400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жақсы мамандық – жақсы болашақтың бастауы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам дамуының ең басты кепілшісі – еңбек. Еңбек адамы деп өзінің кәсібін терең меңгерген адамды айтуға болады. Ол – дәрігер, мұғалім, фермер, кәсіпкер т.б. Тұңғыш Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауы аясында бүгінгі таңда ауданымызда жеке кәсіпкерлердің жас мамандарды, жұмыссыздарды Жұмыспен қамту бағдарламасымен тұрақты жұмысқа алуының саны артып келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жақсы мамандық – жақсы болашақтың бастауы»

«Түйір нан – тамшы тер» демекші, жақсы маман иесі болу үшін көп ізденіс, оқу, білім алу, ең бастысы мамандыққа деген сүйіспеншілік қажет.

Адам дамуының ең басты кепілшісі – еңбек. Еңбек адамы деп өзінің кәсібін терең меңгерген адамды айтуға болады. Ол – дәрігер, мұғалім, фермер, кәсіпкер т.б. Тұңғыш Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауы аясында бүгінгі таңда ауданымызда жеке кәсіпкерлердің жас мамандарды, жұмыссыздарды Жұмыспен қамту бағдарламасымен тұрақты жұмысқа алуының саны артып келеді. Аталмыш бағдарлама негізінен жастарды жұмысшы мамандығына баулыған бағдарлама. Осы бағдарламаны негізге ала отырып, бүгін Қаратөбе колледжінің ІІІ курс студенттері Қаратөбе ауданының құрметті азаматы, кәсіпкер, облыстық маслихат депутаты, «Сатыбалды», «Қоржын» ШҚ– ның иесі Мұқанов Құсайын Ізімұлымен және Қаратөбе ауданы ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлім меңгерушісі Бозов Нұрбол Беркінұлымен кездесті. Кездесуді ұйымдастырудағы мақсат: кәсіби біліммен қаруланған бітіруші түлектерді жұмыс көзін шалғайдан іздемей, Бесоба жерінде ашылған «Мал сою кешенінен» жұмыс көзін тапса деген ниетпен кәсіпкер Құсайын Ізімұлымен пікірлестіру болатын. Студенттермен кездесу барысында кәсіпкер өзінің жүргізіп отырған кәсібі жөнінде, жалпы ауылшаруашылығы туралы мол мағлұмат берді. Көлқамыс деген жерде «Сатыбалды» ШҚ –нда қазақтың ақ бас малын, «Қоржын» ШҚ-нда асыл тұқымды жылқы және Ангус тұқымды ірі қара малын өсіретіндігі, жаңадан мал бордақылау құрылысын бастап жатқаны туралы таныстырып өтті. Аталмыш кешенде студенттер дуалды оқыту бойынша машықтан өтуге болатындығын айтты. Жұмысшы мамандарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша мал сою кешенінде барлық жағдай жасалғандығын – ондағы жұмыстар жаңа технологиялармен жасайтын аппараттармен жүргізілетіндігін, жаңа үлгідегі техникалар, жататын орындары, жұмыс жасайтын жерлерінің жылы әрі жарық екендігі сөз етілді. Кәсіпкер студенттер арасынан компьютермен жұмыс жасайтын бағдарламашы, механизатор, дәнекерлеуші, аспаз мамандықтары бойынша бітірген жас, жігерлі заманауи техникаларды игерген мамандар керек екендігін айтты. Жұмыс беруші тарапынан әр жұмысшыға зейнеткерлік қор, медициналық сақтандыру төлемдері аударылатындығын да ескертті.

Ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлім меңгерушісі Бозов Нұрбол Беркінұлы да студенттерге колледжде беріліп жатқан кәсіптік білімнің пайдасының болашақтағы өз өмірлеріне жол сілтейтін тұстарын, жалпы жұмысшы мамандықтардың бүгінгі таңдағы қоғамға қажеттілігінің артуын, сұранысқа ие мамандар екендігін өмірден мысалдар келтіре отырып түсіндірді. Еліміздің ауылшарушылығының, өркениетінің, мәдениетінің дамуына қосатын жігерлі жастардың бүгінгі өзіндік үлесінің зор екендігін айтты. Кездесу барысында Құсайын Ізімұлы студенттермен пікірлесе отырып, олардың болашаққа деген ойларын білді. Колледж директоры Мәулен Аманшаұлы уақыт тауып студенттермен кездесуге келген қонақтарға алғысын білдірді.



Арнайы пән оқытушысы: Қалиев Бауыржан.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
02.05.2024
169
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі