Жақсыдан үйрен жаманнан
жирен
Дөңгелек
үстел
5 «б»
сынып
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке,
қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден
аулақ болуға тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сөздік
қорын молайту.
Тәрбиелік: Жаман әдеттен аулақ болуға,
тазалыққа, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Міндеттері: Жақсы, жаман туралы түсінік
беру;
жақсы мен жаманды салыстыра білу
іскерліктерін
дамыту;
жақсы істер мен әрекеттер жасауға
тәрбиелеу.
Сәлеметсіздерме
балалар
- Балалар, шеңбер құрып, өлең жолдарын
айтайық.
Жақсылықтан
үйреніп,
Боламыз біз жақсы
адам.
Жамандықтан
жиреніп,
Үлгі аламыз
жақсыдан.
- Балалар, кәне, бір - бірімізге жақсы
лебіздерімізді
білдірейікші.
- Қайырлы
күн,
- Сабағымызды жақсы
оқиық
- Әрқашан күн
сөнбесін,
- Аспанымыз ашық
болсын.
- Аман
болайық.
- Деніміз сау
болсын.
- Бәріміз дос болайық. Тату болайық. т. б
сөздер айтады.
- Балалар, бізде бүгін «Жақсыдан үйрен,
жаманнан жирен» атты дөңгелек үстеліміз
болмақ.
Кітапханашы:
Қазақ халқы көне замандардан
бері ұлттық тәрбиеге айырықша мән
берген. Дана халқымыз: « Тәрбие- тал бесіктен басталады»
деп бекер айтпаса керек. Бала- отбасының баға жетпес байлығы. «
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген сөздің өзінде терең
мағына жатыр. Ойланып көрейікші балалар ақын
жазушыларымызды еске түсірейікші.
Оқушы:
Қазақ елінің біртуар тұлғалары
Абай, Шоқан, Ыбырайлар көпті көрген көнекөз қарияларымыздың тәлім-
тәрбие алған. Олар балғын балалық шақтарынан бастап ата-әжелерінің
құлақтың құрышын қандырар ертегі, әңгімелерімен қатар, тағылымы мол
өлең жырларымен сусындап өсті. Олардың қазақ халқының даңқты
перзенттерінің болуына ата-әжелерінің ықпалы өте зор
болған.
Ендеше балалар
жақсы, жаман, әдептілік туралы мақал -
мәтелдерімізді
айтайықшы.
1.Үлкенді сыйласаң, елге сыйлы
боласың.
Үлкенге құрмет көрсету деп қалай
түсінесіңдер.
2.Әдептілік белгісі - иіліп сәлем
бергені.
Әдептіліктің белгісі дегенді
қалай түсінесіңдер.
3.Үлкенге құрмет, кішіге
ізет.
Кішіге қалай ізет
көрсетесіңдер?
«Жақсы болу өзіңнен» өлеңін барлығы жатқа
айтады.
- Жақсы болу
өзіңнен
Жаман болу
өзіңнен
Өзіңді өзің ая
да,
Өзің үйрен
өзіңнен.
Жамандық көрсең
біреуден
Мен қандаймын деп
ойла.
Жақсылық көрсең
біреуден
Мен қандаймын деп
ойла!
Осы өлеңнің мағынасын талдап
көрейікші.
- Жарайсыңдар, балалар. Балалар, бір - біріне
лебіз білдіруі сәлемнен басталады. Сәлем - сөз анасы, сөздің
қасиеті, сондықтан оның мағынасына мән беру әдептіліктің,
адамгершіліктің баспалдағы. Олай болса амандасудың қандай
ережелерін
білесіңдер?
- Таныс адам алыс жерден келсе, оған барып
амандасқан жөн.
- Ассалаумағалейкум, деп амандасқанда
қолғапты шешу керек.
- Дұрыс, ендеше балалар, барлығымыз бірге
«Ізгі сөздер» өлеңін
айтайық.
Ұл - қыз сәлем
береміз
Өнегелі
өренбіз.
Білер қазақ
баласы:
«Сәлем - сөздің
анасы».
Біздің ата- бабаларымыз ұл-
қыздарының тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қараған. « Әке көрген оқ
жонар, ана көрген тон пішер» деп халық бекер айтпаған.Қыз баланы
алақандарына салып әлпештеп, еркелетіп, қонақ деп қараса, ал ұл
баланы әулеттің ізбасары, ұрпағын жалғастырушы деп сезінген.
Сондықтан «Әке- асқар тау, ана- мөлдір бұлақ, бала- жағасындағы
құрақ» екендігін ешқашан естен шығармағанымыз жөн. Ата-
аналарымызды қадірлеу ең басты
парызымыз.
