Материалдар / Жақсы көрем анамды

Жақсы көрем анамды

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық тәрбиешілерге арналған. Әр түрлі ойындар бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2019
566
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты: Көктем мерекесіне орай өткізілген сайыста қыздарды әдептілікке, әсемділікке, инабаттылыққа, сыпайылыққа, ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білуге, ана мен қыз бала арасындағы сыйластықты арттыруға тәрбиелеу, ақыл-парасатын, талғампаздығын, тапқырлық, шеберлігін бағамдау Көрнекілік:плакат,шарлар,гүлдер,грамоталар,слайдтар.Тәрбиеші: Аяулы аналар, әжелер,ұстаздар 8 Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің шуақты күндеріндей, сан-алуан гүлдеріндей құлпырып, жайнап жүре беріңіздер! Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын!Армысың әжелерім,аналарым,Мейірбан аппақ көңіл даналарым,Гүл көктемнің алғашқы мейрамыменҚұттықтайды сіздерді балаларың.Хор: "Ақ мамам"Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, бүгін сіздерді мектепалды даярлық тобындағы қыздар арасындағы «Ару болам өскенде»атты қыз сыны сайысын тамашалауға шақырамыз.Шалқытып мерекеде ән салайық,Өнерпаз өрендерге тамсанайық.Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,Әділқазы алқасымен танысайық.

1.Оқу ісінің меңгерушісі:Қапашева А.Қ2.Мұғалімдерден:3.Ата-аналар арасынан:

Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Тлеукенов Оралхан Рахымжанұлына беріледі.

Сайыс бағдарламасы 4 бөлімнен тұрады:1. «Тегін білу,тектілік» /өзін таныстыру/2. «Өнерліге өріс кең» / өнерін көрсету /3. «Қыздарға әсемдік жарасады» /сән киім үлгісін көрсету/4. «Салат жасау,ат қою,қорғау(анасы мен қызы) »(Бағалау парағы әділ-қазыларға беріледі)Тәрбиеші:1 сайыс. «Өзін-өзі таныстыру»Көңілге түй сен мұны.Әр бүлдіршін ел гүлі,Бақытты елде туғаның,Есіміңнен белгілі.
  • «Тегін білу,тектілік» /өзін таныстыру/ ()


2 сайыс «Өнерліге өріс кең» Тәрбиеші: Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,Еңбектегі әріптестер мақтаны.Өнеріңді ортаға сал, сайысқаӨнер көрсет, құрбылармен жарыста..Амина Л "Би: " Аина " "Ельдана " "Рамина " Би: Конфетки "Дина "Көрініс"Жанель ""Амина К "Тақпақ"Малика ""Жібек "Би: Шығыс биі" Арухан "Гимнастика"Аялы "Ән: Бал-балалық"Әмина "" Тәрбиеші:Келесі ұлдарымыздың ана туралы өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.Бекнұр:Той пердесін ашайықТойға шашу шашайықАналарды құттықтап,Ән маржанын шашайық

Бекзат:Теңдесі жоқ данасың,Арқа сүйер панасың.Еңбегіңді ақтаймынАман болшы анашым.

Алдияр:Ана біздің күніміз,Ана біздің гүліміз.Бізді ана қуантып,Ұзақ өмір сүріңіз.

Нұртас:Аналарды сүйеміз,Сөзін ойға түйеміз.Әжені де ардақтап,Әдеппен бас иеміз.

Мерхат:Көгімде күн болып,Жұлдыздай болып жанасың.Аман болшы әрдайымАяулы анашым.

Айбар:Әр сөзіңді жаттағам,Жүрегіме сақтағам.Анашым деп мақтанам,Айналайын ақ мамам.

Ислам:Ана деген ақылшың,Анаң барда батырсың.Қасыңда кім болса да,Тек анаңа жақынсың.

Абай:Қолын қатты тигізбей,Кірлі көйлек кигізбей.Исін жұпар аңқытқан,Ол аналар, аналар.

Алижан:Өмірдің қызығы,Өзіңсіз өтпейді,Мен үшін анама,Ешкім де жетпейді.

Санжар:Еркелесем күлімдейтін,Ұрысқаны білінбейтін.Маңдайымнан иіскеп мені,Құлыншағым,күнім дейтін.

Мирлан:Баланың да тірегіДананың да тірегі.Шаншымасын ешқашан,Аналардың жүрегі.

Батыржан:Менің әжем, ақ әжем,Ұл мен қыздың бағы әжем.Ертегі айтып бер десең,Айтып берер тағы әжем.

Ойын: «Аялы алақан»3 сайыс «Қыздарға әсемдік жарасады»- сән киім үлгісін көрсетуТәрбиеші:Сымбатына сән киімі жарасатын,Аспандағы айменен таласатын.Өнеріне сәні сай келіп тұрған,Аруларға қызығып қарасақ- дей келе, сайысымыздың «Қыздарға әсемдік жарасады»шығармашылық сән үлгісі кезеңін тамашалайық.Тәрбиеші: Жүрекке адалдыктың ескен гүлін Ғажайып келешектің төккен үнін Аяулы аналарға шын көңілден Жолдаймыз алғыспенен сәлем БүгінХор: «Жақсы көрем»

4 сайыс «Шебер қолдар» (Үйден жасап әкелген қолөнерлерін таныстырады.Анасымен бірге жасаған жұмысын бағалау)Ойын « »Хор: "Құттықтаймын ана" (Аналарына өздері дайындаған ашық хаттарын сыйлайды)Құттықтау сөздер айтылады.Келесі сөз кезегі әділ-қазылар алқасына беріледі. ( Әділқазылар алқасы сөз алып, әр номинация бойынша («Көктем аруы», «Көркем ару», «Шебер ару», «Әсем ару» «Әнші ару» «Өнерпаз ару» «Әдемі ару» «Өнерлі ару» «Нәзік ару» «Сыпайы ару» «Көрікті ару» «Инабатты ару» т.б.) жүлде тағайындайды.)Тәрбиеші: Өнеріміз сайыста,Жетелейді алысқа.Бүгінгі күннің жеңісі,Достық болып қалуда.Тәрбиеші: Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт-береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.«Қыз- ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