Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Материал туралы қысқаша түсінік
Шымкент қаласы Циолковский атындағы №84 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың мақсаты:

1.Балаларды жақсы мен жаманды ажырата және өмірде қолдана білуге үйрету.

2.Жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту;

3.Балаларға жақсылық пен жамандықты ажырата білуге. бір - бірімен достық қарым - қатынаста болуға, үлкендерге құрмет, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі

Жақсы болу өзіңнен
Жаман болу өзіңнен
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жамандық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла.
Жақсылық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла!

  • Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы “Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен” деп аталады.

-Біз бүгін “Жақсы” деген не?, “Жаман деген не?” сұрақтары төңірегінде жақсы әрекеттер жасау, жақсыдан үйрену, жаманнан жирену адамды айналасын зор қуанышқа бөлеп, бақытқа жетелейтіні туралы айтамыз. Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір – біріне жиі жақсылық жасауы, оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір – біріне деген сыйластығы артады. Сондай-ақ адам бойында жаман,теріс қасиеттер де болады.

Оқушылардың тақпақтары

Жақсы мен жаман

1.Қайыр күтпе баладан,

Өз мысығын сабаған.

Кім алдаса анасын,

Оған қалай нанарсың.

«Екі» болса алғаны,

бала ұятқа қалғаны.

Ойнап жүріп жыласа,

орынды емес бұл аса.

2.Келсе сөзі анайы,

Мақтамас бұл баланы,

Жала жапқан басқаға,

Барып тұрған масқара.

Добын қимас ойнауға,

Ұят сараң болғанда.

Кім мақтанса көбірек,

Жасайды мінез жөні жоқ,

3.Ерінсе қол жуғанға,

Нассың дейміз мұндайда.

Мұнша уақыт санарлық,

Бар екен ғой жамандық.


4.Бәрі жақсы баланың,

Беске оқиды сабағын.

Айналайық баладан,

Көгершінді аяған.

Адал болса досына,

Азаматың осыда.

Ойнатса кім інісін,

Мақұлдаймыз мұнысын.

5.Әділ болсаң ойында,

Жақсы мінез оның да.

Күтсе бала әжесін,

Жақсы дейміз дәл осың.

Өскен бала ауылда,

Ойнар аттың жалында.

Өзі түйме қадаса,

Мұндай бала тамаша.

7-оқушы:Жақсы бала, ол анық,

Істемейді шалалық.

Тап – таза боп жуынып,

Алады ол таранып.

8-оқушы:Жаман бала құрысып,

Өз – өзінен тырысып.

Түске дейін жатады,

Шешесімен ұрысып



9-оқушы:Жақсы бала әрдайым ,

Деп «Ұятқа қалмайын»

Сабағына барады,

Күнделікті дап – дайын.



Жақсы деген не? Жаман деген не?

Биязы мінез тіл алғыш,

Бал-бұл жанып жүретін

Бауырмалдық сол - ?

Беті-қолың кір-кір боп,

Берекесіз ыржақтап

Бейбастық өссең сол - ?

Үйдің ішін тазалап,

Үстіңе де қарайлап,

Үлгере алсаң сол - ?

Ұшып-қонып жүретін,

Шегірткедей жеңілтек,

Ұшқалақ болсаң сол

Ашу деген бәледен,

Алшақ жүріп жанаспай.

Ақылды болсаң сол - ?

Ата –ананың ақылын,

Ала білмей кезінде,

Ақымақ болсаң сол - ?

Жақсы мен жаман қасиеттерге нелер жатады: (топтық жұмыс)

І-топ жақсы мен жаман (венн диограмма)

ІІ-топ суреттерді топтастырады

ІІІ-топ сахналық көрініс

Жалғасын тап:

- Балалар, бүгін біз жақсы мен жаман туралы әңгімелестік. Сендер жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену үшін біздің ата-бабаларымыз көптеген мақал-мәтелдер айтқан. Сондықтан «Жалғасын тап» ойынын ойнайық.

Мақалдың басын мен айтамын, жалғасын сіздер айтасыздар.

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Жаман – шайқап сөйлер, жақсы байқап сөйлер.

Жамандықты –ұмыт, жақсылыққа ұмтыл.

Әдепті бала- арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.



Жақсы балалар, мақал-мәтелдерді де жақсы біледі екенсіңдер. Енді тыйым сөздерге кезек берейік.

  • Ойын: Болады, болмайды

Сабақтан кешігуге...

Үлкен адамдардың әңгімесіне араласуға...

Таңертең ерте тұруға...

Қыздардың шашынан тартуға...

Үлкендерге көмектесуге...

Партаны сызуға...

Даурығып сөйлеуге...

Сабақ үстінде тыныш отыруға...

Кішілерге қамқор болуға...

Бір-біріңе көмектесуге...

Мектепте жүгіруге...

Бір-біріңді арыздауға...

Біреудің затын рұқсатсыз алуға...

Үзілісте кітапханаға баруға...

Демалыста тауға шығуға...

Көшеде түкіруге...

Мәдениет үйіне баруға...


5. Әдептілік жайлы мақал- мәтелдер айту.

депті бала- арлы бала,

Әдепсіз бала- сорлы бала.

дептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергені.

*Ашу- дұшпан, ақыл- дос,

Ақылыңа ақыл қос.

*Сіз деген- әдеп,

Біз деген- көмек.

лық болсаң- кішік бол.

*Кішіден ізет- үлкеннен құрмет

депті бала ата- анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.

*Жақсы адам ай мен күндей

Әлемге бірдей.

депті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,

  • Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.

  • Ойын: Болады, болмайды

Сабақтан кешігуге...

Үлкен адамдардың әңгімесіне араласуға...

Таңертең ерте тұруға...

Қыздардың шашынан тартуға...

Үлкендерге көмектесуге...

Партаны сызуға...

Даурығып сөйлеуге...

Сабақ үстінде тыныш отыруға...

Кішілерге қамқор болуға...

Бір-біріңе көмектесуге...

Мектепте жүгіруге...

Бір-біріңді арыздауға...

Біреудің затын рұқсатсыз алуға...

Үзілісте кітапханаға баруға...

Демалыста тауға шығуға...

Көшеде түкіруге...

Мәдениет үйіне баруға...

  • Менің көзқарасым (сұрақ-жауап)

Сұрақтар:

  • Қандай жақсы сөздерді көп қолданасыңдар?

  • Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Ал жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Жақын адамдарыңа қандай жылы, жақсы сөз айтқыларың келеді?

  • Әр адамның жүрегі мейірімді де, қайырымды болу үшін не істеу керек?

Жақсы қасиетті кімнен үйренеміз?

Біз не үйрендік?

1. Мейрамгүль:Жақсы қасиет ең алдымен мектеп ережесін қатаң сақтаудан басталады. Біз соны үйрендік.

2. Амина: Мектепке уақытында кешікпеу келу керек. Мектепке кіргенде  басқаларды итермеу керек.

3. Тамирис:Сыныпқа келгенде бірінші мұғалімге, содан соң сыныптастарына сәлем беру керек

4. Марс:Сыныпқа мұғалім  немесе  ата-ана, бейтаныс адам кіретін болса, бәріміз орнымыздан тұрумыз керек.

5. Дильназ:Сабақ кезінде мұғалімді тыңдап, жан-жаққа қарамау бір-бірімен сөйлеспеу керек.

6. Ернұр:Отырған партанды күт, оны сызба, былғама.

7. Тамирлан: Егер сен біреуді  байқама   қағып  кетсең немесе ренжітіпалсаң, сол жерде кешірім сұрау керек.

Мұғалім: - Біз үлкенді қалай құрметтейміз, қалай сыйлаймыз?


Дидар: Үлкеннен бұрын сөйлемеу, алдын кеспей құрметтеу керек.
Мұғалім:- Балалар, сендер өте тәрбиелі, жақсы мен жаманды ажырата біледі екенсіңдер, үлкенді сыйлай білетін, құрмет көрсете білетін жақсы балалар екенсіңдер.

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.



Сабақты қорытындылау.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
696
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12