400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жақсылық – жан шуағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге сабақ өту барысында қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп_______________________________Мерзiм____________№_____

Тақырып: Жақсылық – жан шуағы

Құндылық Махаббат

Қасиеттер: мейірім,сүйіспеншілік

Мұғалiм:____________________________Сынып:___________

Сабақтың мақсаты: «ой - өріс», «ақыл», «дүниетаным» туралы білімдерін тереңдеу.

Міндеттері:

- «ой - өріс», «ақыл», «дүниетаным» туралы білімдерін тереңдеуге ықпал ету;

- ақыл – ойларын дамыту;

- ақыл – ойын жақсылыққа жұмсауға тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізелеріңіздің немесе партаның үстіне қойсаңыз болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарап бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып жүрекіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз жақсы сөзбен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз де жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан –жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түпкір – түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрмын...Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын.»

Осындай Нұр, Махаббат, Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Ресурстар:үн таспа,

  1. Үй тапсырмасын тексеру.


Сабақ барысын талқылау:

  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

  • Өмірді танып білу дегенді қалай түсінесізді?

  • Ой – өріс, дүниетаным және сана – сезімнің ақылға қандай қатысыбар деп ойлайсыздар?

  • Ақылды және ақылсыз деп қандай жағдай айтады?


  1. Дәйек сөз.

«Кімде – кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол көп жинағаны бар адам. Ондай кісі жаңа естіп, көріп білгендерін сынап, орынды – орынсыз бағанағы жиған нәрселеріне қарай есеп қылады. Бұлай етіп қаракет еткен адамды ақылды дейміз»

А. Құнанбаев

  • Дәйексөздің сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Ақыл *- ой – жан қуаты» тақырыбына шығарма жазыңыздар.



  1. Топпен ән айту. Өлең оқу «Дүние білім, тым алыс»


  1. Үй тапсырмасы.

Оқулықтағы «Ақыл бар жрде» атты әңгімесін үйде оқып, талдап келу.



  1. Тыныштық сәті






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
449
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі