жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жануарлардың достығы. Ы дыбысы мен әріпі
ТАҚЫРЫБЫ: Жануарлардың достығы. Ы дыбыс мен əрпі.
Мектеп/МҰ:
Саны: Педагогтің аты-жөні:
СЫНЫП-ТОП:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары
0.1.4.1. Сұрақтарға жауа беріп, өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу.
0.2.1.1. Сөз/сөйлем сызбасын құру жəне оқу.
0.2.1.2. Берілген суреттерден ақпаратты табу.
0.1.1.1. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты,
дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.
0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.
0.1.2.1. Жазу жолдарына Ы əрпінің баспа түрін жазу.
Күтілетін нəтиже
Барлық тəрбиеленушілер:
Сұрақтарға жауап қайтарады.
Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан
жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.
Ы дыбысы – дауысты дыбыс, жуан дауысты. Ы дыбысының
айтылуын дұрыс дыбыстайды.
Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ы дыбысының
орнын ажыратады.
Ы дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады.
Ы дыбысының баспа түрін жазады
Көпшілік тəрбиеленушілер орындай алады:
Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін
(дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.
Сөздегі дыбыс санын, ондағы ы дыбысының орнын ажыратады.
Ы дыбысына сөз ойлайды.
Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы,
сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолданады.
Ы дыбысына (дауысты, жуан дауысты) сөз құрайды.
Жазу жолына Ы əрпінің элементтерін жазады.
Кейбір тəрбиеленушілер:
Кейбір тəрбиеленушілер орындай алады:
Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады.
Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.
Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.
Тілдік мақсат Тəрбиеленушілер:
Суреттер бойынша сұрақтар құрастыру. Суретте бейнеленген
оқиғаны өз жағдайларында əңгімелеп жалғастырады. Сөйлем, сөз, буын туралы біледі.
ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:
Пікір алмасу
Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?
Ит пен қасқыр неге өш деп ойлайсың?
Ы дыбысы естілетін сөздерді буынға бөліп айт. Ы нешінші буында
Өткен ҰОҚ-дан алған білім
Дыбыстарды ажыратады.
Сөйлем түлерін қолданады. Қолды үзбей жазады. Жануарлардың
дауысын келтіреді.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар
І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
3–5 мин.
Балалармен шаттық шеңберін құру.
Қосыл,қосыл шаттық шеңберіне,
Нағыз адал дос болып.
Қосыл,қосыл шаттық шеңберіне,
Ең сенімді дос болып.
«Артығын тап!» дидактикалық ойын.
Педагог жануарлардың суретін бес-бестен
топтастырып тақтаға іліп қояды. Балалар жабайы
жануарлар мен үй жануарлары туралы айтады.
Суреттегі жабайы жануардан артық жануарды
қоршап көрсетеді. Үй жануарларының ішінен
жабайы жануарларды тауып қоршайды.
ҰОҚ-ның ортасы
III. Тақырып
бойынша жұмыс
6 – 27мин.
Əліппе-дəптермен жұмыс
1-тапсырма
.Педагог балалардың көңілін суретке аударады.
Суреттегі жануарларды атайды.
Жануарлардың қоректенуі туралы қысқаша əңгіме жүргізу.
Суреттегі жануарлардың жəне заттардың қайсысынан ы дыбысы естіледі. Балалар ы
дыбысы бар сөзді анықтайды.
2-тапсырма.
Сұраққа сөйлем сызбасымен жауап бер. Шырын құлынға не берді?
Ы – дыбысы – дауысты дыбыс. Ы дыбысын айтқанда тіліміз артқа жылжиды.
3-тапсырма.
Ы əрпімен таныстыру.
Педагог балаларға қағаз қыстырғаштар таратады. Олардан Ы əрпін жасатады.
Ы əрпін құрастыр.
Балаларға үлгі ретінде Ы дыбысының түсті жіптерден, қағаз қыстырғыштан жасалған
суретін беріп, түрлі түсті қағаз қыстырғыштарды береді.
Балалар қағаз қыстырғыштардан Ы əрпін құрастырады.
Балалар Ы əрпінің баспа түрімен танысады.
4-тапсырма.
Өлеңді оқиды. Ы дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу: ыз-з, дыз-з.
Логикалық сұрақ: Сіріңкенің ішінен ы дыбысын тап. Жауабы: шырпы.
Шырпы «Ыз-з!» етті
Саусағым «Дыз-з!»
Сергіту сəті
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Қай өрістен тойдың?
Балалар өлең жолдарын қимылмен айтып, естеріне сақтайды.
5-тапсырма.
Р əрпін теріс жазғанда Ы əрпінің бөлігін бейнелеуге болатынын түсінеді.
Ы дыбысын баспаша жазуға, бастырып сызуға тапсырма беріледі.
Балалар бастырып жазады. Жазу жолдарына Ы əрпінің баспа түрін жазады.
Ы əрпі жазылған плакат.
IV. ҰОҚ-ның қорытындысы.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
Балаларды мадақтап, қай тапсырманы орындау қызықты болғанын сұрайды.
Қай тапсырманы орындау қызықты болды?
Рефлексивтік бағалау. Балалар өз жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген