400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жақсылық жасап жарысайық.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жақсылық жасап жарысайық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді: _______________


Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Сафиева М

Күні:

18.09.2023

Сынып: 5 «В»

Қатысушылар саны:31

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Жақсылық жасап жарысайық

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
2.Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір - біріне деген достық сезімдерін нығайту.

Құдылықтарға баулу

Өмір бойы оқу, Қазастандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут


Психологиялық ахуал туғызу

«Сенің есімің» жаттығуы.

Мақсаты: топ ішінде жағымды атмосфера қалыптастыру, өздерін жоғары бағалауға дағдыландыру.

Әр оқушы нақыл сөздің мағынасын аша отырып, тақырыптың атауын біледі.


ҚБ

Мадақтау, қолдау


Парақ

Сабақтың ортасы

20 минут

Мұғалім:


Бүгін біз әдептілік, адалдық, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз. Олай болса АДАМ!

Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.


Мұғалім: Балалар, сіздер дос болу, адалдықтың деген не екенін білесіздер ме? Әрине, білесіздер, дос болмайтын ешбір адам болмайды, иә?! Ендеше осы сыныпта дос бар ма екенін дәлелдейік, ол үшін қазір біз 2 - топқа бөліп, дос туралы пікір таластырамыз және өз күшімізді тексерелік.
1 - Топ.«Татулық»
2 - топ. «Сыйластық»

1 - арал.

Сұрақтар:
Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?
Сендердің де адал достарың бар ма?
Сенің адалдыққа деген сенімін қандай?
«Адалдық – адамшылық бастауы» дегенді қалай түсінесіңдер?
«Адалдық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, шыншылдық» ұғымдарымен қатар жүре ме? Неліктен?




Оқушыларға екі түрлі мәтіннің алғашқы абзацтары беріледі. Оқушылар топпен бірлесіп мәтіндерді жалғастырады.

«Қарлығаш пен дәуіт» және «Аю мен тышқан».



Ойын-жаттығу.

Жоғарыда айтылған ойды бекіту мақсатында «Мейірімді жүрек» атты ойын ұйымдастыру.

Оқушыларға қатты қағаздан әдемі етіп жасалған түрлі кескіндердің (гүлдің, жүрекшенің, көбелектің) үлгісі таратылып беріледі. Әр оқушы қасындағы көршісінің жақсы қасиеттерін білдіретін сөздерді айтып, сыйға тартады.


Тақырыпқа назар аударады. Сұрақтарға жауап береді.

































Мүмкін жауаптар:

Адал дос дегеніміз - өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп көқмектесетін, қашан да қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас.

Мәтінді жалғастырады. Талдайды.Өз ойын қосады.

Мұғалімнің қойған сұрақтарына да жауап іздейді.





Оқушылар жылы сөздерімен парталас оқушыға кесіндерді тарту етеді.














ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»










ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.









ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.
















ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.
















Слайд

Қима қағаздар









Суреттер










Мәтін




















Слайд

















Сабақтың соңы

5 минут

«Жүректен жүрекке» шеңбері.

Қорытындылау

Шеңберге тұрып, өз отбасыларының жақсы қасиеттері жайлы айтып, шеңбер ішімен жүреді.

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Стикерлер қалам

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
06.06.2024
361
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі