«Қарабалық
ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
Новостройка орта мектебі» ММ
«ЖАҚСЫ
МҰҒАЛІМ – ЖАҚСЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАСАЙДЫ»
«
Зерде» зерттеу жұмысы мен шығармашылық
жобалар конкурсы
Ғылыми
жұмыс: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
мұғалімі
Аманова
Б.Б.
Научное
селосы
2018
жыл
Мазмұны
Кіріспе
Теориялық
білім
Ұстаздық
өнер – жалықпас__________________4-5
бет
Практикалық
бөлім
Ұстазы
жақсының ұстамы жақсы.____________5 бет
Майра
апай- ана-ұстаз-дана_________________5-6 бет
Қорытынды___________________________________6-7
бет
Қолданылған
әдебиеттер тізімі___________________8 бет
Қосымша_____________________________________9-11
бет
Аннотация
Мұғалімнің
ерен еңбегін бағалай білген, болашақ
ұрпақты тәлім- тәрбиеге баули алатын,
үлгі өнеге көрсе білетін, жалықпас
болашақ шәкірттерді шақыру.
Аннотация
Привлечение
будущих поколений, которые могут по
достоинству оценить труд учителя,
которые м смогут научить будущее
поколение передовать и показывать свой
опыт.
Тәжірибе
бөлісудің мақсаты:
Көпшілік
назарына ұсына отырып, жиналған қормен
бөлісіп, сыныптастарымды ақпараттандыру.
Гипотеза:
Тыңдармандардың
назарын қызығушылыққа ынталандыру,
шығармашылық қабілетке жетелеу,
іздемпаздық пен тапқырлыққа биімдеу,
сыныптастарымды жаңа ғылыми ізденіске
шақыру.
Зерттеу
кезеңдерім:
Ұстазбен
кездесу және жеке ақпарат жинау;
әдебиеттерге
шолу жасау;
ғылыми
еңбектерге шолу;
Зерттеушілік
жұмыстарын жүргізу;
Қорытынды
жасау және қосымша көрнекілік жабдықтарды
қамтамасыздандыру.
Зерттеу
тәсілі:
жан-жақты ақпарат жинай отырып, зерттеу
жұмысын жүргізу. Зерттеу
жұмысының өзектілігі: Шығармашылық
жұмысымды көркем-әдеби тілмен жеткізіп,
және оның ұғымын терең жазып, жетік
дамыған жұмысты аяғына дейін жүзеге
асырып, нақты фактілерді ашық баянда
Кіріспе
Оқушы
жастардың ең сенімді ұстазы,
сыр
жасырмай ашық айтатын адамы- мұғалім.
Ғ.
Мүсірепов
Ұстаз
...
Қандай
қасиетті сөз!
Менің
ойымша, кез келген адам ұстаз бола
алмайды.
Неге
десеңіздер, ұстаздық өнердің – сыры
терең. Егер де шын ұстаз болғыңыз келсе,
сізге
табиғи дарын, іздемпаздық, тапқырлық,
ерен еңбегіңнің кілті керек болар.
Сондықтан ұстаз болам десеңіз біздің
апайымыз сияқты өз уақытын аямайтын,
балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс
істеу қажет.
Өздеріңіз
білесіздер, қазіргі заманның талабы
деген...
Әрине,
өмір ағымы бір орында тұрмайды, ұстаздың
да іскерлігі жылжып отырады, үнемі
ізденіс үстінде. Ұстаздар да біз секілді
өз талабына сай білімін, біліктілігін
жаңғыртып отырады. Сонымен қатар ойшыл
кемеңгер ақын- жазушыларымыз, даналарымыз
ұстаздан білім алып, тәрбие үлгі өнеге
көрген. Алтын білім ұямыз - мектеп болса,
екінші анамыз – ұстаз.
Ұстаздық
өнер – жалықпас
Бүгінгі
менің жобамның басты кейіпкері –
Қарабалық ауданының №3 мектебінің
еңбегі сіңген, қолы алтын қаламына
лайықты - қазақ тілі, әдебиет пәнінің
мұғалімі Майра апай жайында айтар бір
ауыз сөзім бар. «Ұстазы жақсының ұстамы
жақсы» Майра апай ұстаздық қасиетке
сай – биік шың. Апайдың ұстаздық шеберлігі
Республика мен облыс, аудан мен ауыл
аймаққа танымал, өз ісінің майталманы.
Жай
мұғалім- хабарлайды,
Жақсы
мұғалім- түсіндіреді,
Керемет
мұғалім- көрсетеді,
Ұлы
мұғалім – шабыттандырады. (У. Уорд)
Майра
апайдың жемісін асқар таумен теңесем,
шыдамдық пен қайсарлығын қызып жатқан
болатқа теңесем артық болмас дегім
келеді. Ал Майра апайдың шыныменен де
ұлағатты ұстаздық еңбегі сарқырап аққан
тасқындай, ал жетістіктерін айтсам,
қайнап жатқан бұлақтай. Оқушылары
республикалық, облыстық олимпиадаларының
жеңімпаздары.
2.1.
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Ұстаз
атаққа илену, оны қастерлеп, арындай
кіршіксіз таза ұстау- әр ұстаздың
міндеті. Мұғалім - өз кәсіби қызметінің
маманы. Және де шәкірттері мұғалімнің
үмітін ақтай білген кезде ғана жетістікке
жете алады. Сол үшін ұстаз- шәкірттерінің
көңілін тауып, туған бауырындай қарап,
кеңес беріп, дұрыс оңы мен солына
бағыт-бағдар беріп, қамқолрық жасау
керек деп ойлаймын. Сондықтан мен
ұстаздарыма құрмет көрсете аламын.
Ұстаз деген сөз маған әрдайым ыстық
болып тұрады. Әрине әр оқушының өз
жүрегіне жақын ұстазы болады. Сол
себептен мен осы ғылыми жобамда ұстаздар
туралы жазғым келіп қазақ тілі, әдебиет
пәнінің мұғалімі Аманова Бақыткүл
Бақыткерейқызынан кеңес сұрадым. Апайым
зерттеу жұмысыма Қарабалық ауданының
№3 мектебінің еңбегі сіңген, «Үлгілі
ұстаз» Майра Ахметбекқызы жайында
жазуыма кеңес берді.
.
Майра апай- ана-ұстаз-дана
Абдрахманова
Майра Ахметбекқызы өз мамандығын сүйетін
құрметті ұстаз. Оқушыларының айтуы
бойынша – апайлары сабаққа жан-жақты
дайындықпен келіп, шеберлігімен,
қарапайымдылығымен, адамгершілігімен
баулап алады екен. Және де жиі сабақтардан
тыс түрлі іс – шаралар өткізіп тұрады.
Мектеп табалдырығын бітірген түлектері
апайларымен жиі кездесіп тұрады. Майра
апай құрметке лайықты қылығыменен өз
түлектерінің еркесі. Оқушылары апайларын
ыстық сезіммен еске алып жүретіндерін
айтады. Кейбірі Майра апайдың жолын да
қуғылары келетіндерін де жасырмайды.
Апай секілді еңбекқор, жауапкершілігі
мол, өз ісінің маманы болғылары келеді
екен.
Майра
Ахметбек қызы 1957 жылы Тасты-Өзек ауылының
тумасы. Білімі жоғары, тәжірибелі,
өнегелі ұстаздың бірі. Отбасында шаңырақ
иесі жолдасы және ұл мен қыздың анасы.
Майра апай ұлы мен қызынан жеті немере
сүйіп отырған – «Асыл әже». Апайдың
ұстаздық қызмет жолы 1987 (бір мың тоғыз
жүз сексен жетініші жылы) Есенкөл орта
мектебінде бастаған екен. Ал 2007 ( екі
мың жетінші) жылы Қарабалық кентінде
мемлекеттік тілде ашылған мектепте өз
қызметін жалғастыра берді. Қазақ
мектебінің көшбасшысы. Және де мұғалімдер
мен оқушыларға көмегін аямайды. Ата-аналар
арасында беделі мол. Әрдайым қол ұшын
беріп тұрады.
Ұлағатты
ұстаздың еңбек жолындағы басты мақсаты
жас ұрпақты тәрбиелеп, тиімді оқыту,
ойлау қабілеті мен ой өрісін кеңейту.
Сонымен қатар апай шәкірттерін көпшіл
болуды, өзіне адал болуды, үлкенге
құрмет-кішіге ізет көрсете білуіне
шақырады. Апай үнемі ізденіс бағытында.
Сабақтары шебер әжемнің шешен құрақ
кілеміндей, сан түрлі әдіс –тәсілдермен
құралады екен. Шәкірттерін де іздемпаздыққа
бағыттап отыратынын айтады. Түлектерінің
білім сапасы 100 пайызды құрайды. Сонымен
қатар білім мен тәрбиені егіз қоздай
бірге ала жүріп, қанаттарын қатайтып,
алтын ұяларынан шығарып салады. Мұғалімнің
кәсіби шеберлігі шығармашылық
кеңестерінде, сайыстар мен жарыстардың
алдыңғы қатарынан ғана көре аламыз.
Оқушыларының шығармашылық қабілеттерін
дамытуға көп ықпал тигізіп, дарынды
балаларын тәрбиелеп, үздіксіз қызу
жұмыстарын бастап кететінінде жасырмайды.
Қорытынды.
Ұстаздың
оқушылары әр түрлі деңгейдегі ғылыми
жобалар мен байқаулардың, олимпиадалардың
жүлдегерлері. Дарынды шәкірттері тек
аудан мен облысты ғана жеңіп қана қоймай,
Республикалық олимпиадаларының
жүлдегерлері. Оқушыларының жемісін тек
алдыңғы қатардан ғана көресің.
Ал
енді Майра апай ұстазымыздың да қоржынында
кәсіби деңгейдегі жетістіктер қорынан
айтарымыз мол. 2015 жылы «Тәуелсіз
Қазақстанның рухани және әлеуметтік
дамуы жолында қол жеткен табыстары және
оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін»
Министр А. Сәрінжіпов Құрмет грамотасымен
марапатталды Ал 2016 жылы Қостанай әкімі
Мухамбетов
Архимед Бегежанович майра апамызға
«Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жыл» атты
құрметті грамматасын ұсынды, ал осы
орайдағы Құрмет орденімен Қарабалық
ауданымыздың әкімі марапаттады. 2018
жылдың мұғалімдер күнінде апайымыз
Құрмет Дипломмен марапатталды.
Апаймыз
тек өзінің әріптестері мен оқушыларының
алдында ғана беделді емес, Майра
апайымызды Қарабалық ауданымыздың
түпкір-түпкіріндегі жергілікті ұстаздар
қауымы мен тұрғындарының алдында беделі
зор, құрметпен бас иерлік ұлы – ұлағатты-
ұстаз деп мақтанышпен айтала аламыз!
Ерен еңбегіңіздің жемісін көре беруіңізге
тілектеспіз!
Апайымыздың
денсаулығы зор болып, әлде де табыстарға
жеткуіне тілектеспіз!!!
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
Интернет
желісінен алынған материал (Даналық
сөздер)
Майра
Абдрахмановнамен сұхбат
Ғылыми
жұмыс 2015 жыл «Ұстазымды мақтан етемін»
Қосымша