Материалдар / «Жақсы көңіл – күй жан шуағы» тренинг тимбилдинг (педагогтарға)

«Жақсы көңіл – күй жан шуағы» тренинг тимбилдинг (педагогтарға)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп психологтарына керек
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Жақсы көңіл – күй жан шуағы» тренинг тимбилдинг


Мақсаты:

  • Тимбилдинг әдістерінің маңыздылығын түсіндіру;

  • педагогтар арасында жағымды қарым-қатынас орнату;

  • ұжым мүшелерінің бір – біріне деген сенімділігін арттыру;

  • позитивті көңіл-күй сыйлау.

Қатысушылар: Педагогикалық ұжым мүшелері

Түрі: тренингтік жаттығулар

Жүру барысы:

Тимбилдинг ұғымымен таныстыру.

  1. «Айналма» жаттығуы

  2. «Лабиринт» ойыны

  3. «Менің бейнем» жаттығуы

  4. «Мінезіңіз қандай?» жаттығуы

  5. «Аңдар мен жәндіктер» жаттығуы

  6. «Жасырын хат, ойлан тап»

  7. Қорытынды. «Біздің әсер» кері байланыс жаттығуы.


Психолог: Сәлеметсіздер ме құрметті бүгінгі тренингке қатысушы әріптестер! Бұл тренинг тимбилдингті өткізудегі мақсат – ұжымды біріктіру, ұжым арасында жағымды қарым – қатынас тудыру, ұстаздардың өз – өзіне деген сенімділігін арттыру, жақсы көңіл – күй тудыру. Алдымен сіздермен «тимбилдинг» ұғымымен танысып, содан кейін әртүрлі жаттығулар жасаймыз. Барлығыңызды ұйымшылдықпен, белсенді қатысуға шақырамын.

«Тимбилдинг» - ағылшын тілінен аударғанда «teambuilding» - команда құру болып табылады. Тимбилдинг – ұйым өкілдерін біріктіруге арналған ұжымдық демалыс, негізгі мақсаты – қызметкерлер ортасында берік достық қарым-қатынасты нығайту, ұжым мүшелерін біріктіру және жұмыс жасауға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Қарапайым тілде айтқанда, бұл бірге жұмыс істейтін адамдарға қарым-қатынастарын жақсартуға және нәтижесінде ұжымның жұмысы тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Ұйымдастыру тренингі. Мұғалімдерге арнайы дайындалған сұрақтар қойылады. Сол сұрақтарға ұстаздар қимыл арқылы жауап берулері керек. Егерде «ия» десе – қолдарын шапалақтайды, «жоқ» десе – аяқтарын тарсылдатады.

Сұрақтар:

  • Бүгін ұйқыдан жақсы көңіл – күймен тұрдыңыз ба?

  • Күнделікті жұмысқа кешікпей келесіз бе?

  • Жұмысқа таңертең көлікпен келдіңіз бе?

  • Өз мамандығыңызға, жұмысыңызға көңіліңіз толама?

  • Көңіл – күйіңіз күнделікті көтеріңкі ме?

  • Осы айдағы жалақыңызды алдыңыз ба?

  • Әріптестеріңізге көңіліңіз тола ма?

  • Ауылдан көшіп кеткіңіз келе ме?

  • Өз өміріңізге ризасыз ба?

  • Осы тренингке белсенді қатысуға сөз бересіз бе?

  1. «Айналма» жаттығуы.

Жүру барысы: Қатысушылар шеңбер құрып, бір – бірінің қолдарынан ұстап тұрады да, шеңберді өз денелерінен өткізіп, көршісіне жалғайды, көршісі ары қарай жалғастырады. Осылайша барлық қатысушылар өз денелерінен өткізіп шыққанша ойын жалғаса береді.

  1. «Лабиринт» ойыны.

Жүру барысы: Жерге жіптен лабиринт құрастырып, бір қатысушы сол лабиринттен шығып кетпей немесе басып кетпей өтуі керек. Бұл жерде қатысушының көзі байланады, қалған қатысушылар оны бағыттап, жүретін жолын айтып, көмектесулеріне болады.

  1. «Менің бейнем» жаттығу.

Қатысушылар шеңберге жиналып, араласа жүріп, үш адамнан сұрау қажет.

Қандай жыл мезгіліне теңейсіз ..........

Өсімдікке..............

Жан жануарға...............

Ертегі кейіпкеріне ....................

Музыкалық аспапқа....................

Сізге қандай теңеу ұнады? Сіз қай теңеуді қалар едіңіз?

  1. «Мінезіңіз қандай? »

Таңдаңыз: сәбіз, жұмырқа, кофе, ағаш

Сәбіз таңдағандар: сыртқы қатты болғанмен, қайнаса жұмсақ болып езіліп кетеді. Жұмыртқа таңдағандар: ашуланшақ проблема жағдайында қайнаса қатаяды.

Кофе таңдағандар: шығармашылық адамдар, қайнатқан сайын қоюлана түседі.

Ағаш таңдағандар: ең күшті адамдар, тамыры мықты адамдар.

  1. «Аңдар мен жәндіктер» жаттығуы

Нұсқау: қатысушыларға қағаз таратылады. Әр қатарға өздерінің ұнайтын аңдар мен жәндіктердің аттарын жазады. Саны алтау. Осыдан кейін әркім көрсетілген сөйлемге өзі жазған сөздерді рет-ретімен қойып, сөйлемді толық оқып шығады. Яғни өзінің кім екенін анықтау.

  1. Мені жұрт .....деп ойлайды.

  2. Мені .....деп ойласа екен .

  3. Дәл өзім.....

  4. Мен жұмыста...

  5. Жолдасымның алдында ...........

  6. Негізі ..............

Өзіңізді әр жерде аңдар мен жәндіктерге теңеуде әсеріңіз қандай болды?


  1. «Жасырын хат, ойлан тап!»

Қажетті құралдар: түрлі түсті маркерлер, карандаштар, өшіргіш, сызғыш.

Ерте –ерте-ертеде ..... әлі адамдар әріп танымаған уақытта да олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізесіздер. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет. Әр топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі.

1 топ: «Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық»

2 топ: «Жексенбі күні сағ 15:00 де менің туған күніме кел»

3 топ: :    «Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы»

4 топ: « Жексенбі күні саяхатқа шығамыз»

Рефлексия.

  • Қай тренинг орындау барысында қиындық тудырды?

  • Қай тренинг көңіліңізден шықты немесе ұнады?

Қорытынды: «Біздің әсер» кері байланыс жаттығуы. Қатысушылар берілген қағаз қиындыларын құрастырып сурет шығару арқылы бүгінгі тренинг тимбилдингтен алған әсерлерімен бөліседі.

Бұл өткізілген тренинг жаттығулар әр адамның өзіне және қасындағы серігіне деген сенімділігін, ұжымның ауызбіршілігін арттыруға септігін тигізді деген ойдамын. Сонымен қатар тренинг кезінде жалпы командалық жұмыс болды және бірлік пен достық қарым – қатынас орнады. Тренингті қорытындылай келе, ұжымның ұйымшылдығы оның әр мүшесіне байланысты және бір-біріне деген сыйластық, өзара түсінушілік, сабырлық пен ауызбіршілік болса, алға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндік бар екені сөзсіз.

Қиындықтан қашпайтын,

Бала қамын ойлайтын

Бірлігіміз жарасқан

Біз бір үлкен ұжымбыз! – барлық қатысушылар бірге айту.


Бүгінгі тренингімізді Роза Әлқожаның «Мен сені сүйем өмір» әнін бәріміз қосыла шырқайық.

18 Қазан 2020
3857
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі