімделуі. |
Мектеп: «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ |
|||||||||||||||||
|
Күні: 15.10.2020. |
Машықкердің аты - жөні: Мұратханова Шұғыла |
|||||||||||||||||
|
Сынып: 2 а |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
||||||||||||||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
2.2.2.3 - жануарлардың көбею жолдарын түсіндіру; 2.2.2.4 - жануарлардың саналуандығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру |
|||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Жануарлардың көбею жолдарын түсінеді. Жануарлардың саналуандылығын сақтаудың маңызын түсінеді.. Оқушылардың басым бөлігі: Бейімделуге байланысты нақты мысалдар келтіреді. Кейбір оқушылар: Төлдейтін, уылдырық шашатын, жұмыртқа салатын жануарлардың нақты аттарын атайды. |
|||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Жануарлардың төлдеу,жұмыртқалау,уылдырық шашу арқылы көбею жолдарын түсіндіреді |
|||||||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар таныс емес «уылдырық», «төлдейтіндер», «жұмыртқалайтындар», «уылдырық шашатындар»тірек сөздерді меңгереді. Сөздерді қолданады. |
|||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Жануарларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру |
|||||||||||||||||
|
Алдыңғы білімдер |
Жануарлардың негізгі сипаттамаларын біледі, үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырата алады. Өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын біледі. |
|||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||
|
Сабақтың басы |
Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру. - Сәлеметсіңдер ме оқушылар! Қалдарың қалай? «Ертеңгілік шеңбер»
Қайырлы күн,
әлем!
Топтарға бөлу. «Сурет қиындылары» Бірнеше бөлікке бөлінген аю, жолбарыс, қоян суреттерін оқушыларға ұсынамын, қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді Үй жұмысын сұрау. Сиқырлы сандық Сұрақтар: - Жануарлардың қандай түрлерін білесің? - Жылан бауырмен жорғалаушылар тобына жатады ма? - Бунақденелілір тобына нелер жатады? - Сүтқоректілер тобына нелер жатады? - Үй жануарларына нелер жатады? |
Мозаика
|
||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы |
Жаңа сабақты ашу - Балалар, біз жануарлардың сан түрлері бар екенін білдік. Ал осы жануарлар қалай көбейеді деп ойлайсыңдар? -Жақсы, ендеше бүгінгі сабақта жануарлардың көбею жолдарымен танысатын боламыз. 1- тапсырма: Жануарлардың белгілері Суреттегі жануарларды сыртқы белгілеріне қарап сипаттап бер. Олардың қай топқа жататынын атату.
Балықтар, құстар, сүтқоректілер, бауырымен жорғалаушылар. Болжам Жануарлардың барлығы бірдей болса, не болар еді? Болжамыңмен бөліс. Бұл жануарлар қалай көбейеді? 2-тапсырма:
Жұмыртқа арқылы көбею. - Суреттегі жануарлардың қайсысы жұмыртқадан шығуы мүмкін? (қолтырауынның баласы, тасбақаның баласы, тауықтың баласы) - Суретте бейнеленбеген тағы қандай жануарлар жұмыртқадан шығады? (кесіртке,құстар) Уылдырық арқылы көбею. - Қалай ойлайсыңдар, уылдырықтан не шығуы мүмкін? (Балық.) - Уылдырық шашатын жануарлар туралы не білесіңдер? - Уылдырық неге ұқсас? Тірі туатын жануарлар: Жұмбақ шешу Тастан тасқа секірген, Қалқиып қос құлағы. Ойын болып өкірегі, Аула оның түрағы. (лақ) Жем,шөп беріп бағамыз, Сүтін сауып аламыз?(сиыр) Қамыс құлақ, тастаған тұяқ, Мінсе көлік, сүті дәрі, еті ем (жылқы) -Қандай жануарлар туралы жұмбақ шештік? - Олар қалай көбейеді? Төлдейтін жануарларға мысал келтір. Бұл жануарлар төлін тірі туады екен.
Сүтқоректілер баласын тірі туады. Құстар мен бауырмен жорғалаушылар жұмыртқа салады. Тек құстар жұмыртқаларын басып шығарады. Ал бауырмен жорғалаушылар жұмыртқаларын ыстық құмға салады, бірақ басып шығармайды. Суда мекендейтін жануарлар уылдырық шашады. Есте сақта! Жануарлар түрлі жолмен көбейеді. Олардың кейбірі жұмыртқа салады не уылдырық шашады. Мұндай жануарларды жұмыртқа салатын жануарлар деп атайды. Басқалары балалайды. Оларды баласын тірі туатын жануарлар деп атайды.
Сергіту сәті «Аңдар биі» би билеу
Жапырақты көрсетемін: - Балалар, мынау не? (жапырақ) Жапырақта жабысып тұрған құртты алып, балаларға көрсетемін. - Ал мынау не? (құрт) - Сендер неге құртты көрмей қалдыңдар? - Себебі, ол жасыл түсті. Қоңыр түсті құртты жапыраққа қойып көрсету. - Балалар, бұл бейімделу. Қай жануар қай жерде тіршілік етеді, сол ортасына сай бейімделіп, түсі өзгеріп отырады. Егер ол өзгермесе, басқа жануарларға көрініп, жем болады. Жануарлардың жауынан қашуы, жасырынуы, балаларын қорғауы, жауына ұсталып қалған кезде құйрығын, аяғын үзіп кетуі, сондай-ақ қорқытатын дауыс, ысылдау не пішінін өзгертіп айбат шегуі – этиологиялық бейімділігін көрсетеді.
Тапсырма Суретке мұқият қара.Жануарларды топтастыр. (бунақденелілер, сүтқоректілер, құстар) .
Жануарларр
- Сен неше топқа бөлдің? Өз ойыңды түсіндір. - Құстардың тұмсықтары неліктен бір-біріне ұқсамайды? Олардың тұмсықтарын ауыстырса не болар еді? Зерттейік:
Құтан- тұмсығы ұзын, ұшы сүйіленіп келеді. Тұмсығының жиектерінде ұсақ «тісшелері» болады, сол арқылы су түбіндегі ұсақ балықтарды, ұлуларды, су жәндіктерін сүзіп алып қоректенеді. Сұр қарлығаш – тұмсығы қысқа, су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді. Ұшып жүріп, қорегін ұстап жейді. Үйрек – тұмсығы сәл имектеу болып келеді. Аяқтары суда жүзуге бейімделген
Жануарлар өзі тіршілік ету ортасына бейімделеді . Олар жер бетінде, жер астында, суда,әуеде де тіршілік етеді.Тіршілік ортасына қарай олардың дене құрылысы, сыртқы пішіні, түрі, түсі де әртүрлі болады. Бунақденелілір, балықтар, құстар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, сүтқоректіліер-барлығы да тіршілік ортасына бейімделеді.Соның арқасында олар өзіне қажет қорегін табады, әрі жауынан қорғанады. -Неліктен тауықтың жұмыртқасы ақ не ашық қоңыр, ал бөдененің жұмыртқасы шұбар болады? -Тіршілік ортасына бейімделуіне байланысты. Шұбар жұмыртқалар шөптің арасында көп байқалмайды. Қортынды тапсырма: Топтық жұмыс. Зертте Әр топқа жануарлардың суретін таратып беремін, берілген тапсырманың қорытындысы бойынша балалар А3 пішінді параққа топтап жапсырмалайды және неге екенін дәлелдеп айтады 1-топ Жұмыртқа салады 2-топ Уылдырық шашады 3-топ Баласын тірі туады Әр топқа жануарлардың суретін тарату (сиыр, жылқы, үйректұмсық, мысық, ит, қолтырауын, түлкі, балық), А3 пішінді парақ (үш бөлікке бөлінген, бірінші жартысында «жұмыртқа салушылар», ал екіншісінде «төлдейтіндер»,ал үшіншісінде уылдырық шашатындар деген сөздер жазылған). Оқушылар кезектесіп жануарлардың суреті бар үлестірме парақшаларды А3 пішінді парақтың тиісті жағына орналастырады. Себебін түсіндіреді. Өз пікірін айтады, талқылайды, дәптерге кесте сызып жазады.
Дұрыс жауабы: Жұмыртқа салады: үйректұмсық, қолтырауын Уылдырық шашады: балық. Тірі туады: сиыр, жылқы, мысық, ит, түлкі. |
Үй жануарларының суреті Бейнеролик Тақтамен жұмыс Суреттер Жұмыртқа
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 19.10.2020 738
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 | ||||||||||||||||











Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген