Жақсы бала – жанған шырақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жақсы бала – жанған шырақ

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аудандық «Оқушылар Сарайы»ММ

















Жақсы бала – жанған шырақ

Тәрбие сағаты











Аминова Айгерим Юсупқызы

















2018-2019 оқу жылы

Күні: 15.09.18ж

Сабақтың тақырыбы: Жақсы бала – жанған шырақ
Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды жақсы қасиетке үйрету, жаман әдеттен жиренту арқылы адамгершілік қасиеттерін дамыту;

Ата - ана мен баланың өзара түсіністіктерін арттыру; мейірімділікке тәрбиелеу, ата - анасын қадірлей, құрметтей білуге дағдыландыру.

Ұжымда жұмыс жасауға үйрету, бір - бірін тыңдау, құрметтеу.
Көрнекілігі: слайдтар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.
1. Мұғалімнің әңгімесі
Елбасы Н. Ә. Назарбаев былай деген: «Отбасы – қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. Көп ұлт өкілдері мекен еткен мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан қаланады. Осы жағынан кез - келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінеді»
Алдымен сүй, ардақта ата - анаңды,
Үлгілі ұрпақ ата - анадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда
Мейірімінен ата - ананың жасалады.
2. Мағынаны ажырату.
«Отбасы» деген не? Ассоциация әдісі арқылы өтеді (ата, әже, ана, әке, бауыр, апа, аға, іні, қарындас)
3. Оқушылар сөзі
1) Ұл - қыз ата - анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтсем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата - ананың ақылды ұл - қызы боп өседі.
2) Ата - ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей, ата - анаңды аялап бақсаң, армандарың орындалады.
3) Сәби шағыңда олар өзіңді қалай бағып - қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.
4) Кейбір тәрбиесіз, әдепсіз балалар ата - анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып әке, ана, апа, туыс, бауырларыңды сыйлап жүріңдер.
5) Құран Кәрім: «Біз адамдарға ата - аналарына жақсылық жасауды бұйырдық» деп жазады.
6) Конституциямызда «Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата - анасына қамқорлық жасауға міндетті» делінген.
4. Мұғалім:
Ата - ананың басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Отбасында баланың жан - жақты қалыптасуына ата - ана мен отбасы мүшелерінің қарым - қатынасы және тағы басқа кісілік келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеу керек екендігі бәрімізге аян.

Тапсырмалар:
1. «Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,
Үйренеміз жақсы мінез, әдеппен» Мақал - мәтел сайысы (отбасы туралы)
2. «Ата - ана отбасының діңгегі» Слайд қорғау
3. Жағдаяттар шешу
4. Ойын ойнау
Жағдаяттар:
1. Үй жинап жүріп қымбат ыдысты сындырып алдың. Анаң ренжулі түрде қарады. Сенің іс - әрекетің?
2. Сенің туған күнің. Анаң тәттілерді 10 - да әкелем деп ұмытып кетті. Сенің іс - әрекетің?
3. Әкең туған күніңе ұялы телефон алып берем деген. Дәл сол күні жаңа телефон да үйге келді. Бірақ сол күні сабақта нашар баға алдың, енді не істейсің?
4. Сыныпта кезекшісің. Тақта мен парталарды ылғалды сүрткішпен сүртіп жүріп, журналға байқамай су төгіп алдың.
Сенің іс - әрекетің?
«Сиқырлы жүрек» Бұл бөлімде оқушылар қағаз «жүрекке» «Жақса бала» тіркесіне қажетті сөздер жазады.
Қорытынды:

Оқушы:

Ата - ана бақытымсың барымсың,
Тірегімсің, сүйенішім, бағымсың.
Жалғасындый ата - ананың балалар,
Жақсы атымен бар әлемге танылсын.
Бақытты отбасы – келешек кепілі,
Тәрбие – бұл жұмбақ шешімі.
Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсету –
Әрқашан да үлкендердің міндеті.
Халқымыз «Жақсы бала - жанған шырақ» дейді. Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.


















Шалқар аудандық «Оқушылар сарайы» ММ-нің «Сазды өнер» бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес «Жақсы бала – жанған шырақ»

атты тақырыбындағы ашық тәрбие сағатының

Анықтамасы

15 қырқүйекте Оқушылар сарайының «Сазды өнер» бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес «Жақсы бала – жанған шырақ» атты тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты:

Оқушыларды жақсы қасиетке үйрету, жаман әдеттен жиренту арқылы адамгершілік қасиеттерін дамыту, ата - ана мен баланың өзара түсіністіктерін арттыру, мейірімділікке тәрбиелеу, ата - анасын қадірлей, құрметтей білуге дағдыландыру.

Ұжымда жұмыс жасауға үйрету, бір - бірін тыңдау, құрметтеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.
1. Мұғалімнің әңгімесі
2. Мағынаны ажырату.
«Отбасы» деген не? Ассоциация әдісі арқылы өтеді (ата, әже, ана, әке, бауыр, апа, аға, іні, қарындас)
3. Оқушылар сөзі
1) Ұл - қыз ата - анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтсем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата - ананың ақылды ұл - қызы боп өседі.
Тапсырмалар:
1. «Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,
Үйренеміз жақсы мінез, әдеппен» Мақал - мәтел сайысы (отбасы туралы)
2. «Ата - ана отбасының діңгегі» Слайд қорғау 3. Жағдаяттар шешу 4. Ойын ойнау
«Сиқырлы жүрек» Бұл бөлімде оқушылар қағаз «жүрекке» «Жақса бала» тіркесіне қажетті сөздер жазады.
Қорытынды:

Халқымыз «Жақсы бала - жанған шырақ» дейді. Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.


Анықтама жазған: Аминова Айгерим Юсуповна


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
1356
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі