Материалдар / Жануарларды қорғау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жануарларды қорғау

Материал туралы қысқаша түсінік
Жануарларды қорғау туралы мағлұмат беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2023
297
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Жануарлардың биологиялық және экологиялық ерекшеліктері


1.Жануарлар экологиясы негіздері

2. Табиғи аймақтар биоценозы


1.Жануарлар экологиясы негіздері

Жылу алмасу түріне байланысты жануарлардың екі экологиялық типін бөліп көрсетеді: пойкилотермді (салқын қанды) және гомойотермді (жылы қанды).

Пойкилотермді ағзалардың ( грек тілінен аударғанда poikilos-алуан түрлі) зат алмасу деңгейі тұрақсыз, денесінің температурасы тұрақсыз, жылу реттеу механизмдері жоқ дерлік. Олардың денесінің температурасы қоршаған ортаның температурасына тәуелді болады. Пойкилотермді жануарларға омыртқасыздар, балықтар , қосмкенділер жатады.

Гомойотермді ағзаларға (грек тілінен аударғанда  homoios-бірдей)- зат алмасу деңгейі жоғары және тұрақты, зат алмасу нәтижесінде жылу реттелуі жүзеге асырылады. Мұның өзі олардың денесінің температурасының салыстырмалы түрде тұрақты болуын қамтамасыз етеді.

Пойкилотермді жануарлардың өзін салыстырмалы түрде кең ауқымды температура ауытқуында белсенді тіршілік ететін эвритермді және температураның айтарлықтай ауытқуын көтере алмайтын стенотермді деп бөлуге болады.


 Құрылық жануарларын ылғалға қатысты төменгідей топтарға бөледі:

1.Гидрофильдер –ылғал сүйгіш жануарлар (маса, құрлықтың былқылдақденелілері мен амфибиялары)

2. Мезофилдер –орташа ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін жануарлар (көптеген бунақденелілер, құстар, сүтқоректілер)

3.Ксерофилдер –жоғары ылғалдылық жағдайында тіршілік ете алмайтын, құрғақшылықты сүйетін жануарлар (түйе, шөлдің кемірушілері мен бауырымен жорғалаушылар).


Су ортасын мекендейтін ағзалар нектон, планктон және бентос болып бөлінеді:

Нектон (грек тілінен аударғанда nektos- жүзетін) су түбімен тікелей байланысы жоқ, еркін орын ауыстыратын, жүзіп жүретін ағзалардың жиынтығы. Бұл жануарлар өте үлкен ара қашықтықта орын ауыстыруға қабылетті және қатты ағыстарға төзімді болып келеді. Олардың дене пішіні сүйірленіп келген және қозғалу мүшеоері жақсы дамыған.

    Нектонды ағзаларға балықтар, кальмарлар, ескекаяқтылар, киттер жатады.

Планктон ( грек тілінен аударғанда planktos-қалықтаушы)- негізінен су ағысының көмегімен қозғалатын, жүзетін ағзалардың жиынтығы. Олар жылдам және белсенді орын ауыстыруға қабылетсіз.Негізінен бұлар ұсақ жануарлар –зоопланктон және өсімдіктер- фитопланктон. Плпнктонды ағзалар су бетінде, терең жерлерде, тіпті су түбінде де тараған.

Плейстон (грек тілінен аударғаанда  plein-кемеде жүзу)-денесінің бірбөлігі суда, екінші бөлігі судың бетінде жүретін ағзалар (фезалия, сифонофора).

Нейстон ( грек тілінен аударғанда neusteom-жүзуге қабылетті)- су бетінде жүзіп жүретін ағзалар (бактериалар, қарапайымдылар, су қандаласы, балдырлар).

Фитопланктон- су қабатында тіршілік ететін және су ағыстарының әсерімен қозғалатын негізінен балдырлардан құралған микроскоптық өсімдіктердің жиынтығы (диатомды және жасыл балдырлар, өсімдіктекті талшықтылар т.б.).

