жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жақсы көңіл күй жан шуағы
Тренинг. Қарым-қатынас
маған қуаныш сыйлайды
11 «а» сынып оқушыларымен 08.01.18 жылы
«Қарым-қатынас маған қуаныш
сыйлайды» тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты: Топ мүшелерінің көңіл-күйлері көтеріледі, іс-әрекетінде еркіндік арта түседі, қарым- қатынастағы алшақтық азая түседі. Қарым- қатынастағы келісімділікке қалай жетуге болатындығын түсінеді
1-
жаттығу. Мақсаты: топ жұмысының бірінші кезеңінде
(жұмысқа қабілеттілікті
арттыру).
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Психологтың
қолында доп.
Нұсқаулық: «Қазір біз бір-бірімізге допты
береміз. Допты тосып алған адам «Сіздер менде не бар екенін.
Білмейсіздер?» деген сөйлемді толықтырады. барлығымыз мұқият болып,
әрі тапсырманы орындауға қатысуымыз керек. Әрқайысымыздың қолымызда
доп бірнеше рет болуы
мүмкін».
Бұл жаттығуды орындау барысында топтағы жалпы
жағдай жақсарады, топ мүшелері өздерін еркін сезінеді,
қарым-қатынастағы алшақтық азая
түседі.
2- жаттығу. Мақсаты: қарым- қатынастағы алшақтық азая түседі.
Қатысушылар психологтың
нұсқауы бойынша бір қатарға сап түзеп тұрады. (топ мүшелерінің саны
14-16 адам болса, жаттығуды жарысқа жағдай жасайтындай екі қатарға
тұрып жасауға болады). Психолог қатардың соңының жанында
тұрады.
Нұсқаулық: «Барлық тапсырманы біз үнсіз
жасаймыз. Мүмкіндігінше, әр тапсырманы жылдам және дұрыс жасауға
ұмтылу керек. Бірінші тапсырма: мүмкіндігінше бой өлшемі бойынша
сап түзеуіміз керек. Яғни менің қасымда арамыздағы ең бойшаңымыз
тұрса, қатар соңында шаршы бойлымыз сап түзеуі керек.
Бастадық».
Топ жаттығуды аяқтағаннан кейін, жаттықтырушы
қатар бойымен тапсырманың дұрыс орындалғанын тексереді. Егер
тапсырма екі топта орындалса, оларға бір- бірінің тапсырманы
қаншалықты дұрыс орындағанын тексеруді ұсынуға
болады.
3-
жаттығу. Мақсаты: Қарым-қатынасты нығайту.Нұсқаулықтың
жалғасы: «Екінші тапсырма: менің қасымда арамыздағы шашының түсі ең
қою адам, ал саптың соңында шашының түсі ең ашық адам тұруы
керек».
Біздің топтың тәжірибесінде, жоғарыда аталған
екі тапсырмамен қатар, төмендегідей тапсырмаларды да
пайдаландық:
• саптың басында арамыздағы көзі ең қою түсті
адам, ал саптың соңында көзі ашық түсті адам тұруы
керек;
• саптың басында – 1 қаңтар, соңында - 31
желтоқсан. Туған күндері (жылын есептемей) бойынша орналасуы
керек.
Аталмыш жаттығудың тиімділігі сан
алуан.
Қорытынды. Қатысушылар тренингтан алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды.
Педагог-психолог А.Бүркітбайқызы
1-
жаттығу
Қатысушылар шеңбер құрап отырады,
жаттықтырушы шеңбердің ортасында
тұрады.
Нұсқаулық:
«Қазір біздің
таныстығымызды ары
қарай жалғастыру мүмкіндігі тумақ. Оны былай жүзеге асырамыз:
шеңбердің ортасында тұрған (алғашында ол адам орнында мен боламын)
ортақ белгілері бар адамдарға орындарын ауыстыру (ауысып отыру)
ұсынысын жасайды. Ортақ белгіні атайды. Мысалы мен: «Араларыңыздан
әпкелері барлар орындарыңызды ауыстырып отырыңыздар» - деп айтамын,
- сол кезде кімнің әпкесі бар солар орындарын ауыстыруы қажет. Осы
сәтте шеңбердің ортасында тұрған адам, орындардың біреуін иеленіп
үлгеруі тиіс, ал шеңбердің ортасында орынсыз қалып қалған адам,
ойынды жалғастырады. Бұл жағдай бір-біріміз жөнінде толығырақ біле
түсуге мүмкіндік береді».
Жаттығу
аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы топқа: «Сіз өзіңізді қалай
сезінесіз?» немесе «Қазіргі сәтте сіздің көңіл- күйіңіз қандай?»
деген сұрақтар қоюына болады. Әрине, мұндай жаттығу көңілді өтеді.
Ол қалыптасқан қолайсыздықты төмендетіп, көңіл-күйді көтереді,
назар мен ойлауды белсендіреді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген