Білім беру саласы: « Шығармашылық »
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жапсыру
Тақырыбы: «Түрлі-түсті шарлар»
Мақсаты: Балаларға шарлардың түстері мен пішіндерін ажырату арқылы білімдерін бекіту. Шарды желіммен ақ қағазға жапсыруды үйрету. Жапсыруда қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып саусақ қимылдарын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер. түрлі түсті шарлар, әуен, тақта, сиқырлы қорапша
Әдіс –тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, кейіпкер, дидактикалық ойындар
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз, қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
-Балалар , бүгін бізде өте ерекше күн және өте көңілді болады.
-Қазыр жылдың қай мезгілі?
-Көктем
-Көктемде ауа райы қандай болады?
-Күн жылынады, жаңбыр жауады, Құстар жылы жақтан ұшып келеді.
Іздену-ұйымдастырушы:
Балалардың көңілін сиқырлы сандыққа аудару.
Қараңдаршы , бұл не?
Ашып көргілерің келе ма?
Ендеше сендерге жұмбақ жасырамын.
Ұшамын тауда қалықтап,
Қолың жетсе алып бақ.
Қызыл жасыл түсім бар.
Сөңымнан кане, ұшыңдар. (шар)
Сандық ішінен түрлі түсті шарлар ұшып шығады.
Балалар, бұл шарлар екен. Шарлардың түстері қандай? (қызыл, жасыл, сары, көк)
Есік қағылады.(Сайқымазақ келеді, көңіл күйі жоқ)
-Амансыңба ,Сайқымазақ саған не болды, көңіл күйің жоқ қой
-Иә ,мен жолда келе жатып шарларымды жарып алдым және осында балалар көмектеседі деп естідім. Маған көмек беріңіздерші.
-Ия әрине көмектесеміз бе, балалар?
-Сіз осында отырыңыз біз бүгін іс әрекетімізде шарлар туралы өтіп жатырмыз.
-Балалар , тақтаға назар аударыңдар. Балалар, мынау шар. Шар резеңкеден жасалады. Шарды түрлі- түсті бояулармен бояйды. Шарлар үріледі, созылады, жыртылады,шардың іші толған ауа , суға салсаң батпайды себебі шар өте жеңіл болады. Шарды қатты қыссаң қысыммен жарылады. Шардың пішіні сопақша, дөңгелек болады.
Шарлардың түстерін қайталайық.
-Балалар: Қызыл, сары, жасыл , көк
Ал, пішіндерін атайық
-Дөңгелек, сопақша
-Қане, енді шарларды санайықшы?
-Балалар:1,2,3,4.5
Балалар, бүгінгі іс әрекетімізде сендермен түрлі түсті шарларды жапсырамыз.
(Жапсыру кезінде орындалатын қауіпсіздік техникасына тоқталу. ) Бірінші шардың суретіне желім жағып, аққағаз бетіне жапсырамыз.
Сергіту сәті:Бала, бала балапан,
Кане қайсы алақан.
Саусақтарың айбат,
Былай,былай ойнап
Топ топ басамыз,
Жалаудан күн жасаймыз.
Жаса , жаса Алтын күн,
Жаса , жаса жарқын күн!
Балалар енді тыныс алу жаттығуын жасаймыз.(Шеңбер бойымен тұрып, ауада қолдарын шарды бейнелеп, өздеріне елестете үрлейді )
Ал енді жұмыстырыңды көрмеге жапсырамыз.
Балалар енді Сайқымазаққа шар туралы тақпақ айтып берейік.
1-бала :
Қызыл, сары, көк шар.
Қолымызда көп шар.
Әуеде қалқиды.
Әніміз шалқиды
2-бала;
Қызыл, сары, көк шар
Қолымызда көп шар.
Айдаймыз, күндейміз,
Ойнаймыз күлеміз.
Дидактикалық ойын
« Шардың жібін тап»
Шарты: Түрлі түсті шарды алып, түсіне қарай жіпті іледі және сиқыршыға сыйлайды.
Балалар; Шарды сиқыршыға сыйлайды.
Сайқымазақ; Рахмет балалар, меніңде сендерге арналған сыйлығым бар, соны сендерге табыстайын.
-Сабақтың соңында тәрбиешілерің үлестіріп береді. Балалар сендерге көп рахмет. Менің де кететін уақытым болды. Сау болыңдар!
Дидактикалық ойын: «Түсіне қарай орналастыру» Шардың түсіне қарай себетке доптарды салады, санайды.
-Балалар: Бізге қонаққа кім келді
-Сайқымазақ
-Балалар , қандай түсті шарларды біз жапсырдық
-Қызыл, жасыл, сары
-Сендерге оқу іс әрекеті ұнады ма
-Балалар: Иә . ұнады
-Жақсы рахмет , сендер жақсы қатыстыңдар.Сайқымазақтың берген сыйлығын табыстайын.
-Балалар, қанақтармен қоштасып, сау болыңыздар дейміз.
-Балалар: Сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жапсыру. Түрлі-түсті шарлар
Жапсыру. Түрлі-түсті шарлар
Білім беру саласы: « Шығармашылық »
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жапсыру
Тақырыбы: «Түрлі-түсті шарлар»
Мақсаты: Балаларға шарлардың түстері мен пішіндерін ажырату арқылы білімдерін бекіту. Шарды желіммен ақ қағазға жапсыруды үйрету. Жапсыруда қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып саусақ қимылдарын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер. түрлі түсті шарлар, әуен, тақта, сиқырлы қорапша
Әдіс –тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, кейіпкер, дидактикалық ойындар
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз, қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
-Балалар , бүгін бізде өте ерекше күн және өте көңілді болады.
-Қазыр жылдың қай мезгілі?
-Көктем
-Көктемде ауа райы қандай болады?
-Күн жылынады, жаңбыр жауады, Құстар жылы жақтан ұшып келеді.
Іздену-ұйымдастырушы:
Балалардың көңілін сиқырлы сандыққа аудару.
Қараңдаршы , бұл не?
Ашып көргілерің келе ма?
Ендеше сендерге жұмбақ жасырамын.
Ұшамын тауда қалықтап,
Қолың жетсе алып бақ.
Қызыл жасыл түсім бар.
Сөңымнан кане, ұшыңдар. (шар)
Сандық ішінен түрлі түсті шарлар ұшып шығады.
Балалар, бұл шарлар екен. Шарлардың түстері қандай? (қызыл, жасыл, сары, көк)
Есік қағылады.(Сайқымазақ келеді, көңіл күйі жоқ)
-Амансыңба ,Сайқымазақ саған не болды, көңіл күйің жоқ қой
-Иә ,мен жолда келе жатып шарларымды жарып алдым және осында балалар көмектеседі деп естідім. Маған көмек беріңіздерші.
-Ия әрине көмектесеміз бе, балалар?
-Сіз осында отырыңыз біз бүгін іс әрекетімізде шарлар туралы өтіп жатырмыз.
-Балалар , тақтаға назар аударыңдар. Балалар, мынау шар. Шар резеңкеден жасалады. Шарды түрлі- түсті бояулармен бояйды. Шарлар үріледі, созылады, жыртылады,шардың іші толған ауа , суға салсаң батпайды себебі шар өте жеңіл болады. Шарды қатты қыссаң қысыммен жарылады. Шардың пішіні сопақша, дөңгелек болады.
Шарлардың түстерін қайталайық.
-Балалар: Қызыл, сары, жасыл , көк
Ал, пішіндерін атайық
-Дөңгелек, сопақша
-Қане, енді шарларды санайықшы?
-Балалар:1,2,3,4.5
Балалар, бүгінгі іс әрекетімізде сендермен түрлі түсті шарларды жапсырамыз.
(Жапсыру кезінде орындалатын қауіпсіздік техникасына тоқталу. ) Бірінші шардың суретіне желім жағып, аққағаз бетіне жапсырамыз.
Сергіту сәті:Бала, бала балапан,
Кане қайсы алақан.
Саусақтарың айбат,
Былай,былай ойнап
Топ топ басамыз,
Жалаудан күн жасаймыз.
Жаса , жаса Алтын күн,
Жаса , жаса жарқын күн!
Балалар енді тыныс алу жаттығуын жасаймыз.(Шеңбер бойымен тұрып, ауада қолдарын шарды бейнелеп, өздеріне елестете үрлейді )
Ал енді жұмыстырыңды көрмеге жапсырамыз.
Балалар енді Сайқымазаққа шар туралы тақпақ айтып берейік.
1-бала :
Қызыл, сары, көк шар.
Қолымызда көп шар.
Әуеде қалқиды.
Әніміз шалқиды
2-бала;
Қызыл, сары, көк шар
Қолымызда көп шар.
Айдаймыз, күндейміз,
Ойнаймыз күлеміз.
Дидактикалық ойын
« Шардың жібін тап»
Шарты: Түрлі түсті шарды алып, түсіне қарай жіпті іледі және сиқыршыға сыйлайды.
Балалар; Шарды сиқыршыға сыйлайды.
Сайқымазақ; Рахмет балалар, меніңде сендерге арналған сыйлығым бар, соны сендерге табыстайын.
-Сабақтың соңында тәрбиешілерің үлестіріп береді. Балалар сендерге көп рахмет. Менің де кететін уақытым болды. Сау болыңдар!
Дидактикалық ойын: «Түсіне қарай орналастыру» Шардың түсіне қарай себетке доптарды салады, санайды.
-Балалар: Бізге қонаққа кім келді
-Сайқымазақ
-Балалар , қандай түсті шарларды біз жапсырдық
-Қызыл, жасыл, сары
-Сендерге оқу іс әрекеті ұнады ма
-Балалар: Иә . ұнады
-Жақсы рахмет , сендер жақсы қатыстыңдар.Сайқымазақтың берген сыйлығын табыстайын.
-Балалар, қанақтармен қоштасып, сау болыңыздар дейміз.
-Балалар: Сау болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз













