Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жануарлардың қандай түрлері болады?

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

7 Пәні: Жаратылыстану

Сабақтың тақырыбы:

Жануарлардың қандай түрлері болады?

Мектеп. Шамалған бекетіндегі ҚОМ

Мұғалімнің аты-жөні: З.Кочкарова

Күні:19.10.18ж

СЫНЫП: 1 «К»


Қатысқан оқушылар саны: 24


Қатыспаған оқушылар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқубағдарлама

сына сілтеме)

1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату;

1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру.

Сабақтың мақсаттары:


Барлық оқушылар:  жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырата алады;

Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсінеді.

Кейбір оқушылар:  жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Бағалау критерийлері

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Құндылықтарды дарыту.

Жануарларға қамқорлық жасап, табиғат жанашыры болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Музыка, еңбек, қазақ тілі, математика.

АКТ қолдану дағдылары

Бейнежазба , таныстырылым.

Алдыңғы білім

Жануарлар-тірі ағзалар.

Тілдік құзыреттілік

Жануарлардың атауларын үш тілде айтқызу.

Сабақтың жоспары

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

6 минут

Сәлемдесу. Қонақтармен үш тілде амандасу.

Топқа бөлемін: жануарлардың түрлерімен топқа бөлінеді.

Топ ережесі:

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет шапалақтаймыз!

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

1-топ: «Жабайы жануарлар» 3-топ: «Төлдер»

2-топ: «Үй жануарлар» 4-топ: «Үй құстары»


-Оқушылар, мен сендерді бүгінгі сабақта жануарлардың түрлерімен топқа бөліп отырмын.

-Себебі не деп ойлайсыңдар? (оқушылардың пікірлерін тыңдаймын)

-Дұрыс айтасыңдар.

-Осылай топтастыруымның тағы бір себебі бар. Сабақ кезеңдерінде сендер бірнеше тапсырмалар орындайтын боласыңдар. Әрбір айтылған дұрыс жауап үшін бір жануардың суретін еншілеп отырасыңдар. Сабақ соңында ең көп жануар суретін жинаған оқушы бүгінгі сабақтың «Алғыр оқушы», ең көп жинаған топ «Үздік топ мүшелері» атағына ие болады.

Кіріспе тапсырма. 

Сабақты жануарлар туралы сөзжұмбақ дайындап әкеліп, шешкізуден бастадым. Жұмбақ шешуіндегі «ЖАНУАР» сөзі арқылы сабақ мақсаттарымен таныстырамын. Аталған жануарларды үш тілде атату.

Арыстан- лев- lion (лайн)

Аю- медведь- bear (бея)

Қоян- заяц- rabbit (рәббит)

Жылқы- лошадь- horse (хорс)

Сиыр- корова- cow (коу)

Бұзау- теленок- calf (каф)

Қима суреттер:



Сабақтың ортасы

20 минут
























Білу және түсіну. Жабайы және үй жануарлары.





Оқушылардың  назарын суреттерге аудартамын.

 Сұрақ қоямын:

-Суреттердегі әр жануар не істеп жатыр? Салыстырыңдар.

-Суреттер несімен ұқсайды?

-Ит пен құндыздың іс-әрекеттерінде қандай айырмашылық бар?

-Осы жануарлардың қайсысы үй жануары?, қайсысы жабайы жануар?

-Осы екі суретті жұптастыруға бола ма?

-Сендерде қандай жұптар шықты?

емделу: құндыз жарақатын жалап жазады, ал итке адам қамқорлық жасайды, мал дәрігеріне апарады;

қоректену: құндыз қорегін өзі табады, итке адам тамақ береді;

баспана: құндыз өзіне ағаш бұтақтарынан ін жасап алады, ал итке адам үйшік жасайды.

Оқу­шылардан өмірде осы әрекеттердің қайсысын­ көргенін жетелеуші сұрақтар қоя отырып түсінуге мүмкіндік туғызамын.

Слайд





Оқулық,

мәтіндер.





Мазмұнды суреттер.



























Топтық зерттеу. 
























Сергіту сәті







Жеке жұмыс




Алдын ала әзірленіп қойған белгілі үй жануарларының,  олардың қораларының, азықтарының, бағып-күтуге арналған құралдардың  суреттері таратылады.

Мысалы: жылқы, қой, ит, тауық, шөп, қырғыш, жем-шөп,  сүйектер, сиырқора, ит үйшігі, қойқора, атқора.

Оқушылар топпен талдап, адам әр үй жануары үшін не істей алатындығын  сәйкестендіреді. Әр топқа бір жануарды таңдап алып, ол туралы мәлімет  дайындауға ұсыныс жасауға болады.


Дескриптор

1. Жануарларды ажырата алады.

2. Адам үй жануарлары үшін не істей алатындығын сәйкестендіре алады.



Орман” және “Үй” ойыны.

Мұғалім бейнежазбадан жануарлардың дыбыстарын тыңдатады, ал оқушылар оны жабайы жануар деп санаса “ОРМАН” үй жануары деп ойласа “ҮЙ” белгісін көтереді.


Дескриптор

1. Жануарларды дыбыстырына қарай ажырата алады.

2. Жануарлардың түрін анықтайды және сәйкес бағанға орналастырады.


Үлестірмелер,түрлі-түсті маркерлер.































Бейнежазба



Сабақтың соңы

Бағалау

8 минут




Кері байланыс

1 минут

Бағалау.

Сабақ барысында ең көп жануар суреттерін жинаған оқушыларды анықтау.

Қ.Б « Алғыр оқушы» атағын беру.

Сабақ барысында ең көп жануар суреттерін жинаған топты анықтау.

Қ.Б « Алғыр топ мүшелері» атағын беру.

-Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?








Сабақтан алған әсерлерін көңіл-күй арқылы білдіреді.





Үйге тапсырма: үй жануарлары мен жабайы жануарлардың суретін салып келу.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Тапсырмаларды орындауда қиналатын оқушыға барынша қолдау көрсетіп,қарапайым тапсырмаларды орындауға сенімділік білдіру;

Қабілеті жоғары оқушыларға қасқыр мен ит жануарының ұқсастығы мен айырмашылығын табу үшін күрделі қосымша тапсырмалар орындату.

Топтық жұмыс

Жеке жұмыс:

Жануарлардың қиынды суреттерімен бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

-Сергіту сәті жүргізілді.

-АКТ ны уақытымен пайдалану.

Партада дұрыс отыру.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім жəне неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?




































«Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Бекітемін

Мектеп директоры А.Карекеева




Әдебиеттік оқу

Ата-анамды құрметтеймін

Кей-Қаус. Ата-ананы құрметтеу туралы

ашық сабақ




Тексерген ОІЖДО М.Қыдыралиева

2 «Г» сынып мұғалімі З.Кочкарова




Мерзімі: 04.10.18ж, уақыты: 15:30-16:10, кабинет: №14.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
481
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12