Материалдар / Жануарларды бейнелейміз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жануарларды бейнелейміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Мамыр 2021
705
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы:

Жануарларды бейнелейміз

Мектеп: №23 ЖОББМ

Күні : 07.04.21

Сынып: 2 «А»


Машықкердің есімі: Абилмажинова Б.Е.


Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты

Барлығы: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Практикалық жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Көбісі: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Кейбіреуі:Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Сабақ мақсаты

2.2.1.1. Қоршаған ортадағы белгілі бір визуалды элементтерді әртүрлі тәсілдер мен құралдармен бейнелеу.

Бағалау критерийі

- Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

- Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Жануар – животные – animals


Пәнаралық байланыс

Математика, дене шынықтыру

Ресурстар

Оқулық, әртүрлі көңіл күйді көрсететін суреттер, қайшы, түсті қағаздар, желім, түсті фломастерлер, түрлі түсті қарындаштар.

Сабақтың барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы:





5 минут

Амандасу:

-Сәлеметсіңдер ме?! Қалдарың қалай? Бүгінгі сабақта сендерге тек сәттілік тілеймін. Ендеше сабағымызды бастайық.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:

-Балалар ортаға келіп, үлкен шеңбер жасап тұрайық. Ал енді менің артымнан бірге қайталаңдар.

«Көңілді күн» әдісі

Кел балалар, күлейік,

Күлкімнен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Кел балалар, күлейік,

Күлкімнен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

Өлең шумақтары


Сабақтың ортасы


5 минут
























10 минут




















3 минут









12 минут























Ширату жаттығулары

(А,Т) «Миға шабуыл» әдісі арқылы

-Жақсы, балалар біз бүгінгі сабақта жануарларды бейнелейтін боламыз.

-Алдымен, айта қойыңдаршы, сендердің сүйікті жануарларың бар ма?

-Ол қандай? Сипаттап берші.

-Ол жануар саған несімен ұнайды?

-Жақсы. Жалпы жануарлар 2-ге бөлінеді екен: жабайы жануарлар және үй жануарлары. Білесіңдер ме, жабайы жануарларына қандай жануарлар жатады? Үй жануарларына ше?

Жарайсыңдар, сендер бәрін біледі екенсіңдер.

Дескриптор:

-Жануарларға байланысты сұрақтарға жауап береді;

-Сынып ішінде сұрақтарға байланысты талқылау жүргізеді.

Теориялық мәліметтермен таныстыру. Оқулықпен жұмыс:

  • Бүгін біз жануарларды түрлі тәсілдермен

бейнелейтін боламыз. Жалпы жануарларды бейнелейтін суретшіні анималист деп атайды. Сендер де жануарлардың суреттерін жиі саласыңдар және олардың денесі, басы, мойны мен аяғы ар екенін білесіңдер.

Мысықты бейнелейік:

-Алдымен денесі мен басын қарапайым пішіндер түрінде саламыз. Олар дөңгелек не сопақша болуы мүмкін. Одан соң үшбұрышты құлағын, көзін, мұрны мен аузын, аяғын, үлпілдек құйрығын саламыз.

Құсты бейнелейміз.

-Құсты салу да қиын емес. Оның басын дөғгелек, денесін жартылай дөңгелек етіп саламыз. Содан кейін қанаты, құйрығы, тұмсығы мен көзін саламыз.

-Балалар, сонымен қатар біз жануарларды пішіндерді (үшбұрыш, дөғгелек) қиып алып, жапсыру арқылы да жасай аламыз.

Жалпы біз жануарларды:

  • Көмірмен;

  • Қарындаш немесе фломастермен;

  • Құрғақ борлармен;

  • Бояулармен сала аламыз.


Сергіту сәті

-Балалар, шаршаған боларсыңдар. Қанекей орнымыздан тұрып, электронды тақтаға зер салып, қимылдарын қайталайық.

-Жақсы, орындарыңа жайғаса қойыңдар.


Практикалық жұмыс

-Жақсы енді практикалық жұмысызға көшейік.

Алдымен, қауіпсіздік еределерін қайталап алайық.


1. Қазір біз құсты бейнелеп саламыз: Құсты салу да қиын емес. Оның басын дөңгелек, денесін жартылай дөңгелек етіп саламыз. Содан кейін қанаты, құйрығы, тұмсығы мен көзін саламыз.

-Өте тамаша!


2. Енді мысықтың бейнесін түрлі түсті қағаздардан әртүрлі пішіндер қиып алу арқылы жасаймыз.

Дескриптор:

-құстың бейнесін салады;

-әртүрлі пішіндерді қиып алу арқылы мысықтың бейнесін келтіреді.


Қалыптастырушы бағалау:

-Балалар, ал енді жұмыстырыңды өздерің бағалаңдар. Ол үшін тақтадағы «Жетістік баспалдағы» критерийлеріне сай смайликтарды жоғары көтеріңдер.



Жануарлардың суреттері

















Жануарлардың суреттері









Оқулық

https://www.okulyk.kz.















Бейнежазба

https://youtu.be/sPX27NNVWCY.












Альбом, түрлі түсті қарындаш





Түрлі түсті қағадің пішіндері





Смайликтар, «жетістік баспалдағы» суреті







Сабақ соңы

Қалыптастырушы бағалау:

-Балалар, сендер өте жақсы жұмыс жасадыңдар.

-Жарайсыңдар ( әр балаға смайлик арқылы баға беру)


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.

-




Үй жұмысы:

-Балалар, үйден иттің бейнесін сыныптағы жасаған жұмыстарыңды пайдалана отыра жасап келіңдер.


Кері байланыс:

-Жарайсыңдар, сонымен бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды.

-Сау болыңдар.


Смайликтар







«Бас бармақ» тәсілі















Қосымша мәліметтер

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?




Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы


  • Айтқан жауаптарына ынталандыру мақсатында жағымды сөздер айтып, қолдау. Тапсырманы орындау барысында қиналған оқушыларға көмектесу.

  • Қабілеті жоғары оқушылар болса қосымша, күрделірек тапсырма беру.


  • «Бас бармақ» әдісі

  • сұрақ қоюларына және жауаптарына байланысты бағалау.

  • Сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағалау

  • «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша өздерін бағалайды.

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Пән

Сынып

Тақырыбы

Мақсаты

Қолданылған ресурстар

Қолданылған әдіс-тәсілдер

Нәтиже

Көркем еңбек

2 А

Жануарларды бейнелейміз

2.2.1.1. Қоршаған ортадағы белгілі бір визуалды элементтерді әртүрлі тәсілдер мен құралдармен бейнелеу.

Оқулық, әртүрлі көңіл күйді көрсететін суреттер, қайшы, түсті қағаздар, желім, түсті фломастерлер, түрлі түсті қарындаштар.

«Миға шабуыл», «Жетістік баспалдағы», «Бас бармақ», «Көңілді күн» әдісі т.б.


Бұл сабақ жоспары барысында оқушылардың көркем еңбек пәніне деген қызығушылығын қалыптастыруға жұмыс жасадым. Жануарлардың бейнесін жасаудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтап, жас ерекшелігіне сай орындатуды үйрендім










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!