Зоопланктон мен бактериалар барлық тереңдіктерде кездеседі. Теңіз зоопланктонында ұсақ шаянтәрізділер, қарапайымдылар, медузалар, жүзетін гребниктер, сальпылар, кейбір құрттар басым. Тұщы суларда ірі шаянтәрізділер, коловраткалар мен қарапайымдылар тараған.

Бентос (грек тілінен аударғанда (bentos-тереңдік) –су қоймаларының түбінде (грунтта)мекендейтін ағзалардың жиынтығы. Ол фитобентос, зообентос және бактериобентосқа бөлінеді.Теңіздердің фитобентосы негізінен бактериалар мен балдырлардан (диатомды, жасыл, коңыр, қызыл) құралған.Әсіресе су түбінің жартасты, тасты бөліктері фитобентосқа бай.

Детрит- өлген өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарынан түзілген ұсақ органикалық заттың бөлшектері.


Топырақ ағзалары мекен ету ортасымен байланыс дәрежесіне қарай төмендегідей топтарға бөлінеді:

1)геобионттар – топырақта тұрақты тіршілік ететі, бүкіл даму циклі топырақта өтетін жануарлар       (жауын       құрттары,       көптеген алғашқы   қанатсыз бунақденелілер);

2)   геофилдер   —   даму   циклыің   бір   бөлігі   топырақта   өтетін   жануарлар.   Бұларга   көптеген   бунақденелілер:     қанатты     шегірткелер,     бірқатар қоңыздар,   ұзынаяқты   масалар   жатады.   Геофилдердің     дернәсілдері     топырақта     дамиды,     ал ересек  формалары  жер бетін   мекендейді;

3)   геоксендер —  топырақты   уақытша  баспана  ретінде пайдаланатын   жануарлар   (тарақан   тәрізділер,   жартылай    қатқылқанаттылар, кемірушілер, індерінде өмір сүретін сүтқоректілер).

Псаммофилді жануарларға —қозғалғыш құмды топырақта мекендейтін ағзалар.Мысалы, кесірткелер, ясіқішкесаусаңты сарышүнақ, түйе  жатады.


Сүт қоректілер экологиясы

 Сүт қоректілердің морфологиялық ерекшелігіне негізінен олардың әртүрлі ортадағы  қозғалу сипаты әсер етеді.А.Н. Формозов осы  ерекшеліктерді негізге ала отырып жануарларды төмендегідей бейімделу типтеріне бөлді: жер бетінде тіршілік ететіндер, 2) топырақ қазушылар және жер астында тіршілік ететіндер, 3)ағаш басында тіршілік ететіндер, 4) ұшушылар және 5) суда тіршілік ететіндер.

Жер бетінде тіршілік ететін сүтқоректілердің басым көпшілігі тұяқтылар мен жыртқыштардан құралған.Бұлардан басқа тек жер бетінде тіршілік ететіндер- көптеген қалталылар мен кейбір кемірушілер; мысалы, нағыз қояндар және кейбір маймылдар, мысалы, павиндер.Бұларды тағыда: ашық жерлерде мекендейтіндер, б) орманды және в) таулы жерлерде мекендейтіндер деп үшке бөлінеді .


Балықтар экрологиясы

  Балықтар төменгі экологиялық бөлімдерге бөлінеді :

1 . Теңіз балықтары

І . Пелагияльдық

а)Үйірленіп жүретіндер .

б) Уақытша үйірленіп жүретіндер.

с) Жеке-жеке тіршілік ететіндер

2. Су түбі балықтары

а) Үйірленіп жүретіндер

б) жеке-жеке тіршілік ететіндер

  а) Миграция жасаушылар (белгілі дәрежеде алысқа , не жақынға мезгіл-мезгіл орын ауыстырып отыратын балықтар)...

в) Тұрақты балықтар ( үнемі бір жерде тұратындар).

ІІ. Өткінші балықтар

  1. Теңіздерде қоректенетіндер .

а)пелагияльдық

а)Ақпайтын суларда өгіп-өсетіндер .

б)Ағынды не ақпайтын тұщы суларда өніп-өсетіңдер.

в) су түбі балықтары

а) Ащылау суларда өніп-өсетіңдер

в)Ағынды тұщы суларда өніп-өсетіңдер.

2. Ащылау суларда қоректенетін , бірақ теңізде өніп-өсетіндер

3. Тұщы суларда қоректенетін , бірақ теңізде өніп-өсетіңдер .

ІІІ. Жартылай өткінші , яки сағалық балықтар

  1. Ағынды суларда өніп-өсетіңдер

  2. Ағынсыз суларда өніп-өсетіңдер

а) Ағынды суларда өніп-өсетіңдер

б) Ағынсыз суларда өніп-өсетіндер

  1. Ағынсыз су балықтары ( көл балықтары)

а) Пелагиялдық

  а) Көлдерде өніп-өсетіңдер

  б) Өзендерде өніп-өсетіндер.

  в) су түбі балықтары

Жалпы тұщы су балықтары ( ағынды суда да , ағынсыз суда да болатын және бірінен екіншісіне өтетін балықтар)

       Балықтардың қозғалысы және орын алмастыруы . Балықтардың негізгі қозғалысы – жүзу . Балықтардың басым көпшілігі атап көрсеткенде екі бүйірі қысыңқылау , денесі ұршық пішіндес болып келетін балықтардың барлығы , бүкіл денесін горизонталь бпағытта ұстап , толқын тәрізді трендету арқылы алға қарай қозғалады . Құйрық қанаттары негізінде дененің артқы бөлімінің кедергілік қозғалысын жояды және артқы ағынды әлсіретеді . Басқа дара қанаттар (арқа және аналь қанаттары ) көбінесе денеге тұрақтылық беріп, киль қызметін атқарады , ал кеуде және бауыр қанаттары балықты горизонталь бағытта бұрып тереңдік руль қызметін атқарады . Дене пішіні осындай типке жататын балықтар жақсы жүзгіштер болып саналады . Мысалы , лосось секундына 5 м , тунец – 6 м , ал көкшіл акула 10м .жылдамдықпен жүзеді .


Қосмекенділердің экологиясы .

Қосмекенділер бөлінетін негізгі экологиялық топтар мыналар : суда , құрлықта , ағаш басында , топырақ арасында ін қазып тіршілік етушілер .

Құйрықты қосмекенділердің көпшілігі суда тіршілік ететіндер қатарына жатады . Олардың кейбіреулері , мысалы , протей , алып саламандра , сиреналар өмір бойы суда түршілік етеді . Құйрықты қосмекенділердің бәрі құйрығы мен денесін қозғалту арқылы жүзеді , ал қос аяқтары бұл кезде денесіне тығыз жаьысып жатады . Осыған байланысты олардың аяқтарында , жүзу жарғағы болмайды . Олар құрлықта денесін ирендетіп және бауырын жерге сүйретіп қозғалады , сонымен қатар екі бүйір бағытта өскен артқы аяқтары денесін алға  қарай итереді болып келетін , құрлықта тіршілік ететін кейбір саламандралар ғана денесін көтеріп (бұл жөнінде кесіртке тәрізді) , бірқатар жылдам жүгіреді .


Бауырымен жорғалаушылардың экологиясы

Экологиялық жағдай жөнінде бауырымен жорғалаушыларды мынадай , кейде ішек қоюы қиын , топтарға бөлуге болады : қатты жерде мекендейтіндер , көшпелі құмдарда мекендейтіндер , топырақ астында жер қазып тіршілік ететіндер , ағашта және суда мекендейтіндер .

   Бірінші топқа нағыз кесірткелердің ( Iacerta туысы) барлығы дерлік , көптеген агамалар және игуандар , барлық веретеницалар , ешкіемерлер мен жыландардың көбі , гаттерия барлық құрлық тасбақалары жатады . Бұл ең көп және мамандануы жөнінде нейтералды топ ; бұлардың не жақсы дамыған аяқтары болады , немесе аяқсыз , жылан тәрізді ұзарған дене пішіні систематика жөнінде бір-бірінен алшақ тұрған бірқатар топтарды көптеген сцинк , веретеница тұқымдастарына да және кесірткелердің басқа тұқымдастарының өкілдерінде конвергентті жолмен пайда болған .

  Керісінше , көшпелі (шағылдар) құмдарда мекендецтін формаларда бірқатар жергілікті бейімдеушілік белгілері болады . Бұл белгілер де конвергентті жолмен тіпті , әртүрлі систематикалық топтар өкілдерәнде пайда болған . Біріншіден – артқы аяқ саусақтарын қоршап жатқан мүйіз бұдырмақтар болады  , олар аяқты сусымалы құмға батырмайды . Аяқтарының мұндай құрылыстары барлар : кейбір домалақ бастылар мен игуандар , сцинк пен жалды геккондар , скаптейралар (Iacertidae дан ) . Кейде бұған кең және жалпайған дене қосылады , бұл құмға батуға кедергі келтіреді , бірақ дәл осындай денесі бар домалақ бастылардың денесінің бүйірінде сыртқа шығып тұратын қабыршағы бар ерекше тері қатпары болады , және домалақ басты кесіртке жерге жабысып жатып , денесінің бүйір қозғалысымен өзінің арақасына құм салады да , құмға көміледі . Осындай бейімділік кейбір құм жыландарында да болады . Бұл топ үшін өте сыпаттаушы белгі олардың сарғылт болуы , кейде бұл түсі құмның түсінен аумайды . Сусымалы құмдарда мекендейтін кесірткелер мен жыландардың көбі (юасым көпшілігі) құмға батып көміле алады , ал кейбіреулері тіпті құм астында жорғалап жүре алады , мысалы : дала аждаһалары , аптека сцинкі . Бұл формалардың күрек қызметін атқаратын қазу қалқаншасы жалпақ және шеттері сүйір болып келеді .


2.Табиғи аймақтар биоценозы

Биоценоз (грек тілінен аударғанда bios -өмір, koinos-жалпы ортақ)-қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер популяциялар жиынтығы. «Биогегценоз» ұғымын 1877 жылы неміс зоологы К.Мебиус (1825-1908) ұсынды.

Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз не одан тыс өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара әсерлері қалыптасқан, тірі және өлі компонентерінің жиынтығынан тұратын белгілі бір комлекстер түзіледі.

Белгілі бір дәрежеде біртекті жағдайлармен сипатталатын, ағзалардың белгілі бір бірлестігімен (биоценоз) қоныстырылған кеңістік-биотоп (грек тілінен аударғанда topos –орын) деп аталады.

Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез-келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы.

Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша ғаламшарды төмендегі экожүйелерге бөледі:

1)        құрылық экожүйелері- тундра, тайға, орманды дала, дала, шөлейт, шөл, тропиктер, тау;

2)        2) тұщы су- ағынсыз су (көл, тоған) және ағынды су ( өзен, бұлақ, жылға), батпақтар мен батпақты ормандар экожүйелері;

3)        Теңіз экожүйелері- теңіздер мен ашық мұхит.


Қазақстан табиғи аймақтар биоценозы

   Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Тор-ғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазакстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыған.

    Неогенде Торғай бұғазының суы тартылып, құрғағаннан кейін екі жағы қосылған. Осы кезде полтава флорасы шығысқа қарай тарап, Зайсан көліне дейін жеткен. Керісінше, шығыста өскен өсімдіктер батыска ауысқан. Соның нәтижесінде Қазақстанда торғай флорасы деп аталатын өсімдік түрлері қалыптасқан. Оған грек жаңғағы, емен, шамшат, терек т.б. жатады.

    Теңіздің шегініп, құрлық көлемінің ұлғаюы арта бастаған кезден (палеоген дәуірден) бастап, Иран арқылы Африка флорасы кірген. Олардың ішінде эфемерлі өсімдіктер, жоңышқа, қараған бұталары мен ағаштардың кейбір түрлері болған.

   Палеоген дәуірдің алғашқы жартысында жазық ойпаңдарды теңіз басып жатқан тұста, оның жағалауындағы қыраттар мен тауларда субтропиктік жалпақ жапыракты орман өсіп тұрған. Палеоген дәуірінің екінші жартысында, теңіз суы тартылып, құрғап, орнына осы күнгі ірілі, ұсақты көлдер қалыптасқан.

     Неоген дәуірде климат суып, таулы аудандарды мұз басқан кезде жылу сүйгіш өсімдіктер жойылып кетіп, қазіргі орман типтері қалыптасқан, грек жаңғағы, өрік, алма сияқты өсімдіктер сақталып қалған. Сібір жақтан ауысып, арктикалық, альпілік өсімдіктер тараған. Қазақстанның осы күнгі өсімдіктер жамылғысы осылай біртіндеп ұзак кезеңді басынан өткізіп қалыптасқан. Қазіргі өсімдіктердің қалыптасуына жергілікті өсімдіктермен қоса сырттан келген түрлер де едәуір әсер еткен.

      Қазіргі Қазакстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен (Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл онша көп емес. Оған Қазақстан жерінде шөлді, шөлейт аймақтардың көптігі, топырақ пен климат әсер етеді. Екіншіден, Қазақстанның едәуір бөлігі геологиялық тарихы жағынан жас. Каспий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңіз астынан неоген дәуірде ғана босаған. Үстірт пен Бетпақдаланың босауы одан сәл ғана ертерек. Сол себептен бұл өлкелердің өсімдік жамылғысы әлі толық қалыптасып үлгірмеген.

      Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. Өсіресе, Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталған. Онда палеоген дәуірінен қалған грек жаңгагы, бадам,түркістан үйеңкісі, алмурт және т.б. түрлері кездеседі.

Сырдария-Қаратау флорасы бұдан да бай. Онда 1000-нан асатын өсімдік түрі, оның 150 түрі тек осы ауданға ғана тән, басқа жерде ұшыраспайтын өсімдіктер. Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жоңғар Алатауының тау беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар таралған. Оларда шырша, май қарағай, бал қарагай, самырсын түрлері өседі. Биік таулы белдеу шымды-шалғынды, бұталы шалғынды болып келеді. Тау алды мен аласа таулы белдеулерде дала зонасына тән өсімдіктер өседі. Алтайдың таулы даласында итмурын, долана, бөріжидек бұталары мол. Жоңғар Алатауы  мен Тянь-Шань тау жүйесінің тау алды жазьқтары шөлге ұқсайды. Оларда эфемерлеі мен эфемер тәріздес өсімдіктер (өлең, қоңырбас, көкнәр, қызгалдақ және т.б.) кең тараған. Аласа таулы белдеулер теректі, кайыңды, жабайы ағашты, алма, өрікті, доланалы ормандардан тұрады.


Солтүстіктен оңтүстікке дейін 1600 км-ге созылып жатқан Қазақстанның кең жазиралы жазығында дала мен шөл өсімдіктері басым. Шөлді аймақтарда (Сарыесік Атырау, Мойынқұм, Бетпақдала т. б.) сексеуіл, өзендер бойында жыңгыл, жиде, тораңгы тоғайлары кездеседі.

     Қазақстанда өсімдік дүниесінің 303 түрі Қызыл кітапқа енген жөне оның сақталуына мемлекеттік қорықтар қамқорлық жасайды. Өйткені шөп қоры мал жайылымы есебінде бағалы, ал орман өндіріс үшін керекті материал болып саналады. Қазақстан дүние жүзі бойынша орманы аз елдердің қатарына жатады. Бүкіл аумағының 11,4 млн гектар жерін (4,2%) ғана ормандар алып жатыр. Ол табиғатты тазартуда, топырақты эрозиядан сақтап, оның тамырын бекітуде, егіндік-шабындық жерлерді қорғау мен құм көшкіндерін бөгеуде аса маңызды рөл атқарады. Ауаны шаң-тозаңнан тазартып, аңызақ желден, құрғақшылықтан сақтауда да ормандар мен жасыл өсімдіктер пайдалы. Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері қылқан жапырақты ормандар, ұсақ жапырақты орман-тогайлар, бұіталы тогайлар, даланың бұталы өсімдіктері, сексеуіл, шөлдің бұталы өсімдіктері, дала өсімдіктері, субтропиктік өсімдіктер, шалгындар, тақырлар, шөлдің бір жылдық өсімдіктері болып бөлінеді. Оларға геоботаникалық жағынан Еуразияның қылқан жапырақты орманы (Оңтүстік Алтай), Еуропа, Сібірдің орманды даласы (Солтүстік Қазакстан), Еуразия даласы (Еділ-Жайық, Мұғалжар-Торғай, Есіл-Нұра, Қарағанды, Ұлытау-Сарысу, Зайсан бойы), Азияның шөлді аудандары (Тұран ойпаты, Солтүстік Тянь-Шань, Қара-тау) кіреді.

Жануарлар дүниесінің дамуы жағынан Қазакстан палеоарктикалық-зоогеографиялық облысқа кіреді. Ондағы жануарлар дүниесінің пайда болуы мен қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Палеоген дәуірінде Қазақстанды тропиктік және субтропиктік жануарлар мекендеген. Олар Үндістан және Африка жануарларыньң түрлерімен ұқсас болған. Ал мұз басу дәуірінде жылы климатка бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс аударған. Олардың кейбір түрлері Қазакстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақта (Жоңғар Алатауы, Іле Алатауы, Кетпен жотасы) сақталып қалып, мұз басу дәуірінен кейін қайтадан дамып өскен. Қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұгы, аққұтан, қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады.

       Мұз басу дәуірінде Қазақстанға материктің солтүстігінен суыққа төзімді жануарлар ауысқан. Олардың кейбір түрлері таулы аудандарда әлі де сақталған. Оларға тундра кекілігі, жапалақша т.б. жатады. Мұз дәуірінен кейін Қазақстанға Орталық Азия жануарлары мен құстары өткен. Оларға қур, тоқылдақ,, самырсын құсс, аққоян жатады. Кейін олар дала және шөл зоналарына ауысқан.

       Қазақстанның жануарлар дүниесі қазір сүткоректілердің 178, құстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялык аудандарға бөлінеді. Оларға дала және орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзені бойы), шөлейт және шөл (Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалары, Жайық бойы, Торғай, Қызылқұм, Балқаш пен Зайсан көлінің жағасы, Бетпақдала, Сарысу, Сырдария жағалауы, Үстірт), таулы аудандар (Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань, Қаратау, Ұлытау, Қалба, Сарыарка) жатады.

       Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемделіп, түсі де дала бояуына қарай өзгере дамыған. Ондай қасиеттер тышқандар мен сарышұнақтардың көптеген түрлеріне тән. Даланы тышқан, ала қоржын, қасқыр, түлкі, борсық көп мекендейді. Киік жиі ұшырасады. Дала құстарынан дуадақ, тырна, торгайдың әр түрі (қараторгай, бозторгай, шымшық торгай) кездеседі.

       Орманды даланың сүтқоректілері катарына қоян, су тышқаны, ақ тышқан, елік кіреді. Қасқыр мен түлкі мұнда да жиі кездеседі. Құстардан құр, шіл кең тараған, қайыңды ормандарды қырги, бөктергі, ителгі 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!