жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жақша" 6-класс
математика. 6 класс. Сабақтың тақырыбы:Жақшаны ашу.Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару. Мақсаты:Жақшаны ашу ережесін тұжырымдау,көбейтудің қосуға және азайтуға қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланып жақшаларды ашу. Жақшаны ашу ережелерін тиісті жағдайларда пайдалану. Білімділік мәні:ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және жақшаны ашып, көбейтіндіні қосынды түрінде өрнектей білу. Тәрбиелік мәні:оқушыларды еңбектенуге,ізденуге тәрбиелеу,шапшаңдыққа баулу. Дамытушылық мәні:оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,логикалық ойлау қабілетін дамытып,математикалық тілде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. сабақтың түрі:жаңа тақырыпты таныстыру сабағы. Көрнекілігі:интерактивті тақта,көбейтудің қасиеттері,деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:оқушылармен өзара амандасу,класс тазалығына көңіл бөлу, оқушылар назарын сабаққа аудару. II.Үй тапсырмасы бойынша тірек сұрақтары: а)қосудың қасиеттерін тұжырымдау; ә)көбейтудің қасиеттерін тұжырымдау және өрнектеу. III.Жаңа тақырыпты түсіндіру: «Жақша» атауы немістің Леонард Эйлер енгізген «Кlammer»-жақша деген термин сөзінен шыққан.Жақшалар тек XVIII ғасырдың I жартысында ғана неміс ғалымдары Готфрид Лейбниц пен Леонард Эйлердің еңбектері арқылы кеңінен тарады. Тақырыптың алдын-ала даярлық тапсырмасын орындау арқылы жақшаны ашып,көбейтіндіні қосынды түрінде өрнектеуді оқушылар тақтада орындайды: 1)3*(2а+9в+10с)═ 6а+18в+30с; -5(11х+7у-37)═ -55х-35у+185; 2)ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару: ав+ас-аd ═а(в+с-d); 4а+10в+18с═2(2а+5в+9с) Жақшаны ашу: а)алдында «+» таңбасы бар жақшаны ашу үшін жақша алдындағы «+»таңбасын және жақшаны жазбай, жақша ішіндегі қосылғыштарды өз таңбаларымен жазу керек. Мысалы:3+(-2а+5в-6с)═3-2а+5в-6с; ә)алдында «-» таңбасы бар жақшаны ашу үшін «минус» таңбасын және жақшаны жазбай, жақша ішіндегі қосылғыштарды қарама-қарсы таңбамен жазу керек. мысалы: -(7а+2в-3с)═ -7а-2в+3с; -(9х-8у+5)═ -9х+8у-5; б) а(в+с) түріндегі өрнектегі жақшаны ашып жазу үшін көбейтудің үлестірімділік қасиеті қолданылады. (көбейтудің қасиеттеріне тарихи шолу жасау). мысалы: 5(4х+2у)═20х+10у; в)ортақ көбеткішті жақша сыртына шығару. Мысалы: 20а+15в ═ 5(4а+3в); мұндағы 5-ортақ көбейткіш.
жақшаны ашу
а (в+с)
ав+ас
ортақ ортақ көбейткішті
көбейткіш жақша сыртына шығару
IV.Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруға және жақшаны ашуға жаттығулар орындау. №749-ауызша орындау.
№750-тақтада талдау: 1)а+(в-с)═а+в-с; 4)9-(а+в+с)═9-а-в-с; 7)а-(в-с+d)═а-в+с-d; 2)х-(у+2)═х-у-2; 5)х-(-3+у-z )═х+3-у+z 8)х+(у-z+8)═х+у-z+8; 3) m-(-n-k)═ m+n+k; 6)m+(8+n-k)═m+8+n-k; 9)m-(-2+n+k)═m+2-n-k; №751-жақшаларды ашып жазу: 1)1,9(а+2)═1,9а+3,8; 3)-2(х-0,9) ═ -2х+1,8; 5)1,3(а-в)═1,3а-1,3в; 2)3(а-1,7)═3а-5,1; 4)-3(1,6+у)═ -4,8-3у; 6)-4(х+у)═ -4х-4у;
№752-ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару:
1)2m- 2n ═2(m-n); 2)3а-6в═3(а-2в); 3)6х+10у═2(3х+5у);
3х+3у═3(х+у); 2с+8d═2(с+4d) 15а-12в═3(5а-4в);
-4m-4n═ -4(m+n); 5m-15n═5(m-3n); 20с-24d═4(5с-6d);
№753-жақшаны ашып,өрнектерді ықшамдау:
1)5-(а+3)═5-а-3═ -а+2; 2)2+(-8+с)═2-8+с═ -6+с; 3)0,8-(а+3)═0,8-а-3═ -а-2,2;
8-(10+в)═8-10-в═ -2-в; 3+(-в-5)═3-в-5═ -в-2; 1,4+(с-2)═1,4+с-2═ с-0,6;
9-(с+7)═9-с-7═ -с+2; 4+(а-9)═4+а-9 ═ а-5; 2,6-(-у+10)═2,6+у-10═у-7,4
5.Деңгейлік тапсырмалар бойынша оқушылармен жеке жұмыс жасау,талдау. 6.Кестемен жұмыс: «Қоян қайда секіреді?»
|
-4(а-2в) |
9(х+2у) |
|
9х+18у |
-(а+5в-4с) |
|
-а-5в+4с |
-4а+8в |
7.Сабақты қорытындылау:оқушыларды бағалау, шығарылған есептер нәтижесі бойынша тақырыпты пысықтау. Үйге:№754. Көбейтудің қасиеттерін қайталау.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген