400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жануарлардың улану кезіндегі алғашқы көмек"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жан-жануарларды күтіп баптауға, белгілі жағдай болған кезде, уланған жағдайда алғашқы көмек көрсету шараларын ұйымдастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үйірме: «Жас Ветеринар»

Сабақтың тақырыбы: «Жануарлардың улану кезіндегі алғашқы көмек»

Сабақтың мақсат-міндеті: Балаларға жан-жануарларды күтіп баптауға, белгілі жағдай болған кезде, уланған жағдайда алғашқы көмек көрсету шараларын ұйымдастыру.

Сабақ типі: Жаңа сабақ

Сабаққа қолданылатын педагогикалық технологиялар: АКТ, ұжымдық оқыту, сұхбат, әңгімелесу, өзіндік жұмыс, суреттерді көрсету,

Сабақтың әдісі: Көрнекілік, практикалық, бағалау, видеоролик

Пәнаралық байланыс: Биология, химия

Оқыту құралдары: Оқулық, суреттер, интерактивті тақта, слайд, плакаттар;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасып, аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру, қажетті құралдар мен көрнекіліктерді дайындап, зейіндерін шоғырландыру. Оқушыларға сабақтын мақсаты мен міндеттерін хабарлап, оқушылардың сабаққа жақсы көңіл күймен бастау мақсатында сергіту сәтін өткізу. Оқушыларға «Банан» биін билетіп көңіл күйін көтеру.

ІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық

Үй тапсырмасы ойын арқылы сұралады. «Сиқырлы қобдиша» яғни қобдишада әр түрлі сұрақтар жазылған. Оқушылар сұрақтарға белсене қатысып жауап береді. Өз пікірін айтады, түсіндіреді, есіне сақтайды.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

«Миға шабуыл», Оқушыларға сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың қандай екеннін анықтайды.

ІV. Жаңа білімді бекіту

Оқушыларға жануарларға қауіп төнген кездегі араларды түсіндіру. жаңа тақырып бойынша қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Оқушыларға жаңа сабақ бойынша сұрақтар қойылады;

Қауіпсіздік ережелері:

  1. Жануарларға жақсы көңіл-күймен қарау керек;

  2. Күнделікті тамақ рационын қадағалап отыру керек;

  3. Керекті жабдықтармен жабдықтау қажет;

  4. Ай сайын ветеринарлық дәрігеріне көрсету керек;

  5. Дәрі-дәрмектер, витаминдермен қамтамасыз ету керек;

  6. Жататын орынын тазалап отыру міндетті;

Жануарлар улануында алғашқы көмек көрсету.

Үй жануарларының иелерінде ең жиі туындайтын мәселелердің бірі улану болып табылады. Улану (немесе интоксикация, токсикоздар) – бұл жануарлардың ағзасына әртүрлі улы заттардың енуі салдарынан пайда болады.

Жануарлар мынандай заттармен улануы мүмкін:

  1. тұрмыстық улы химикаттармен (ұнтақтар, жуу құралдары және т.б.);

  2. бояулар, еріткіштер, бензин, керосин, шайырдан; дәрілік заттар ;

  3. қайнатпалар(атап айтқанда егеуқұйрықтарға қарсы у); бүлінген азық-түлік өнімдері және т.б.

Улану келесі жағдайларда пайда болады:

  1. улы заттарды тікелей

  2. жұтқанда, уланған егеуқұйрықты немесе тышқанды жеген кезде; жүннен уды

  3. жалаған кезде; улы буларды жұтқан кезде (түтін, газдар, инсектицидтер және т.б.).

Улану кезіндегі негізгі белгілер.

Жануарлардың белгілері нақты қандай заттармен уланды соған байланысты келеді. Әдетте, клиникалық белгілер кенеттен туындайды және жылдам дамуымен сипатталады. Улану кезіндегі негізгі белгілерге

келесілерді жатқызуға болады:

  1. әлсіздік;

  2. жабырқаңқылық;

  3. дірілдеу;

  4. сілекейдің ағуы;

  5. құсу;

  6. диарея;

  7. тырысулар;

  8. тыныс алудың жиіленуі;

  9. ентігу;

  10. іштің аймағында ауыртпалық сезімдерінің болуы.

Улану кезіндегі алғашқы көмек.

Жануарлардың улануы кезіндегі алғашқы көмек көрсетудің негізгі

міндеттеріне мыналар жатады:

  1. ағзаға одан әрі улардың түсуі тоқтату;

  2. қанға удың сорылмауына алдын-ала мүмкін жасау;

  3. ағзаға удың зиянды әсерін төмендету;

  4. ағзаға еніп үлгерген уларды асқазанды жуу және құсықты шақыратын

заттарды пайдалану арқылы уларды тезірек ағзадан шығарылуын қамтамасыз ету;

Кейінірек судың көп мөлшері мен тазартатын клизманы пайдалана отырып, асқазан-ішек жолдарында удың концентрациясын азайту; асқазанды жуып болғаннан кейін жануарға сорбент дәрісін ішкізу

қажет (әдеттегідей бұл белсендірілген көмір немесе полисорб). Құсықты шақыру үшін жануардың ауызына көп мөлшерде суды құю жеткілікті (тұздатылғандыда құюға болады). Жануар қатты әлсіреп және дене температурасы төмендеген кезде жылуды шығуын азайту үшін оның үстін көпермен жауып тастау қажет. Жануарға алғашқы көмек көрсетіліп болғаннан кейін оны тезірек клиникаға жеткізу керек, я болмаса мал дәрігерін диагноз қою үшін және одан кейінгі шараларды қабылдау үшін үйге шақырту қажет.Бұл ретте емі барынша тиімді болуы үшін ветеринариялық дәрігерге толық ақпарат алу қажет. Жануар газдармен уланған кезде оны таза ауаға шығару қажет.

Көздің және ауыз қуысының кілегейлі қабықтарын жеткілікті және уақытылы 3%-дық ас содасымен жуған кезде ол тұтшықтыратын газды бейтараптайды.

Тапсырма 1.

  1. Улану дегеніміз не?

  2. Улануда алғаш көмек неден басталады?

  3. Уланудың түрлері қандай?

  4. Уланудын басты себептері неде?

  5. Улануға қарсе қандай препораттарды білесіз?

  6. Улану кезінде организмде қандай өзгерістер байқалады?

V. Үйге тапсырма

Үйге тапсырма орындалу жолын түсіндіру арқылы беріледі. Қандай әдебиеттерді пайдаланатына нұсқау береді. Оқушыларға үй жануарларында кездесетін аурулар жөнінде біліп келу.

VІ. Бағалау

Оқушыларға смайлик беріледі. Оқушыларды сұрақтарға берген жауабы, тапсырмасы бойынша бағалайды;

VІІ. Қорытындылау

Жаңа тақырыпты қорытындылап, қорытындылау сұрақтарының нақты, әрі жүйелі болуын қадағалап, оқушылардың тақтада берілген смайликтерге өз ойларын жазғанын қадағалайды;

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 тамыз
2081
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі