Жақсылық-жан жадыратады

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жақсылық-жан жадыратады

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп__113 _ Мерзiм__02.11.2015 ж __ №__9 __

Тақырып____Жақсылық – жан жадыратады____

Құндылық Дұрыс әрекет Қасиеттер_Жақсылық жасау, өзгеге зиян келтірмеу

Мұғалiм _С. Жақыпов_ Класс__9 _ Оқушылар саны_______


Сабақ мақсаты:


  • Оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту


Сабақтың міндеттері:


  • Жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу


  • Жақсылықты түсіну, жақсылық жасау іскерліктерін дамыту


  • Жақсылық жасауға тәрбиелеу


Ресурстар:

аудиокассета,

оқулық,

видеокссета,

ән мәтіні, маркер, А4 ақ қағаздары

Сабақ барысы:


1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)

А) оқушыларды түгендеу

Б) сабаққа дайындығын тексеру


2.Тыныштық сәтi. (3 мин)


3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)

Абайдың жиырма үшінші сөзі


  • Жаманға салысып жақсы бола ма? – деген сөзді қалай түсінесіз?


  • Адам басқаның жамандығына қуанудан немесе жұбаныш қылудан жақсы адам бола ала ма? Неліктен?


Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. (5 мин)

Жақсылық жасасаң да өзіңе,

Жамандық жасасаң да өзіңе.

  • Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіздер?

  • Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?



5.Әңгiмелеу (сұхбат). (10 мин)

Жақсылық пен жамандық


  • Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар?

  • «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?

  • Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма?

  • Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?

  • Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?



6.Шығармашылық жұмыс (10 мин)

«Менің жақсылық жасаған күндерім» тақырыбында шағын әңгіме жазу



7.Топпен ән айту. (3 мин)

Елім менің

Сөзі Н.Назарбаев

Әні Б.Тілеуханов



8.Үй тапсырмасы. (1 мин)

А. Қоныстың «Сөз құдыреті» әңгімесін оқып келу



9.Сабақтың соңғы сәтi. (2 мин)

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық.. бүкiл әлемде)

Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.02.2019
502
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі