Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жақсылық жан жадыратады. 9 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін - өзі тану мұғалімдеріне қажет деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: «№9 орта мектеп»КММ

Күні:

10.

Мұғалімі:Сакашева К.К

Сыныбы:9.

Тақырып: «Жақсылық - жан жадыратады»

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: адамгершілік, мейірімділік, жақсылық

Сабақтың мақсаты: оқушыларға жақсылық жасау адамның жанын жадыратынын түсіндіре отырып, «дұрыс әрекет» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Жақсылық жасау адамның азаматтық міндеті екендігін түсіндіру;

  • Жауапкершілік, сүйіспеншілік, шынайылық, әділеттілік қасиеттерін дамыту;

  • Қоғамға риясыз қызмет етуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу. Түгелдеу. 5 Т ережесі.

Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гул түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басының түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан - жануарларға өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”.
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.

2.Үй тапсырмасы тексеру:

« Сөз құдіреті » 58 бет.

1.      Жақсы сөз,шынайы тілек адамға қалай әсер етеді?

2.      Әжесі немересіне « жақсы сөз жаман ырыс » дегенді қалай түсіндіріп берді?

3.      Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

4.      Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

3.Жаңа ақпарат.

Дәйексөз.


Жамандық пайда етпейдi,

Жақсылық зая кетпейдi.

Халық мақалы


Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Жекелей оқытып,

  • Топқа бөліп оқытамыз;

  • Дәйексөзді хормен оқытамыз;

  • Дәптерге жаздырамыз

  • Әңгiмелеу (сұхбат).

«Кәрі шешей» әңгімесі

Күту залының шетінде жылынып отыр. Қап-қара киінген. Егде тартқан. Бүкірейген. Жанында түйіншек жатыр. Онда тамақ жоқ тәрізді, болмаса шешей күні бойы оған қолын бір тигізер еді. Кеш батты. Адамдар ұйқыға жайғасуда, абыр-сабыр, ниеті жаман жүргіншілерден өздерін қауіпсіздендіру үшін шабадандарын ыңғайластырып қоюда.

Ал шешей әлі қозғалмады. Ол ұйықтаған жоқ. Көздері ашық, бірақ айналасында болып жатқандарға құлықсыз, ішкі зарын қыспаққа алып отырғандай, кішкентай иықтар діріл қағады. Ол өзінің жасырын дұғасында әлдекімді еске алып отырғандай, сақтары мен еріндерін әрең жыбырлатады.

Вокзалдың мазасыз түні аяқталды. Ол таңертен де сол қалпында отырды, бұрынғыша үнсіз, жүдеу. Талтүсте оған жақын екі үш жасар баласымен әйел келіп жайғасты. Сәбилердің бірі келіп, оның еденге дейін түскен қара пальтосына қолын тигізді. Шешей мойнын бұрып, бұл әлемді алғаш көріп тұрғандай таңырқай қарады. Бұл жанасу оны өмірге қайтарды, оның көздері нұрланып, күлімсірей қарады, ал қолдары үлбіреген шаштарды емірене сипады.

Баласының мұрнын сүртпекші болған әйел шешейдің есікке қарап, әлденені күткендей қарауын байқап, сұрады: «Апа, сіз кімді күтіп отырсыз? Пойызыңыз нешеде?»

Сұрақ шешейді қатты састырды. «Қызым менің пойызым жоқ!» одан сайын бүкірейе түсті.

«Апа айтыңызшы, сізге не болды?! Тамақ ішкіңіз келе ме? Алыңыз!»

Піскен картоп ұсынды.

Оның тамағына жас тығылды... кенет ол бойын жинап, вокзалдың осынау зор кеңістігіне қайғысын паш еткендей қуатты күш жарып шықты: «Құдайым! Кешіре гөр, оны! Деп ыңырсыды да, бетін қолдарымен жауып, бүктетіліп қалды.

«Балам, балам...Қымбаттым...Жалғызым...Қарашығым...Жазғы күн шуағым...Шырылдаған торғайым...Әкелдің... Тастадың ....» деп теңселе айтты кеп, айтты кеп.

