Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Жақсылық меннен басталады"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп: №7ЖОББМ
Мерзім:25.11.2019ж
Мұғалiм: Роглакова А
Сынып:8 «в»-сынып
Оқушы саны: 10
Тақырып: Достық айнасы №12 сабақ
Құндылық:Ішкі тыныштық
Қасиеттер: әдептілік, сыйластық,сабырлылық
Сабақ мақсаты:адам өміріндегі достықтың маңызын түсіндіру арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: - оқушылардың «достық», «достық айнасы» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту; - сыйластықта болу қасиеттерін дамыту; -оқушыларды әдептілікке,сабырлылыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар:(құр алдар, мәлiметтер) үнтаспа |
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» Тәртіп Талап Тазалық Тыныштық Татулық қайталау Жағымды көңіл күйге келу: Тыныс алуға зейін қою. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз тынышталады.Тыныс алған кезде тыныштық пен ризашылық қабылдаймыз. Тынысты шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізелеріңіздің үстіне қоюға болады... Тыныс аламыз..., Тынысты шығарамыз (9-10 рет жаймен) 2.Үй тапсырмасын тексеру 68-71бет Зейнеп Ахметованың « Бабалар аманаты» әңгімесін оқып келу. -Үш дос нені армандайды? -Бүкіл ел олардың достығын неге аңыз етіп айтты? -Үш достың ұрпақтары олардың армандарын қалай жалғастырды? -Мәтеннен үш дос пен оның ұрпақтаының арасындағы шынайы достықтың қандай қасиеттерін байқауға болады? -Сендер шынайы достардың көп болуы үшін, қандай жағымды қасиеттеріңді дамытар едіңдер? -Өздеріңнің осы үш дос сияқты шынайы достарың бар ма? |
Сабақ барысын талқылау: |
3. Дәйексөз Айнымас досы бар адам- ең бақытты адам. Халық мақалы
Дәйексөзің мағанасын қандай түсінесіңдер? |
|
4.Әңгiмелеу Жай ғана су (өсиет әңгіме) Бір адамның басынан мынадай оқиға өтіпті. Ол сол ауылдың ақсақалына жылап келіп, шағым айтады: мен әрдайым достарыммен тіл табыса алмаймын, біздер ұрысып қала береміз. Достарыммен сөйлесуден қалдым. Мен әбден шаршап, өзіңізден ақыл-кеңес, көмек сұрап келіп отырмын. – Не амал етсем екен? Ақсақал ойланып отырып, келген адамға бірнеше сұрақ қояды. Содан соң бір құты су береді. «Осы су саған көмектесуі тиіс,– дейді. Күнде достарыңмен кездесер кезде осы суды ұрттап ал. Бірақ оны бірден жұтып жібермей, аузыңда біраз уақыт ұстауың керек». Арада бірталай уақыт өткенде, әлгі адам ақсақалға тағы жылап келеді. «Сірә, бірдеңе қосып берген болсаңыз керек, сіз берген судың көмегі тиген еді. Мен достарыммен жақсы қарым-қатынас орнатып қалған едім. Бәрі де жақсы болып келе жатыр еді. Менің көңілім көтеріліп, тыныштығым орнап қалған еді. Бірақ ол су таусылып қалды. Таусылғалы достарым баяғы «жырын» қайта бастады. Менің ішкі тыныштығым бұзылды. Сіздің көмегіңізсіз болмайтын болды» – деп, тағы да су беруін сұрайды. Сонда ақсақал күліп: «Айналайын, ол судың басқа судан айырмашылығы жоқ, ешқандай қасиеті де жоқ, күнде өзің пайдаланып жүрген, кәдімгі жай су. Оның саған көмегі – достарыңмен кездескен кезде не болса соны айтуға аузыңның бос болмағаны, әр сөзіңді ойланып айтып,дұрыс іс әрекет жасауыңа мәжбүр болғаның. Ендеше, өзіңді-өзің қолға алып,әдептілікке, сыпайылыққа, сабырлылыққа үйренсең, өзіңді-өзің тізгіндей алсаң, бұл жағдайда саған басқаның көмегі керек еместігін түсінген шығарсың», – дейді. Сұрақтар: -Адам ақсақалға неге келді? -Ақсақал қандай кеңес айтты? -Адамның ішкі тыныштығы қайтадан неге бұзылды? -Достарымызбен қарым-қатынасымыз жақсы болу үшін бойымызда қандай қасиеттер болу керек? -Ал сіздердің достарыңызбен қарым –қатынастарың қандай? |
|
5.Шығармашылық іс-әрекеттер, топтық жұмыс Балалар 2 топқа бөлініп «Достық айнасы» тақырыбында постер қорғайды - Балалар «Адал достық жүректерде сақталады.Адалдық құнды қасеттерден басталады» дегендей Жүректен шыққан сөз жүрекке жетсін деп алдарыңыздағы түрлі-түсті жүрекшелерді алып жүрекжарды жылы сөздеріңізді ,ішкі тыныштық құндылығының қасиеттерін кірістіре отырып,достарыңызға тілектеріңізді жазыңыздар. Әр түс бүгінгі сабақтардағы қасиеттер. Қызыл түс- әдептілік Сары түс- сыйластық Жасыл – сабырлылық Балалар осы жүрекшелерді бір-бірімізге берелік. Бір-біріміздің ішкі жан –дүниемізді жүрегімізбен түсініп,әрқашан да ізгі қарым қатынаста болайық. |
|
6.Топпен ән айту Жан досым. Әні:Жандос Қаражаубаев Сөзі:Мұқағали Кенжетайұлы 1.Жаныңмен қауырсындай, |
|
7.Үй тапсырмасы 73-74бет Асанұлы Қабан жырау «Бақыт қайда барасың?»оқу. Дәптермен жұмыс.№2 тапсырманы орындау. |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіре отырып,жүрегімізге сақтайық. |
|
Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп: №7ЖОББМ
Мұғалiм: Роглакова А Н
Сынып:5-сынып Мерзім:
Тақырып: Жақслық менен басталады
Құндылық:Сүйіспеншілік
Қасиеттер: мейірімділік, сыйластық,
Мақсаты: Жақсылық жасау,адамға қуаныш сыйлау, жақсы сөздер айту, қолдан келген көмекті аямау,қолдау көрсету,қайырымдылық жасау. Өз бойыңдағы құндылықтар мен қасиеттерді жарыққа шығару арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: - оқушылардың «достық» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту; - сыйластықта болу қасиеттерін дамыту; -оқушыларды мейірімділікке тәрбиелеу. |
Ресурстар:(құр алдар, мәлiметтер) үнтаспа |
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi Тренинг:Достық тілек Балалар жүрекшені бір-біріне беріп, көршісінің есіміне сын есім қосып айтып, бір-біріне тілек жолдайды. |
Сабақ барысын талқылау: |
3. Дәйексөз "Жақсылық жан азығы" мақалы
Дәйексөзің мағанасын қандай түсінесіңдер? |
|
4.ӘңгiмелеуЖамандық неден болады?Ертеде орман арасында бір жалғыз кісі тұрыпты, бұл кісіден аң, құстар қорықпай, адамша сөйлесіп жүреді. Бір күні әлгі кісі талдың түбінде жатқанда, барлық құстар жиылып, сол жерге түнемек болыпты. Аң, құстар өзара әңгімелесіп: «Осы дүниеде жамандық не себептен болады?» - деп бірнен бірі сұрайды. Сонда қарға айтыпты: - Дүниедегіжамандық аштықтан болады, жүрегің қарайған соң, не болса соған ұрынасың, ешкімді тыңдамайсың. Осы ашаршылықтан біздің қанша жақын туысымыз өлді. Сондықтан аш болмаудың қамын ойлау керек, - деді. Көгершін айтты: - Менің ойлауымша, жаманшылық аштықтан емес, сүйіспеншіліктен болады. Егер де біз жалғыз болсақ, біздің жұмысымыз аз болар еді, біз екеу-екеуден тұрамыз. Өзіңнің жан жолдасыңды жақсы көрген соң, саған тыныштық жоқ. Оның тамағынтоқ, көйлегін көк етуді ойлайсың. Және де ол бір жаққа ұшыпкетсе, аман-есен келгенше тыныштығың кетіп, кайғы жеп боласың. Келмей қалса, іздеймін деп өзің бір нәрсеге ұшырап өлесің. Сондықтан жаманшылықтың бәрі осы сүйіспеншіліктен болады, - деді. Жылан айтты: - Меніңше жамандық ызақорлықтан болады. Егер де біз тату тұрсақ, ызаланбас едік. Сонда бізге бәрі де жақсы көрінер еді. Егер де бір нәрсең көңілдегідей болмаса, қатты ашуланасың. Ашу кезінде ешкімді аямайсың. Біреуді шақсам екен деп жорғалай бересің. Ақырында біреуді шаққаннан кейін, ол өзіңді өлтіреді!. Міне, жамандық ызақорлықтан болады, - деді. Бұғы айтты: - Меніңше дүниедегі жамандық қорқақтықтан болады. Егерде біз еш нәрседен қорықпайтын болсақ, бәрі де жақсы болар еді. Мен жүйрікпін, күшім көп, кішкентай аңдарды мүйізіммен сүзіп кұлатамын, үлкен аңнан қашьш құтылам. Бірақ нашарлық, қорқақтық, ағаштың бұтағы сыбдырласа, қорыққаныңнан есің кетіп қаша бастайсың. Қашып келе жатып жардан құлап өлсең, итке жем боласың. Сондықтан қорықпау керек, батыр болу керек, - деді. Сонда баяғы тыңдап отырған кісі айтты: - Сіздер бәрің де жамандықты не себептен болатынын дұрыс айттындар. Біз адам баласы оны жақсы білеміз, неге десеңдер біз жамандықты да, жаксылықты да көп істейміз. Аштық, сүйіспеншілік, ызақорлық, қорқақтық – бәрі де біздің тәнімізді сақтау үшін керек. Бірақ біз тәнімізбен тіршілік етпейміз, көбіне жанымызбен тіршілік етеміз. Егер де біз бәрінен бұрын тәнімізге қызмет қылмай, жан күшіне қызмет етуді тілесек, онда біз аман болар едік, - деді.
|
|
5.Шығармашылық іс-әрекеттер, топтық жұмыс «Жақсылық менен басталады»постер қорғау, Коллаж құрау. |
|
6.Топпен ән айту Ертегілер әлемі Ғажайып түс көрдім,
|
|
Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп: №7ЖОББМ
Мұғалiм: Роглакова А
Сынып:8 -сынып Мерзім:
Тақырып: Ұжымдағы достық
Құндылық:Сүйіспеншілік
Қасиеттер: мейірімділік, сыйластық,
Мақсаты:адам өміріндегі достықтың маңызын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: - оқушылардың «достық» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту; - сыйластықта болу қасиеттерін дамыту; -оқушыларды мейірімділікке тәрбиелеу. |
Ресурстар:(құр алдар, мәлiметтер) үнтаспа |
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi Тренинг:Достық тілек Балалар жүрекшені бір-біріне беріп, көршісінің есіміне сын есім қосып айтып, бір-біріне тілек жолдайды. |
Сабақ барысын талқылау: |
3. Дәйексөз Айнымас досы бар адам- ең бақытты адам. Халық мақалы
Дәйексөзің мағанасын қандай түсінесіңдер? |
|
4.Әңгiмелеу Жай ғана су (өсиет әңгіме) Бір адамның басынан мынадай оқиға өтіпті. Ол сол ауылдың ақсақалына жылап келіп, шағым айтады: мен әрдайым достарыммен тіл табыса алмаймын, біздер ұрысып қала береміз. Достарыммен сөйлесуден қалдым. Мен әбден шаршап, өзіңізден ақыл-кеңес, көмек сұрап келіп отырмын. – Не амал етсем екен? Ақсақал ойланып отырып, келген адамға бірнеше сұрақ қояды. Содан соң бір құты су береді. «Осы су саған көмектесуі тиіс,– дейді. Күнде достарыңмен кездесер кезде осы суды ұрттап ал. Бірақ оны бірден жұтып жібермей, аузыңда біраз уақыт ұстауың керек». Арада бірталай уақыт өткенде, әлгі адам ақсақалға тағы жылап келеді. «Сірә, бірдеңе қосып берген болсаңыз керек, сіз берген судың көмегі тиген еді. Мен достарыммен жақсы қарым-қатынас орнатып қалған едім. Бәрі де жақсы болып келе жатыр еді. Менің көңілім көтеріліп, тыныштығым орнап қалған еді. Бірақ ол су таусылып қалды. Таусылғалы достарым баяғы «жырын» қайта бастады. Менің ішкі тыныштығым бұзылды. Сіздің көмегіңізсіз болмайтын болды» – деп, тағы да су беруін сұрайды. Сонда ақсақал күліп: «Айналайын, ол судың басқа судан айырмашылығы жоқ, ешқандай қасиеті де жоқ, күнде өзің пайдаланып жүрген, кәдімгі жай су. Оның саған көмегі – достарыңмен кездескен кезде не болса соны айтуға аузыңның бос болмағаны, әр сөзіңді ойланып айтып,дұрыс іс әрекет жасауыңа мәжбүр болғаның. Ендеше, өзіңді-өзің қолға алып,әдептілікке, сыпайылыққа, сабырлылыққа үйренсең, өзіңді-өзің тізгіндей алсаң, бұл жағдайда саған басқаның көмегі керек еместігін түсінген шығарсың», – дейді. Сұрақтар: -Адам ақсақалға неге келді? -Ақсақал қандай кеңес айтты? -Достарымызбен қарым-қатынасымыз жақсы болу үшін бойымызда қандай қасиеттер болу керек? -Ал сіздердің достарыңызбен қарым –қатынастарың қандай? |
|