- Балалар, қозғалмалы ойын ойнайық. (Онда
үлкен көрнекілік автобус көлігі, оның ішінде жүргізуші, отыратын
екі - үш бала және де әже рөлінде ойнайтын қыз
бала).
Ойын: Қозғалмалы ойын. Автобус ішіндегі
көрініс.
- Балалар, сендердің үйлеріңде әжелерің бар
ма?. Ендеше, мынау біздің әжеміз, ол сендерге базардан алма сатып
әкелмекші. Ол үшін қандай көлікке отыруы
керек?
- Автобус
көлігіне.
- Ендеше, аялдамадан автобус күтейік.(Әже
аялдамада тұрады).
Автобус жүргізушісі аялдамаға келіп тоқтайды.
Ішіне әжей кіреді. Сол кезде оған ешкім орын
бермейді.
- Балалар, қараңдаршы осы көрініс дұрыс па?,
әлде бұрыспа?
Балалар еркін түрде өздерінің ойларын айтуға
тиіс.
- Жоқ дұрыс емес, үлкен кісіге орын беру
керек. Біз үлкендерді сыйлауымыз керек. Амандасуымыз керек.
Орнымыздан тұрып: «Сіз отырыңыз» деуіміз керек деп көптеген сөздер
айтып, өз ойларын білдіреді.
Өйткені бізде сол әже секілді жылдар өтіп әже
боламыз.
- Дұрыс айтасыңдар балалар, біз үлкендерді
сыйлауымыз керек, амандасып, орнымыздан тұрып орнымызды ұсынуымыз
керек .
Автобусымыз баратын жеріне жетіп, әжеміз
автобустан түсіп базарға келеді. Базардан алма сатып
алады.
- Міне, балалар, сендерге әжелерің базардан
алма сатып әперді. Енді барлығымыз бірге «Не деу керек?» өлеңін
айтайық.
Апаң сенің
базардан,
Алма сатып
әкелді.
Ең үлкенін,
жақсысын,
Саған таңдап
әперді,
Не деп барып, жеу
керек?,
- Рахмет, сізге деу
керек.
- Өте жақсы. Енді бәріміз сергіту сәтін
орындайық. ( Буфер арқылы
ән).
Сергіту
сәті.
- Кәне, балалар, орнымыздан тұрып, бой
сергітіп алайық.
Ән
барлығы
оқушы:
Кім үлкенді
сыйласа,
Кім үлкенді
тыңдаса,
Үлкен болған
кезінде,
Сыйлы болмақ өзі
де.
Оқушы:
Апам үшін күнде
мен,
Отын ағаш
жарамын.
Су құямын гүлге
де,
Дүкенге де
барамын.
Оқушы:
Сыпырамын үй
ішін,
Жуам ыдыс –
табақты.
Апам бірақ мен
үшін,
Оқымайды
сабақты.
- Сонымен балалар, жақсы бала қандай
болады?
Таза жүректі,
әдепті, үлкенді тыңдайтын, кішіге қамқор
болатын.
оқушы:
Жақсылыққа
құштармыз,
Жақсы адам
болып шығамыз.
Таза сәби
жүректен,
Қабылдаңыз мың
алғыс.
- Көлік ішінде
егде адамдарға не істейміз?
Үлкенге орын
беру. Амандасу. Ұлдар аталарды көргенде «Ассалаумағалейкум» десе,
апа, әже, апайларды көргенде «Сәлеметсіз бе?» деу
керек.
Ия сонымен қандай түйінге
келіп тоқтадық бүгінгі дөңгелек
үстелімізде.
Оқушы:
Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай
түйініне келсек, қазақтың алтын асықтай ұл- қыздары « Жақсыдан
үйрен, жаманнан жирен» деген халық даналығын әрқашан бойға сіңіріп
жадымызда мәңгілік сақтауымыз
қажет.
Қорытынды:
Біздің балалар жамандық пен жақсылықты
ажырата біледі. Көптеген тәрбиелі мол түсініктер алды. Сабағымды
аяқтамас бұрын, Ұлы ақын Абай атамыздың нақыл да, тәрбиелі
өлеңінде
Бес нәрседен қашық
бол,
Бес нәрсеге асық
бол.
Адам болам
десеңіз,
Өсек, өтірік,
мақтаншақ,
Еріншек бекер мал
шашпақ.
Бес дұшпаның
білсеңіз,
Талап, еңбек терең
ой,
Қанағат, рақым ойлап
қой.
- Балалар, сендер осы Абай аталарыңның нақыл
өлеңін мәңгі жадыларыңда сақтап, жақсыдан үйреніп, жаманнан
жиреніп, әрқашанда білімді, еңбекқор, өтірік айтпай, мақтаншақ
болмай, тәрбиелі азамат пен азаматшалар болып өсулеріңе
тілектеспін.