Ол үнсіз қалды да, құдайға сиынып, Құдайым, Кешіре гөр» деді.

Амалы құрып, енді жылауға да, сөйлеуге де әлі келмеді.

«Балақандар шешеймен болыңдар» айқайлаған әйел касса бет алды.

Қайырымды жандар! Көмектесіңдер!Маған билет керек! Анау шешейді алып кетем, залдың шетіндегі шешейді нұсқап, ол маған апа болады! Қазір пойызым келеді!».

Әйел бір қолымен шешейді, екінші қолымен сөмкесімен балаларын ұстады.

Оларға қарап, ақырын ғана дұға ғып, осы кездесу үшін Құдайға ризашылық білдірдім. Ғажап, Курган қаласындағы вокзалда өзім куә болған осы оқиғаны айтсам, адамның бірнеше минут ішінде осындай маңызды шешім қабылдағанына ешбірі сенбейді.



«Жақсылық» бумеранг бейнебаян.


Әңгімелеу:

« Жақсы сөз –жағымпаздық….» тақырыбында пікірталас өткізу. Оқушылардың өз ойларын сұрау, әңгімелесу.

Шығармашылық жұмыс: ( жеке немесе топпен)

Мәтіндерді оқы, ой бөліс. Өз ұсынысыңды жинақтап, жақсылыққа жету жолы туралы шағын әңгіме жаздыру.

I.Ұстаз айтты:

    Жақсы кісі деп сөзінен ісі көрінетін,айтқан сқзін кейіннен өзі ұстананатын кісіні айтады.

   Жақсы кісі түсінуге тырысады,бірақ одан пайда іздемейді. Жай адам пайда іздейді, бірақ түсінуге тырыспайды.

   Адамды сүйе де, жек көре де білетін адамды ғана адамгершілігі мол кісі дейді.

  Адамгершіліктен ажыраған адам ұзақ уақыт кедей болып қалмас, бірақ мол байлыққа кенелмейді.     Конфуций

II.Жақсылық төрт түрлі болады.

    Біріншіден, жақсылық жасауға бейім адамды біз жақсы адам дейміз.

   Екіншіден, ізгілік пен кісіліктің өзін де жақсылық дейміз.

  Үшіншіден, ол тамақ, дәрі және пайдалы дене тәрбиесі.

  Төртіншіден, жақсылық деп флейтада ойнауды, театрдағы ойынды т.с.с, өнерді айтады.   Платон

III.Адамның ұстанған көзқарасын оған реніш туғызбай өзгертудің тәсілі:

Ø  Адамның жақсы қасиеттерін көтермелеп, шын пейілден мойындаудан баста;

Ø  Адамдардың қателектерін айтқанда, мұны жанама түрде көрсет;

Ø  Адамды әрбір, тіпті ең елеусіз табысы үшін мақта және сөздерің шын көңілден шығатын болсын;

Ø  Көтермелеуді жиі пайдалан;

Ø  Оның жақсы атты екенін білдір ол соған сәйкес өмір сүрсін.                                                         Дейл Карнеги


5.Топпен ән айту.

Әні,сөзі: Айбек Оралов.


Жақсы адамдар


Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар бұзылмас тас қамалдар

Табанынның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар


Қайырмасы:

Жақсы көремін сондықтан мен сендерді

Менде бір сәт көтеріп еңсемді енді

Сендер салған адамдық ардың жолың

Болашаққа көрсетіп берсем болды


Жақсы көрем сендерді мен неліктен

Мінезіне мызғымас ерге біткен

Адамдықтың алдында аласарып

Биік тұрған қашанда пенделіктен


6.Үй тапсырмасы.

11-12 сабақтар. Абайдың отыз алтыншы қара сөзін оқып келу. 57-58 бет.


7.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Балалар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.Енді көздеріңді аша ғойындар. Осымен біздің сабағымыз аяқталды.бүгінгі күндеріңіз қуаныш әкелсін.

Рахмет.Сау болыңыздар!



 





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
615
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12