"Жануарлар тіршілік ортасына қалай бейімделеді" тақырыбында баяндама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жануарлар тіршілік ортасына қалай бейімделеді" тақырыбында баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жануарлар тіршілік ортасына қалай бейімделеді" тақырыбында баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы, Отырар ауданы

«С. Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі.










«Жануарлар тіршілік ортасына қалай бейімделеді»







Аты-жөні: Абдыханова Айжан Узакбаевна

Пәні: бастауыш сынып мұғалімі

Санаты: педагог-сарапшы

Бағыты: жаратылыстану













Қоғам ауылы 2026 жыл





Жоспар





І. Кіріспе



Жаңаша оқыту –жетістік көзі.



ІІ. Негізгі бөлім

1. Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуінің теориялық негізі

2. Практикалық тәжірибемнен мысал



ІІІ. Қорытынды



1.Жасанды интеллект: білім берудегі жаңа мүмкіндіктер















«Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі Абдыханова Айжанның «Жануарлар тіршілік ортасына қалай бейімделеді?» іс-тәжірибесіне жазған баяндамасына



Пікір

Бастауыш сынып мұғалімі Абдыханова Айжан баяндамада жануарлардың тіршілік ортасына қарай бейімделуінің маңыздылығы мен тиімділігін сабақ барысында қолдана отырып көрсете білді.

Айжан Абдыханова баяндамада оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудың жолдарын нақты мысалдармен келтірген. Сабақта оқушыларға жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындату арқылы, сонымен қатар оқушылардың өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі бағалауы кезінде де көрнекі құралдардың тиімді қолданылуы білім сапасын арттырудың негізі екенін жеткізген.

Әрбір сабағында Айжан Абдыханова оқу іс-әрекетін белсенді ұйымдастырады, инновациялық жұмыс түрлерін оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағыттай отырып жоспарлай біледі. Өзі іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, білімді де, білікті, өз мамандығын жетік меңгерген А.Абдыханова өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарайды. А.Абдыханованың педагогтік қызметте оқушылардың нақты нәтижелерге жетуіне кәсіптік тұрғыдан жоғары деңгейде білім беретін – білімді де, білікті маман .

А.Абдыханованың жазған іс-тәжірибесі құнды деп есептеліп, аудандық қысқы педагогикалық оқуына ұсынылды.

Бірлестік жетекшісі: К.Абилдаева











КІРІСПЕ

«Шеберліктің белгісі - әртүрлі әдісті біліп, сабақта орынды қолдана білу». А. Байтұрсынұлы

Мақсаты:

Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны – жас ұрпақтың дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай – ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.

Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.

Әрбір оқушы табиғатынан таныс еместің барлығын білуге құмар және оқуға деген ынтасы зор екені белгілі, сол себепті де ол оқытудың бастауыш сатысында шығармашылыққа, таным мен белсенді әрекетке ұмтылады. Осы тұрғыдан алғанда зерттеу әрекетшілдігі қоршаған орта туралы оқушының танымын кеңейтудің ең басты тәсілдерінің бірі болып келеді.

«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім. Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей, инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдануды дұрыс жоспарлау оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Жаратылыстану пәнін меңгеру жас ұрпақтың дүниетанымын, ойлаудың ғылыми тәсілін қалыптастырады. Оқушыларды тақырыптарды зерттеуге, ресурстарды пайдаланып, өз қорытындыларын жасауға үйретеді. Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз..Оқытудың әр түрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Жаратылыстану ғылымы білім беру төменгі сынып жасындағы оқушылардың табиғи білім құмарлығының дамуына, әлем жайлы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына көмектеседі.

Зерттеуге қызығушылықты тудырудың маңызды алғышарты ретінде іс-әрекеттің кең әлеуметтік түрткілерін тәрбиелеу, оның мағынасын ұғыну, өз іс-әрекеті үшін зерттеп отырған үрдістерінің маңыздылығын түсіну болады. Осыған орай Аристотельдің мынандай сөзі бар: «Таң қалу арқылы адамдар философияға жақындай бастайды, олар алдындағы қиын мәселені шеше келе одан ары жолдың жалғасында одан да қиын мәселелердегі қиындықтарды түсінеді», яғни қызығушылық зерттеу әрекетінің қозғаушы күші. Қазіргі жас жектіншектердің негізгі міндеті – білім алу, ғылымды игеру. Білім-ғылымсыз ешбір қоғам алға баспайды, ешбір мемелекет күшеймейді.

Білуге құмарлық, бақылау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу баланың балалылығымен жүретін процесс. Зерттеу, іздеу белсенділігі-баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс. Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қараумен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандыру мен көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа, өз бетінше зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде қабылдамай, өз зерттеуі арқылы алады.
































НЕГІЗГІ БӨЛІМ


1.Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуінің теориялық негізі

Жануарлар - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі - өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір клеткалы организмдер және көп клеткалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы — 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортанын эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялык өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады.    Мысалы,   құрлық   жануарларынын тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жанаурлары бұрыңғы тіршілік ортасында қалып қойған. Жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесі қарапайым организмдердін архей эрасында мұхиттарда бұдан 1-1,5 млрд. жыл бұрын клетка формасында хлорофилсіз амеба тәрізді талшықтылар түрінде пайда болған деп жорамалдауға мүмкіндік береді. Протерозой эрасында тіршілік еткен жануарлар қалдықтарынан радиоляриялар, фораминифералардың іздері, губкалардың қанқалары, буылтық құрттардың түтікшелері, моллюскілердің бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім және жыныс органдары, тыныс алу, зәр шығару жүйесі жақсы жетілген. Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 млн-дай түрі, 17 типі бар. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі пайдалы болып табылады. Азық-түлік, ар түрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшақ, т.б. береді. Сондай-ақ, олар - ауыл шаруашылық дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ түзушілері, басқа жануарларға азық қорлары, органикалық заттардың ыдыратушылары болып табылады. Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді.

