Материалдар / Жақсы кітап оқығаның, жақсы жолдас тапқаның
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жақсы кітап оқығаның, жақсы жолдас тапқаның

Материал туралы қысқаша түсінік
Жақсы кітап оқығаның, жақсы жолдас тапқаның
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2017
430
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мақсаты: Оқушылырдың кітап оқуға кұмарлығын арттыру, кітап оқу арқылы олардың сөздік корының молаюы, ой-өрісінің дамуы, рухани байлығының толуы, шығармашылық кабілетінің артуы;

сапалы білім, саналы тәрбие алу үшін көп оқып, көп іздену керек екенін түсіндіре отырып оларды адамгершілікке мейірімділікке, шындыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивтік тақтаны қолдану. Слайдтар.


«Артық білім кітапта , ерінбей оқып көруге».

А.Құнанбаев.

«Кітапты құрметтеу керек. Осынау ой –күмбезіне қастер тұтып кіру керек».

И.А.Герцен.


«Кітапен дос бол, оның жомарт беттері көзіңді ашар, адал одан жоқ тегі» .

Р.Ғамзатов.

«Әрбір адамның ең жақын досы- өмір досы кітап болуы тиіс».

М.Әуезов.


Барысы. Ойынға 5-8 сынып оқушылары қатысады.


Кітапханашы:: «Кітап - жан айнасы». Оған карап ойыңды да, бойыңды да түзеуге болады. Кітап оқу арқылы сен адамның жан сырын ұғасың. Кітап сенің сырыңды сыртқа шашпайды. Саған үндемей әр уақытта көмек көрсетеді. Кітап ақы сұрамайды, тәрбиесін міндет қылмайды. Кітап - еңбек құралы, тек еңбектің ғана құралы емес, сезімдерін, талаптарын, ойларын түсінуге мүмкіндік береді. Бір ұрпақтың екінші ұрпаққа қондыратын рухани өсиеті.

Ұлы жазушы М.Горький «Өз бойымдағы барлық жақсылығым үшін кітапқа борыштымын» дейді. «Білім бұтағы кітапты сүйіңіздер» деп жар салады. Кітаптан не іздесең бәрін табасың. Кітаптың білмейтіні бар ма? Ол саған естен кетпес ертегі, қиялыңа қанат бітірер әңгіме, жыр айтып береді. Кітап арқылы үйіңде отырып-ақ әлеммен танысасың, тарихпен тілдесесің, алыс жерге саяхат шегесің, түрлі елдермен танысасың. Кітап - сенің ақылгөй адал досың, өмірлік есті жолдасың. Сен ерінбесең ол саған ақыл айтудан жалықпайтын шебер ұстаз.

Кітап - адамгершіліктің қайнар көзі, адамзаттың рухани байлығы, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, өнер-білім бұлағы, оқу-тәрбие кұралы.

Кітап - алтын қазына. Кітап өзі ескіргенмен сөзі ескірмейді. Кітапты қастерлеу жөнінде халықта қалыптасқан дәстүрлер - осылар. Кітапты түсініп оқысаң көп білесің, кейбіреулер сабақты тек оқулықтағы сөздерді жаттау арқылы айтып шығады, сондықтан тұтығып кеп қиналады, сондықтан кітапты көп оқу керек. Ол сенің сөздік қорыңды байытып, ой өрісіңді кеңітіп, сөйлеу мәдениетін артырады. Кітап өмірдің ащы-тұшысын үйретеді. Кітап - ұрпақтан ұрпаққа қалатын рухани қазына, сондықтан кітапты жыртпай, қадірлеп ұстауға тиіспіз.

1. Ал енді құрметті оқушылар бүгін біз сіздермен I-ші бөлімде «Кім көп кітап оқыды?» атты сұрақ жауап сайысын бастаймыз. Ендеше сыныпта қандай оқушы кітапты көп оқитынын білеміз.

1) ...Кемпір: Тұрсам отыра алмаймын, шырағым, отырсам тұра алмаймын, шырағым, әперуге әлім жоқ, нашар адаммын, - деп мүләйімсиді.

Сұрақ: Үзінді қай ертегіден? Бұл ертегі ертегінің қай түріне жатады? Кейіпкерлері кімдер? Кемпірдің нені әперуге әлі жоқ?

Жауап: Ер Төстік ертегісінен үзінді. Ертегі ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады.

2) ...Сол-ақ екен, қарсы бұрылып алып аттыға қарай «арс!» етіп шапшып қалды. Арандай ашылған ауыз бірдемені жұлып түспек еді. Ыңғайына бала тонының өңірі ілінді. Соны бөксеріп жұлып түскенде, боз ат осқырып атқып кетті.

Сұрақ: Үзінді авторы кім? Қай оқиғаны бейнелеуден үзінді деп ойлайсыз? Жазушы осы шығарма арқылы нендей мәселені көтерген еді?

Жауап: М.Әуезов Көксеректен үзінді .

3) Күтпеген жерден шүйдені соққан қандай жаман, кешікпей-ақ немістер орындарынан қарғып тұрып, у-шу болып көшеге шыға келгенде , кезеп қойған пулеметке сөз беріп 500 оқ шығардық. Оның үстіне минометті құрбақаша бақылдатып,70 минаны қайдан шықсаң онан шық деп немістерге сәлемдемеге жібердік...

Сұрақ: Үзінді авторы кім?Қай кітаптан үзінді?Қай жылғы оқиғаны қамтыған?

Жауап: Б.Момышұлы.«Қанмен жазылған кітап».

4) ...Әжемнің әжімді маңдайынан шөп еткізіп бір сүйдім де, жүгіріп тысқа шықтым. Шіркін, бүгінгі кеш қандай әдемі еді!

... Мөп-мөлдір мына ғажап дүние! «Ұш! Самға!» деп қолтығымнан қанат бітіретін, арман нысанасына қарай алып ұшатын тәрізді. Лаула! Лаула жігер оты! Самға қиял құсы! Асығатыным да, аңсайтыным да ертеңгі болашағым... ,'

Сұрақ: Кімнің шығармасынан үзінді? Басты кейіпкері кім, ол туралы не білесің? Автор алғашында шығарманы қалай атаған?

Жауап: Б.Соқпақбаев.Менің атым Қожа. Басты кейіпкері Қожа. Басында «Өзім туралы повесть»деп аталған.

5) Ерте, ерте ертеде, ешкі кұйрығы келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанғап деген бір кедей болыпты. Қазанғап кұс атып, балық аулап күн көреді екен. Әйелі ау тоқып, жамау жамайды екен.

Сұрақ: Үзінді кай ертегіден? Ертегінің кай түріне жатады? Басты кейіпкері кім?

Жауап: Керқұла атты Кендебай ертегісінен үзінді. Басты кейіпкері Кендебай. Бұл қиял ғажайып ертегісіне жатады.

6) ...Жылы қымтаулы төсекте жатқан, ет желініп бітпей-ақ ұйқыға кеткен Зигфрид Вагнер ертеңіне таңертең Зекен Ахметұлы Бегімбетов болып оянды.

Сұрақ: Үзінді кімнің шығармасынан? Бұл хикаят қай кездегі оқиғаны суреттейді?

Жауап: Бір атаның балалары М.Мағауиннің повесінен үзінді.Бұл хикаят 1937-1938 жылдарды суреттейді.

7)... Шілдеде Есіл өлкесінің желі баяу еседі. Жылдың өзге мезгілдеріне жортуылын жиілететін жел піскен өсімдіктің жемісін төгермін деп аяғандай жұлкылап-желпіп мазаламайды

Сұрақ: Үзінді кімнің шығармасынан? Үзіндіде қай әннің шығу тарихы баяндалады, соны әңгімеле.

Жауап: С.Мұқановтын шығармасынан «Есіл тасып барады» Әнінің шығу тарихы баяндалады. Бұл өлеңде Есіл өңіріңің көркін танытып,табиғат құбылысы баяндалады.

8) - Биолог Тұранов, сіз өз пікіріңізді кесіп айтсаңызшы, қараптан-қарап отырып дағдарып қалдық қой. Осылай отыра береміз бе, жоқ әлде тыска шығып өлеміз бе? «Байкоңыр-12» космос кемесінің командирі Елшібек Оразов креслода шалқалап жаткан биологқа осылайша шүйілді.

Сұрақ: Үзінді қай шығармадан? Қандай жанрда жазылған шығарма?

Жауап:Т.Сұлтанбековтың «Ғажайып планета» әңгімесінен үзінді. Фантастикалық шығармаға жатады.

Кітапханашы:: Қай қаламгер болмасын өмірдің жақсылы-жаманды қыр-сырын, ащысы мен тұщысын кейіпкерінің мінез-құлқы арқылы береді. Тіпті айтпақ болған жан айқайын кейіпкерінің аузына сөз салып жеткізіп жатады. Көкірегі ояу оқырман мұны түсінеді де, түйсігіне қабылдайды. Бір кейіпкер үшін жанымыз ашыйды, біреуіне зығырданымыз қайнайды, тіпті біреуі үшін жүрегіміз жарыла қуанып жатамыз. Көркем шығарманы сүйіп әрі сүйсіне оқитын әр оқушы осы бір сезімдерді басынан кешіріп жататыны рас.

Бейне тақтадағы «Кітаптың оқушыға берер тәрбиесі» деген кескінге әр оқушы өзінің ойын жазып шығады.



DrawObject1

DrawObject2


DrawObject3




DrawObject4

DrawObject5

DrawObject6


DrawObject8 DrawObject7

DrawObject9



DrawObject11 DrawObject10



DrawObject12 DrawObject13


DrawObject14

DrawObject15







II - бөлім. «Бұл қай кейіпкер?» деп аталады. Ал бүгінгі оқушыларымыз оқыған кітаптарындағы кейіпкерлерді қаншалықты таниды екен?

1) Балуан Қажымұқанның күресіне тәнті болып, таңертеңгі гимнастикамен айналысуды әдетке айналдырған. Орман ішінде көздеген жауымен байқаусызда кездесіп, қапыда айырылып қалған кім?

Жауап: (Хамит.. С.Сейфуллин. «Бандыны қуган Хамит»7-сынып.)

2) Өзі мерген, өзі құсбегі, үнемі қанжығасы қанды бола тұра үйіне қоржынын толтырып әкелмейді, қолындағысын жұртқа үйлестіріп береді.

Жауап: (Ораз. СМұқанов «Өмір мектебі»7-сынып.)

3) Құдық қазуды кәсіп еткен, нағыз еңбеққор, ерен еңбегімен елдің шөлін қандырып жүрген.

Жауап: (Еңсеп. Ә.Кекілбаев «Шыңырау» 6-сынып).

Қалыңдығын бір түнде алып қашпақшы болған, жүйрік аты мен тайыншадай ірі итімен ауылды қасқыр атаулыдан құтқарып отырған.

4) Үйінде мәз төсеніші де жок, өзі кісіге үйір, жолдасқа жанын киятын, бар асыл бұйымы - үкілі сары домбырасы.

Жауап:(Әмірқан. Ж.Аймауытов "Әнші".7-сынып)

5) "Жетім ұлға қызымды бермеймін, малыма ие болып қалады" деп елінен үдере көшіп, шөл далаға кезігетін кім?

Жауап:(Қарабай. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»7-сынып)


6.- Е-е... бұлдыр-бұлдыр күн еткен. Бұрынғыдан кім өткен... деп тақпақтап басталатын әже ертегісін тыңдап өскен, Байкөкше дейтін жыршыдан "Қозы Көрпеш-Баян сұлуды" тыңдаған.

Жауап: (Абай М.Әуезов «Абай жолы»5-сынып.)

7.Қалыңдығын бір түнде алып қашпақшы болған, жүйрік аты мен тайыншадай ірі итімен ауылды қасқыр атаулыдан құтқарып отырған.

Жауап: (Қайсар. Ғ.Мүсірепов «Боранды түнде».)


8) Сүйгеніне қосыла алмай, Көкенайдың атқан садағынан аман қалған, өз елінде қалмай Бұқар жаққа кеткен...

Жауап: (Қалқаман. Ш.Құдайбердіұлы «Қалқаман-Мамыр»

Кітапханашы: «Адам барлық жағынан да- түрі де, киімі де, жаны да,ойы да сұлу болуы керек» олай болса балалар ендігі кезекті нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерге және жұмбақтарға берейік.

3-бөлім. Нақыл сөздер мен қанатты сөздер және мақал- мәтел, жұмбақтарды кім көп біледі.

Мысалы.

1.Адамның ішкі сезімінің айнасы-көз .

С.Мұқанов.

2. «Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді».

Бұхар жырау.

3. «Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды.

Жүсіп Баласағұни.

4. «Жақсылық пен игілікке алыс-жақын жоқ».

М.Әуезов.

5. «Адамгершілік кімде болса, соны ер деп есепте».

Ахмед Югники.

6. «Сұлулық – адам баласының жан дүниесінде ұдайы қайталанып отыратын жақсы қасиет».


Қанатты сөздер:

1.Көп жасаған білмейді,

Көп оқыған біледі.

М.Әуезов.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

А.Құнанбаев.

Бейне тақтадағы мақал-мәтелдерді тура тауып өз орнына қою керек.

1.тіл. Өнер қызыл алды (Өнер алды- қызыл тіл)


2.азығы білім Оқу (Оқу білім азығы.

Өнер қазығы Білім Білім-өнер қазығы).


3.сөйлесең де сөйле ойлап Ойнап (Ойнап сөйлесең де ойлап сөйле).


4.тіл ащы да Ең (Ең ащы да тіл,

тіл Ең тәттә де Ең тәтті де тіл).

5. алтын – сөз Аз (Аз сөз –алтын,

көмір сөз – Көп Көп сөз- көмір).


6.досқа ,сөз Тәтті дұшпанға жолықтырар ащы сөз жолықтырар дұшпанға

(Тәтті сөз досқа, ащы сөз дұшпанға жолықтырар).


7. ақтамағанды Ана сүтін ақтамайды ешкім

(Ана сүтін ақтамағанды ешкім ақтамайды).


Жұмбақтар:

1)Үлкен үй,үлкен үйдің ішінде кіші үй,

Кіші үйдің ішінде палуан би.

(Ауыз,тіс,тіл)

2)Үш қазық,екі желі,тоғыз ноқта,

Теңселіп тербеледі адам соқса.

Шешен тіл,сөзге жүйрік болғанымен

Не пайда,үндемейді адам жоқта.

(Домбыра)

3.Жылыны суытпайды,

Суықты жылытпайды.

(Термос).

4.Бір нәрсе білмегенді білгізеді,

Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.

Жалғанда әңгімесі сондай қызық,

Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.

(Кітап)

5. Бір ұзын ағаш, ағаштың үстінде он екі ұя, әр ұяда төрт-төрт тұқым, әрбір тұқымда жеті балапан бар.

( Бір жыл, он екі ай, төрт апта,жеті күн)


Құрметті оқушылар бүгінгі тақырыбымыз жалпы кітапқа байланысты болғандықтан интерактивтік тақтадағы бейне клипке назар аударсақ.Осы тақтадағы ақын-жазушылардың аты-жөнін айтып өтсек.

Қорытынды: кітапты түсініп оқысаң көп білесің, ол сенің сөздік қорыңды кеңейтіп, сөйлеу мәдениетіңді арттырады. Кітап- ұрпақтан ұрпаққа қалатын рухани қазына, сондықтан оқыған кітаптарың болсын, күнделікті пайдаланып жүрген оқулықтарың болсын қадірлеп, сүйіп оқып , оны үнемі оқу нәтижесінде білімді азамат болып шығамыз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!