|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
Кері байланыс
|
Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылармен амандасу, оларды жылы жүзбен қарсы
алу.
«Жақсы сөз – жанға қуат»
тренингі.
«Жақсы мінез – сарқылмас қазына» ұғымының мәнін
түсіндіру.
Ой
қозғау
-
Қандай мінезді жақсы деп
есептейсіз?
Мақал-мәтелдер
талдау:
«Жақсы мінез – жанға
сая»
«Жақсы сөз – жарым
ырыс»
«Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісі
ал»
Топтық жұмыс
Жақсы мінезді адам
қандай?
сұрағына жауап іздейді. Постер құрастырып, топ
алдында қорғайды.
Рөлдік ойын: «Қиын жағдайдан қалай шығу
керек?»
Оқушыларды 3-4 топқа бөліп, әр топқа белгілі бір
жағдай беріледі. Олар сол жағдайды сахналап, жақсы мінез таныта
отырып, оны қалай шешуге болатынын
көрсетеді.
1.
«Досың ренжіп қалды»
Жағдай: Сен байқаусызда досыңның көңіліне тиетін
сөз айтып қойдың, ал ол саған ренжіп, сөйлеспей
қойды.
2.
«Көшеде қарияға көмектесу»
Жағдай: Қария адам көшеден өтпекші, бірақ көлік
көп, оған жолдан өту қиын.
3.
«Сыныпта бір бала мазаққа қалды»
Жағдай: Бір оқушының қателігі үшін сыныптастары
оны мазақтап жатыр.
«Жақсы мінез - жан сұлулығы» тақырыбындағы
бейнежазбаны тамашалау.
«Жақсы мінез – сарқылмас қазына» атты тақырыпта
эссе жазу.
Қорытынды бөлім
«Менің жақсы қасиеттерім»
ойыны.
Сабақты қорытындылап, «Жақсы мінез – адамның ең
үлкен байлығы» деген ойды түйіндеу.

|
Оқушылар көтеріңкі көңіл - күйде
сәлемдеседі.
Әр
оқушы көршісіне жақсы сөз айтады.
Оқушылар берілген сұраққа жауап беріп, өз
ойларымен бөліседі.
Оқушылар бұл мақалдардың мағынасын түсіндіріп,
өмірден мысалдар келтіреді.
Оқушылар топтарға бөлініп, жақсы мінездің
белгілерін анықтайды. Постер жасап,
қорғайды.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша
бағалайды.
Осы
жағдайларды оқушылар сахналап, шешу жолдарын өздері ойлап табады.
Бұл олардың жақсы мінез-құлық қалыптастыруына
көмектеседі.
Шешу жолдары: Досыңмен сыпайы сөйлесу, шын
жүректен кешірім сұрау, оны жақсы көретініңді
білдіру.
Шешу жолдары: Жол ережесін сақтай отырып, қарияға
көмектесу, сыпайылық таныту.
Шешу жолдары: Оны қорғау, басқаларға оның да
қателесуге құқығы бар екенін түсіндіру, оған қолдау
көрсету.
Бейнежазбаны тамашалап, өз ойларын
білдіреді.
Оқушылар «Жақсы мінез – сарқылмас қазына» атты
тақырыпта эссе жазады.
«Автор орындығы» әдісі арқылы жазған эсселерін
оқиды.
Әр
оқушы өзінің жақсы мінезін
сипаттайды
Кері байланыс
жасайды
|
Слайд
Постер, маркер,
стикерлер
Жағдаяттар жазылған
парақтар



https://www.youtube.com/watch?v=NLjVY7yk4aY
Дәптер
Кері байланыс
парақтары
|