Жануарлардың бағдарлануы — жануарлардың кеңістіктегі тіршілік ету қабілеттілігі; белгілі бір экологиялық жағдайға бейімділігі. Бағдарланудың бірнеше түрі бар: 1) оптикалық — көптеген жәндіктердің полярланған жарық немесе ультракүлгін сәуле арқылы бағдарлануы;
2)  химиялық — кейбір жануарлардың қорегін, жұбын иіс арқылы дәл табуы (мысалы, жібек көбелегінің аталығы 10 км жерден аналығын иіс арқылы сезеді);
3)  акустикалық — жыртқыш жануарлардың өз қорегін есту арқылы ұстауы (мысалы, жапалақ  кеміргіштерді 15-20 м-ден сыбдыры арқылы біледі);  
4) терморецепция—жылу арқылы бағдарлану (мысалы,   айдаһарлар мен қалқантұмсықты жыланның тұмсығында жылуды   сезетін шұңқыры болады). Көптеген төменгі сатыдағы омыртқасыздар (мысалы, планария), жәндіктер (шыбын, қоңыз, термиттер), сондай-ақ, құстар және кейбір суда тіршілік ететін сүтқоректілер Жердің магниттік өрісі, ал балықтар бүйір сызығы арқылы бағдарланады. Жануарлардың бағдарлану ерекшелігін, оны атқаратын органдардың құрылысын зерттеп танудың ғылым үшін маңызы зор.
Жануарлардың дауысы - бір түрге, кейде әр түрге жататын жануарлардың өзара бірін-бірі ажырату және түрлі сезімін білдіру үшін шығаратын дыбыстары. Бұл көптеген жәндіктерге, балықтарға, құйрықсыз қосмекенділерге (құрбақа, бақа), кейбір бауырымен жорғалаушьшарға (жармасқылар, хамелеондар, қолтырауындар) және барлық құстар мен сүтқоректілерге тән. Жануарлардың дыбыс диапазоны 20 Гц-20 кГц аралығында және ол тек дыбыс аппараты арқылы ғана пайда болатын дыбыс (шаянтәрізділерде, жәндіктерде) емес, балықтың торсылдағымен, жүзу қанатымен, құстың құйрық қауырсынымен, қанатымен, тұмсығымен (қарабауыр бұлдырық, дегелек), аяғындағы не қанатындағы арнайы аппараттарымен (түзу қанатты жәндіктер) шығаратын дыбыстары да болады. Жануарлардың сайрау, қорқу, айбат шегу, ашыққан, сескенген, жұптасу кезінде шығаратын әр түрлі дыбыстары болады. Кейбір жануарлар дауысын ғалымдар шаруашылыққа зиян келтіретін құстарға, жәндіктерге, т.б. кейбір хайуанаттарға қарсы пайдаланып, бау-бақшаны, егістікті қорғайды. Мысалы, Қазақстан орнитологтары қараторғайдың шығаратын дыбыстарын жазып алып, акустикалық әдіспен жүзім бағының зиянкестеріне қарсы қолдануда.
Жануарлардың жүзуі — жануарлардың суда тіршілік етуге бейімделуінің бір түрі. Бұл шартты және шартсыз рефлекстер салдарынан да қалыптасады. Жануарлар жүзуге әр түрлі жағдайда бейімделген. Кейбір түрі тіршілігінің көп уақытын (су жануарлары, қосмекенділер) суда жүзіп өткізсе, құрлық жануарлары жолындағы кедергіден, судан өткенде не суға кенет түсіп кеткенде жүзеді. Жануарлардың суда жүзіп тіршілік етуге бейімделуі активті және пассивті болып екі түрге бөлінеді. Активті түрінде түрлі жүзу органдарын (қарапайымдар, құрттар — кірпікшелерін, шаянтәрізділер — мұртшаларын, құстар, ескек аяқтылар, қамшат және құндыз -аяқтарын) қозғап жүзеді. Жүзудің пассивті түрінде жануарлар денесін әр түрлі иіп (балықтардың көптеген түрлері, құйрықты қосмекенділер, барлық қосмекенділердің дернәсілі, жылан, сүлікт.б.), қозғап жүзеді. Жүзуге бейімділік сүтқоректілердін де арасында байқалады. Мысалы, қамшаттың, құндыздың, жұпартышқанның, су күзенінің және ондатрдың бармақтарының арасында жарғағы болады, жүні жылтыр, су жұқпайды.
Жануарлардың қорғаныш бейімділігі — жеке организмнің тіршілік үшін күресте сақталуына, үрпақ қалдыруына көмектесетін морфологиялық, физиологиялық және этиологиялық ерекшеліктері. Морфологиялық қорғаныш бейімділігі — бүркеніш реңнің барлық түрі, жануарлардың пішіні, жауынан қорғану органдары, т.б. Кейбір организмдердің лимфасы, қаны, терісі улы болуы, жағымсыз иіс (қандала, көптеген қоңыздар, құндыз, т.б.), улы зат шығаруы, денесіне қоректік зат жинап, қысқы-жазғы ұйқыға кетуі — физиологиялық бейімділігін көрсетеді. Жануарлардың жауынан қашуы, жасырынуы, балаларын қорғауы, жауына ұсталып қалған кезде құйрығын, аяғын үзіп кетуі, сондай-ақ қорқытатын дауыс, ысылдау не пішінін өзгертіп айбат шегуі - этиологиялық бейімділігін көрсетеді.
Жануарлардың қыстап шығуы — ауа райы суық және қоңыржай аймақтарда жануарлардың қыстың қолайсыз жағдайынан сақтануы. Қыстап шығудағы негізгі қиыншылық - қорегін табудың қиындауы, қорек қорының азайып, сапасынын нашарлауы. Бұл қиыншылыққа бейімделу үшін балықтар, құстар, сүтқоректілер қорек іздеп бір жерден екінші жерге орын ауыстырады. Кейбір жануарлар, әсіресе, жыртқыш аңдар (қасқыр, жолбарыс, барыс) қорегін іздеп бірнеше шақырым жерге дейін кетіп қалады. Арқар, таутеке, елік, т.б. таулы аймақтарда мекендейтін жануарлар қыс түсісімен қары жұқа, шөбі мол жерлерге қоныс аударады. Сүткоректілердің кейбір түрі (сарышұнақ, суыр, жайра, т.б.) қыста қорек іздемейді, олар қысқы ұйқыға кетеді. Қыс алдында көптеген жануарлар түлеп, семіреді. Бұл да жануарлардың қыстап шығуға бейімділігінің бірі болып саналады. Жануарлар тіршілік мекеніне қарай 2 топқа бөлінеді:  1) эвритоптық жануарлар — әр түрлі жағдайларда тіршілік ететін түрі (мысалы, қасқыр, түлкі, қарға, т.б.). Бұлар көп тараған, нақты мекен талғамайды, түрлі географиялық аймақтарда кездеседі; 2) стенотоптық жануарлар — белгілі бір жерде ғана тіршілік ететіндері (мысалы, тек құмды жерде кездесетін тараққұйрық сарышұнақ немесе тек таза, тұнық суда болатын бахтах, т.б.). Мекенін үнемі ауыстырып, бірнеше биотопта тіршілік ететін жануарлар да бар. Мысалы, көкқұтан биік ағаштарға ұя салады да, өзен-көлге барып жемін аулайды. Жануарлардың әр түрлі биотопта мекендеуі олардың белгілі бір даму сатысына да байланысты. Мысалы, бақаның дернәсілі суда өсіп дамиды, ал ересек бақа су жағасындағы ылғалды жерлерді мекендейді.
Жануарлардың ұшуы — организмдердің тіршілік ортасына бейімделуінің бір түрі. Ұшу (жәндіктерді есептемегенде) өте ертеде тіршілік еткен ұшқыш кесірткелер (птерозаврлар) топтарынан бастап байқалады. Жоғары сатыдағы омыртқалылар арасында ұшуға жақсы бейімделгендері - қырлытөсті құстар. Сүтқоректілерден тек жарқанат қана ұшуға жаксы бейімделген. Сүтқоректілердің ішінде қалқып ұшатын түрлері де бар (мысалы, ұшар). Жауынан қорғану үшін ұшатын балықтар да кездеседі (мысалы, ұшқыш балықтар). Ұшу жануарлардың эволюциялық дамуында олардың әр түрлі тіршілік ортасына бейімделуінен пайда болған.
Жануарлардың қоныс аударуы (латынша mіgrаtіо — қоныс аудару) - тіршілік еткен ортасынын езгеруіне немесе көбею кезеңіне байланысты жануарлардың мекен  ауыстыруы.  Бұл тұрақты (маусымдық не тәуліктік) және тұрақсыз болып екіге бөлінеді. Маусымдық мекен ауыстыру тіршілік мекеніндегі жағдайдың әлсін-әлсін өзгеруіне немесе жануарлардың көбею кезеңіне, ал тұрақсыз мекен ауыстыру тіршілік ортасының кенет нашарлауына байланысты болады. Жануарлардың қоныс аударуы сүтқоректілер, құстар, балықтар және жәндіктер арасында жиі кездеседі. Жануарлардың қоныс аудару жолын, көбінесе, оларды таңбалау арқылы білуге болады.
Жануарлардың ұйқысы — жылы қанды жануарлардың қолайсыз жыл мезгілдеріне бейімделуі. Бұл кезде олар інінде, ағаш қабығы астында, топырақ арасында жатып, денесіне қоректік заттар қорын (салмағы 30-40% май болады) жинау арқылы тіршілігін жалғастырады. Жануарлар ұйқысының бірнеше түрі бар: 1) тәуліктік (мысалы, жарқанаттар, колибр, т.б.); 2) маусымдық - республикамыздың шөл, шөлейт аудандарындағы сүтқоректілердің (мысалы, зорман, суыр, сарышұнақ, т.б.) жазғы ұйқысы қысқы ұйқыға жалғасады, сөйтіп олар ұзақ ұйқыға кетеді. Жануарлардың ұзақ ұйқыға кетуінің бірнеше себептері бар. Оның бірі ауа райының суықтығына немесе шілденің ыстығындағы қуаңшылыққа байланысты. Ұзақ ұйқыға кеткенде жануарлар қоректенбейді, сүтқоректілердің дене температурасы 5-7°С-қа дейін төмендейді. Бірақ организмде баяу да болса физиологиялық процестер жүріп жатады; 3) ретсіз - жануарлардың тіршілігінде кенеттен пайда болған қолайсыз жағдайдың салдарынан ұйқыға кетуі (мысалы, ақтиін, жанат ит, қарлығаш, т.б.). Ұйқыға кеткен жануарлар оттектің жетіспеуіне де, денесі нен шықкан түрлі улы заттар әсеріне де, жұқпалы ауруларға да төзімді келеді.
Жануарлар анатомиясы (грекше аnаtоmе — кесу, бөлшектеу) — жануарлардың жеке органдарының, орган жүйелерінін және организмнің бітімі (формасы) мен құрылысы туралы ғылым. Жануарлардың тұқымдық ерекшелігін — тұқымдық анатомия; органдардың орналасуы мен өзара қатынасын — топографиялық анатомия; организмнің құрылысын жүйелеуді — жүйелі анатомия; жануарлардың дене құрылысы ерекшелігін жасына байланыстыра анықтауды — жас анатомиясы; организмнің жыныстық дамуы мен өсуін—  жыныстық анатомия; жануарлардың жүрген және бір орында тұрған кезіндегі сыртқы пішінін—мүсіндік анатомия зерттейді. Салыстырмалы анатомия әр түрлі типтер мен кластарға жататын жануарлар органдарын салыстыра зерттеп, олардың ұқсастығы мен айырмашылығы болуының заңдылықтарын, жануарлар дүниесінің   шығу тегі мен тарихи дамуын анықтайды. Анатомия жөніндегі алғашқы жазба мәліметтер біздің заманымыздан бұрынғы 6-5-ғасырларда Мысырда, Үндістанда, Қытайда, Грекияда хатқа түскен. Мысалы, Гиппократ жануарлардың қанқасы мен ішкі органдары туралы жазса, Аристотель сүйек қаптың маңызын, жүрек пен қан тамырларының байланысын дұрыс анықтап, жүйкені басқа мүшелерден ажырата білген. Герофил (біздің заманымыздан бұрынғы 304 жылы)  өкпе  артериясы, жүрек,  көз алмасының құрылысын анықтады. Қайта өрлеу дәуірінде Леонардо да Винчи, А. Везалий ғылымға әр түрлі органдар туралы эксперименттік деректер енгізді. Қазақстанда жануарлар анатомиясы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары Алматы зоотехниялық-малдәрігерлік  институты  (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) (1929) мен Алматы медициналық институтының (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) анатомия кафедраларында (1931) басталды. Қазіргі кезде зерттеулермен Қарағанды, Батыс Қазақстан, Семей, Ақмола медицина академиялары, Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің бірқатар ғылыми-зерттеу институттары шұғылданады.
Жануарлар генетикасы (грекше gеnеsіs – шығу, пайда болу, тек) — жануарлардың тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттерін зерттейтін ғылым. Оның негізгі мақсаты — шаруашылыққа тиімді белгілердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігінің заңдылықтарын ашу, оларды басқару жолдарын анықтау. Жануарлардың адамға қажетті жаңа тұқымдарын өсіріп шығару. Осыған байланысты жануарлар генетикасы мына мәселелерді зерттейді: 1) тұқым қуалаушылықтың материялық негізі; 2) тұқым қуалаушылық затының (геннің) ұрпақтан ұрпаққа берілу жолы мен зандылықтары; 3) нақтылы бір белгілердің пайда болып, қалыптасып даму жолдары; 4) тұқым қуалаушылық заттың (генетикалык мәлімет) өзгеру себептері мен түрлері. Бұл мәселелер жануарлар дүниесі құрылымынын әр түрлі деңгейінде (молекулалық, клеткалық, организмдік, популяциялық) зерттеледі. 19-ғасырдың аяғы 20-ғасырдың басында жануарлардың әр түріне тән хромосома саны, сонымен қатар хромосомалар құрылысының бұзылуы мен санының өзгеруіне байланысты әр түрлі аурулар мен әр түрлі жағымсыз ауытқулар байқалатыны анықталды. Жануарлар генетикасы оларды сұрыптауға негіз болды. Сұрыптау нәтижелілігіне тікелей қатысы бар жалпы және популяциялық генетика заңдылықтары ашылды. Бұл сұрыптау жүйесіне енген малдың биологиялық немесе шаруашылыққа тиімді белгілерін шартты түрде сапалық және сандық деп екі жікке бөлу қажеттігін дәлелдеді. Сапалық белгілердің жануарлар генетикасы ашқан тұқым қуалаушылық заңдылықтары оларды сұрыптау тәжірибесінде малдың ата-тегін анықтау, өнімділігі мен шағылыстырғандағы нәсілдік қасиеттерінің үйлесімділігін алдын-ала болжау үшін кеңінен қолданылады.

Жануарларды    сұрыптау    (латынша    sеlесtіо - таңдау, сұрыптау) — малдың жаңа тұқымдарын шығару және оларды жақсарту тәсілдері туралы ғылым; зоотехния саласы. Мұның мақсаты: малдың өнімділігін және түрлі ауруға төзімділігін арттыру, тіршілік мерзімін ұзартып, қазіргі өндіріс технологиясына бейімдеу. Қазақстанда өнімді аз беретін жергілікті мал тұқымдарын сұрыптау, іріктеу, оларды мол өнімді тұқымдармен будандастыру арқылы малдың жаңа тұқымдарын шығару іске асырылды. Республика селекционерлері тұқым таңдау,   жұптастыру,   аса   бағалы   генотиптерді іріктеп, оларды сұрыптауда пайдалану, алынған тұқымдардың қоршаған ортаға бейімделуі, алыс-текті будандастыру мәселелерімен айналысты. Қазақтың акбас сиыры, Әулиеата, Алатау сиырлары, Қазақтың биязы жүнді қойы, Оңтүстік қазақ мериносы, Солтүстік қазақ мериносы, Биязылау жүнді дегерес қойы, Қазақарқар-мериносы, Кеңес жүндес ешкісі, Қостанай, Көшім жылқылары, жабы тәріздес Қазақ жылқысы, сонымен қатар үйректің "Медеу", тауықтың "Алатау" түрлері, т.б. шығарылды. Сондай-ақ, Қырдың қызыл, Галловей, Санта-Гертруда сиырларының тұқымын жақсарту әдістері ұсынылды. Айршир, Қалмақ сиырларының таңдаулы табындары мен Кроссбред қойының отарлары құрылды, биязылау жүнді және құйрықты қой типтері шығарылды.
Жануарлар физиологиясы (грекше рһуsіs — табиғи) — жануарлар организмінің, оның жеке клеткалары, тіндері мен органдарының, қызмет жүйелерінің тіршілігі туралы ғылым. Оның негізгі мақсаты — адамның мұқтажына, талабына сәйкес үй хайуанаттарының тіршілік әрекеттерін зерттеп, олардың өнімділігін, өнімінің сапасын арттыру. Жануарлар физиологиясы негізінде малдың қоректік заттар мен энергияға деген мұқтаждығы анықгалып, нормативтер белгіленеді; төл өсіру мен малды күтіп-бағудың ғылыми негіздері ұсынылады; мал өсірудің тиімді жолдары анықталып (қолдан ұрықтандыру, ұрықты көшіру, т.б.) практикада әр түрлі техниканы қолдануға жол ашылады (мысалы, сауу қондырғылары); малды үйрету, машықтандыру негіздері анықталады; малдың жұқпайтын ауруларының себептері айқындалып, малдың өсуін жеделдететін түрлі биологиялық активті заттар — витаминдер, гормондар, тіндік қуаттандырғыш заттар қолданылады. Жануарлар физиологиясы ғылым ретінде тек 19-ғасырдың ортасы мен 20-ғасырдың басында қалыптасты.
Жануарлар экологиясы - экологияның бір саласы. Бұл салада экожүйедегі популяцияның тірші-лік ету заңдылықгары анықталып, жануарлардың қоршаған ортаға бейімделуі зерттеледі. Қоршаған ортада болып жатқан антропогендік факторлар жануарлар тіршілігін өзгертіп, тіпті кейбір түрлерінің жойылып кетуіне әкеледі. Қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінін нәтижесінде, сондай-ақ технологиялық қалдықтар мен радиоактивтік заттардың, әр түрлі табиғатта болып жататын апаттардың әсерінен ауа, ландшафт құрамының бұзылуы, топырақгың ластануы — жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесіне елеулі өзгерістер әкеледі. Мысалы, 20-ғасырдың 50-жылдарындағы Қазақ-стандағы тың және тыңайған жерлерді игеру нәтижесінде сол аймақта тіршілік ететін омыртқасыз жануарлардың 70%-ы жойылып кетті. 20-ғасырдың 60-жылдарынан бастап, Арал теңізінің тартылуына байланысты бағалы балықтар (сазан, қаяз, ақмарқа, т.б) құрып кетті. Омыртқалы жануарлардың 125 түрі және омырткасыз жануарлардың 105 түрі Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Осыған орай, жануарлар экологиясы — қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі.


Әр түрлі технологияларды қолдану нәтижесінде оқушылардың білім сапасын арттыруға болады. Сондықтан бүгінгі ақпараттар тасқынымен қаруланған баланы оқыту мен тәрбиелеуде жаңаша өзгеріске түскен мұғалім ғана баланы жаңа даму деңгейінің сатыларына шығара алады.  

.2-сыныпта жаратылыстану пәнінен өткен «Жануарлар тіршілік ортасына қалай бейімделеді?» тақырыбындағы ашық сабағымды ұсынамын.




Білім беру ұйымының атауы

Сейітқасым Әшіров атындағы жббм

Пәні:

Жаратылыстану Атамұра

Бөлім:

Менің отбасым және достарым

Педагогтің аты-жөні:

Абдыханова Айжан

Күні:

24.10.2025ж

Сынып:

2сынып


Сабақтың тақырыбы:

8 сабақ. Жануарлар тіршілік ортасына қалай бейімделеді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

2.2.2.2 - жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттау;

Сабақтың мақсаты

Жануарлар тіршілік ортасына қалай бейімделетінін біледі

Құндылықтар:

Қазан айы: «Тәуелсіздік және

отаншылдық айы»


Сабақ құндылығы: Мемлекеттік тілді білу

Отан, ел, туған өлке туралы білу

Апта дәйексөзі:«Отанды сүю – отбасынан басталады!»

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ

тың басы

5 минут





Өткенді пысықтау

5 минут









Сабақ

тың ортасы

20 минут

































Сергіту сәті

2 минут








Сабақты қорыту

6минут









Қосымша тапсырма

2минут






Кері байланыс

5 минут





Психологиялық ахуалды жақсарту


Өткенді пысықтау

Үй тапсырмасы

Өзің тұратын өлкеде қандай жануарлар мен құстар бар?

Олардың суреттерін салып, олар туралы айтуға дайындалып кел.


Тақырыпты ашу

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: Мемлекеттік тілді білу


«Қай жануар қайда мекендейді?» ойыны

Суреттегі жануарларды өз мекеніне орналастыр

Үй жануарлары және дала жануарлары



Жаңа тақырып

1-тапсырма

Жұптық жұмыс

Суреттерге мұқият қара. Мына көбелектер жауыннан жасырыну үшін қай гүлге қонуы керек?

Көбелектер жауыннан қалай қорғанады? Қорытынды жаса.





ФС тапсырмасы

2-тапсырма

Топтық жұмыс

1-топ

Қоян жыл мезгілінің ауысуына қалай бейімделеді?

2-топ

Кесірткелер қалай өзгереді?Қай кесірткені жаулары тез байқайды?

3-топ

Шегіртке жапырақтар түсіне қарай қалай өзгеретінін айт



ЕБҚ

Түйелер туралы не айта аласың Олар туралы мәліметтер айт.


Сергіту сәті




Ұжымдық жұмыс

3-тапсырма

Қорытынды жаса

Неліктен жануарлар тіршілік ортасына бейімделеді?


Үй тапсырмасы

Мұзды өлкеде тіршілік ететін жануарлар туралы мәліметтер жина.Олар туралы айт.Суреттерін сал.



ҚЖ:

«Креативті матрица» кестесін толтыр

Жануарлар класының өкілдерінің ерекшеліктерін дұрыс тауып, тиісті түспен боя.





Сабаққа дайындық жасап, жақсы тілектер тілейді.



Үй тапсырмасын тексертеді








Суреттермен жұмыс жасайды







Жұптық жұмыс орындайды










Жануарлар

дың өзгеруі туралы айтады









Жеке жұмыс жасайды






Жаттығу жасайды





Ұжымдық жұмыс жасайды




Үй тапсырмасын алады




Қосымша жұмыс жасайды






Кері байланыс жасайды



Мақтап, мадақтап отыру



Дескриптор:

Өзі тұратын өлкесіндегі жануарлар мен құстар туралы мәліметтер дайындайды-1б

Олардың суреттерін салып, олар туралы айтуға дайындалып келеді-1б


ҚБ:

« Көбелектер» әдісі


Дескриптор:

Суреттерді іріктеп алып, өз гүліне қондырады-1б

Көбелектер жауыннан қалай қорғанатынын біледі-1б






Дескриптор:

Жануарлар

дың өзгеруі туралы айтады-1б




Жарайсың!




Тамаша жаттығу екен!





Дескриптор:

Неліктен жануарлар тіршілік ортасына бейімделетінін біледі-1б


Дескриптор:

Мұзды өлкеде тіршілік ететін жануарлар туралы мәліметтер жинайды-1б

Олар туралы суреттер салады-1б



«Данышпан үкі» әдісі





Суреттер












оқулық















оқулық








Суреттер











Қимылдар









Оқулық






Оқулық











Кері байланыс парағы


ҚShape1

Жануарлар тіршілік ортасына қалай бейімделетінін біледі

орытынды:

Shape3 Shape2

Өз бетімен жұмыс жасай алады

Білім сапасы көтеріледі





Shape4

Shape6 Shape5

Shape7

Жануарлар тіршілік ортасына қалай бейімделеді?





Shape10 Shape9 Shape8



Shape13 Shape12 Shape11

Жануарлар туралы тың деректермен танысады

Бір-бірімен коммуникативтік байланыс жасайды



Қызығушылығы артады















Жасанды интеллектің: білім берудегі жаңа мүмкіндіктері



1. Жекелендірілген оқу: жи оқушылардың деңгейі мен қажеттіліктеріне сәйкес оқу материалдарын автоматты түрде бейімдеуге мүмкіндік береді.

Бұл әр оқушының жеке стиліне сәйкес оқуға мүмкіндік туғызады.



2.Оқу процесін талдау: жи оқушылардың жетістіктерін, оқу процесінің тиімділігін және олардың қиындықтарын талдай отырып, мұғалімдерге нақты деректер ұсынады.



3. Автоматтандырылған бағалау: жи бағалау жүйелері оқушылардың тапсырмаларын автоматты түрде тексеруге және бағалауға мүмкіндік

Береді, бұл мұғалімдердің уақытын үнемдейді.



4.Интерактивті оқыту: жи чат-боттар мен виртуалды ассистенттер арқылы оқушыларға сұрақтарға жауап беріп, көмек көрсету арқылы интерактивті тәжірибе ұсынады.



5.Мазмұнды дамыту: жи жаңа оқу материалдарын, тестілер мен апсырмаларды құруға көмектеседі, бұл мұғалімдерге дайындықты жеңілдетеді.



6. Деректердің қауіпсіздігі: жи оқушылардың прогрессін және ктерін қорғау шараларын күшейтеді, бұл оқу ортасын қауіпсіз етеді.



7. Тілді үйрену: жи тілдік оқу бағдарламалары мен қосымшалары арқылы тілдерді үйрену процесін жеңілдетеді, мысалы, автоматтандырылған аударма мен сөйлеуді тану.





Пайдаланылған әдебиеттер:



1. Әбілқасымова, А. Е. "Бастауыш білім берудегі заманауи оқыту технологиялары" – Алматы: "Білім", 2022.



2. «Жаратылыстану» оқулығы 2-сынып

Алматы «Атамұра» 2022 ж.

Авторлары: С.З.Көшербаева, Л.Ж.Көдек, Г.Қ.Тәшенова



3. Интернет желісі







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі