Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
Материалдар / "Жақсылықпен жаңалық сыйла жаңа жыл" Ертеңгілік сценарийі
"Жақсылықпен жаңалық сыйла жаңа жыл" Ертеңгілік сценарийі
Материал туралы қысқаша түсінік
Аталмыш сценарий мектептердің бастауыш сынып оқушыларына арналған. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін жаңа жылдық ертеңгіліктер сценарийлерін жаңаша түрде өзгертіпотыру керек. Бұл сценарий қазақ халқының ертегілері мен қазіргі кезгі заманауи мульфилмдердің кейіпкерлерін кірістіре отырып жасалған. Мектеп оқушылары үшін өте қызықты болары сөзсіз.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
“Жақсылық пен жайлылық
сыйла, Жаңа Жыл!” атты жаңа жылдық ертеңгіліктің
сценарийі
Фонфары
ойналады.
Көрініс
басталады.
І-
сайқымазақ:
Келіңдер жас
ұландар,
Ертегімді
тыңдандар.
Ертегімде сан
қилы
Қызық - Қызық сырлар
бар.
Жаңа жылдың
кешінде
Аңдар келіп 6ip
шешімге
Достаспақшы
ниетпен
Жиналыпты
келісімге.
Соныменен,
балалар
Жаңа жылға
арналған
Ертегіні
көріңдер
Шын бағасын
беріңдер.
ІІ-
сайқымазақ:
Уа, халайық,
жараңдар,
Айналаға
қараңдар.
Кызық көріп шат
болсын,
Шалқып күліп,
тараңдар.
Уа, халайық
құрметті,
Көмейіме жыр кеп
тұр.
Жаңа жылды қарсы
алып,
Өткізейік дүрмекті
деп.
Қыстың әнін шырқауға
шақырамын
( Шырша әніорындалады).
Ән орындалып біткеннен
кейін ертегілер әлеміне бастайтын саз ойналады да күтпеген жерден
Буратино мен Мальвина бір-бірін қуалап,шыршаны айнала жүгіріп
шығады
Буратино:- Ой,
Мальвина, тоқташы, сені қуалап жүгірем деп шаршап кеттім ғой. Одан
да шыныңды айтшы, сен алтын кілтті қайда тығып
қойдың?
Мальвина:- Туу,
Буратино, не деген адамсың, айттым ғой саған.
Жоғалтып
алдым, түсінші мені, жоғалтып
алдым!
(Екеуі керілдесіп
төбелесуге барады. Сол кезде музыка ойнап ортаға Шрек пен Фиона
екеуі келеді.)
Шрек:-Ау, мұнда не боп жатыр? Не
жанжал мынау?
Буратино:- Мына
Мальвина алтын кілтті маған бер десем бермей тұр , мен оған
көрсетемін әлі... Әкел кілтті.
Фиона:-Оу достар,алдымызда
жаңа жыл келеді, Жаңа жыл үлкен мереке. Мына балалар мерекеге
дайындалып жатыр. Ал, сендердің тұрыстарың мынау, керілдесіп. Не
болды сонша? Достар одан да мерекені жақсылап тұрып қарсы алайық
та! Канекей не тұрыс!
Буратино:-Бүгін сізге жырдан алқа
тағайын,
Шат күлкіге толы болсын
маңайың.
Көргендер де көрмегенде
арманда.
Жаңа жылың құтты болсын
ағайын.
Мальвина: Зеңгір көкте жұлдыз болып
жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып,
арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат
әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын
ағайын.
Буратино:-Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі
халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымызкөтеріңкі
көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысуға
шақырамыз. Шрек:-Достар,
осы балалардың айтуынша Аяз Атадан жаңа жылдың алдында нені
армандасаң, яғни не тілесең , сол орындалады - дейді рас
па,
Буратино:Рас, рас.
Ол рас.
Фиона:
-Ендеше, біздің де Жаңа жылдың
алдында Аяз Атадан тілейтін тілегіміз бар. Тезірек арманымыз
орындалса екен!
Мальвина:-Ол қандай
тілек? Айтыңдаршы бізге де!?
Шрек:-Ендеше тыңдаңдар! Біз Аяз
Атаға хат жазып әкелдік. Қымбатты Аяз Ата! Сізден Жаңа жылдың
алдында тілейтін тілегіміз бар.Біздің өзімізге тән
келбетімізді өзімізге қайтарып, бұрынғы сұлу Фиона, сымбатты Шрек
етіп қайтаруыңызды өтінеміз, көмектесіңіз. Аяз Ата сол сияқты осы
жыл бүкіл балаларға бақытпен шаттық, көп қуаныш әкелсін деп өтініп
сұраймыз!
Буратино:-Ия, ия, оларың дұрыс екен. Ал,
енді бізге Аяз Ата тезірек келу үшін, мына ғимараттың есігін ашу
керек қой. Ол үшін біз алтын кілтті тауып алуымыз керек. Ал, Алтын
кілтті Мальвина жоғалтып алған. Енді не
істейміз?
Мальвина:- Балалар, қазір
техниканың қарыштап дамыған заманы. Алтын кілтті іздеп табуды
Роботбекке тапсырсақ қайтеді, оның қолынан бәрі келеді. Жаңа
заманның жаңашыл туындысын көмекке
шақырайықшы.
Музыка ойнап ортаға
Роботбек келеді.
Буратино:-
Саламатсыз ба Роботбек? Қаліңіз қалай? Бізге Сіздің көмегіңіз керек
боп тұр. Бізге Аяз Атаны жылдам келтіру үшін алтын кілтті тауып алу
керек. Кілтті іздеуге
көмектесіңізші.
Роботбек ишарамен ия деген
қимыл көрсетеді.
Роботбек:Саламатсыңдар ма балалар! Жаңа жылдарыңмен! Сендермен
кездескеніме қуаныштымын. Жаңа жыл жаңа табыс, жаңа қуаныш
әкелсін!
Мальвина:Роботбекті іске қосу үшін бәріміз Роботбекпен бірге
билеуіміз керек екен. Кәне көңілдірек бірге
билейікші.
Оң аяқ басамыз, сол аяқ
басамыз, оң қол жоғары, сол қол жоғары... Өте керемет билейді
екенбіз балалар.
Балалар Роботбекпен
қайталап билейді .
Осы кезде Аяздың дыбысы
естіліп, есіктің ашылып-жабылғаны естіледі. Ішке Али мен Аия
кіреді.
Али: У-У-У не деген суық,
қатты тоңып қалдым, жаурап кеттім
ғой
Аия:Иә, тоңып
қалдық. Дірілдеп барам, у-у-у Али мен үсіп кеттім. Сен ше ?У
у
Али:-Далада ойнағымыз келіп, шығып едік. Сосын тоңып қалдық
-у-у-у
-Буратино:Али, Аия бұл қыс мезгілі. Қыста күн суытады, қар жауады,
аяз болады. Дала аппақ күйге енеді. Балалар жылы киінеді. Әйтпесе
тоңып қалады.
Мальвина:Сосын
қыстың өз қызығы болады. Балалар мұз айдынында сырғанақ тебеді,
хоккей ойнайды. Қардан Аққала жасаймыз, қар атыспақ ойнаймыз. Қыста
әсірісежаңа жыл мерекесін қарсы алу
өте қызықты. Тамаша! Балалар неше түрлі киініп, өнерлерін көрсетіп,
Аяз Атамен Ақшақардан сыйлықтар
алады.
Аия:- Аяз Ата мен Ақшақар деген
не?
Буратино:- Міне
қызық! Сендер оларды білмеуші ме едіңдер? Аяз Ата мен Ақшақар
–Жаңа жыл мерекесінің жаршысы,
қыс айында болатын Аяз бен қардың белгісі
ғой.
Мальвина:- Иә,
бүгін біздің балалардың жаңа жылдық мерекесіне Аяз Ата мен Ақшақар
келуі керек. Бәріміз жаңа жылдың келуін күтудеміз. Солай ғой
балалар!
Али:- Ал,
бізде балалармен ойнауға бола ма? Мұнда өте қызық
екен!
Буратино:Әрине,
әрине балалар! Тамаша болар еді.
Мальвина::- Иә, балақайлар, ендеше
балалармен қар атысып ойнаңдар. Кәне, балалар бәріміз қар атысып
ойнайық.
Балалармен қар атысып
ойнайды.
Маша мен Аю ертегісінен
музыка ойналып Аю мен Маша
келеді.
Аю: Жаңа жылдың
алдында,
Тойды еске алдым да .
Ұйқымды ашып,
сергідім,
Ұйықтамаймын мен
бүгін!
Маша қызым
қанекей,
Тойдан қалыс
қалмайық.
Жылды қарсы
алайық,
Би билеп, ән
салайық.
Маша:Ой, мұнда
бәрі тамаша,
Ән салайық
жаңаша
Жаңа жылды қарсы
алып,
Мәз боламыз
балаша.
Барлығы қол ұстасып,
музыкамен билейді.Билеп жүріп Маша шыршаның
астынан Алтын кілтті тауып
алады.
Маша: - Алақай, алақай,
алақай! Мен Алтын кілтті тауып алдым ! АЛТЫН КІЛТ, Алтын кілт,
алақай!
( Шыршаны айнала кілтті
алып жүгіреді. Сол кезде жарық сөніп, қорқынышты музыка ойнайды.
Залға Мыстан кемпір кіреді.)
Мыстан
кемпір:Қап бәлем, ұсталдың ба! Әкел
бері кілтті, әкел мұнда!Е-е-е
жақсылықтың кілті мұнда тұр екен ғой. Мен мұны құртайын, су түбіне
тастайын. Ешкім таба алмасын. Мен жақсылық атаулыны жек көремін,
жек көремін. Ешқандай той болмасын!
Соқ, соқ боран
қаттырақ
Бүкіл әлем мұзға
айналсын.
Алай - дүлей соқ
боран
Барлық дүние
шайқалсын.
Тыныштықты
бұзатын
Кімдер бұлай
ойнайтын.
Балаларды
қаламаймын
Сарайымды
былғайтын.
Буратино:Сәлеметсізбе, Мыстан әже, қош келдіңіз, жаңа жылыңызбен!
Айналаға қараңызшы балалар қандай әдемі, шыршамыз да жарқырап тұр.
Сізсіз Жаңа жылдың сәні кірмес. Келіп қалдыңыз гой. Балалар да соны
қалайды, Солайма балалар.
Мальвина:- Кәне
балалар бәріміз Мыстан әжеден өтініп сұрайықшы. Мыстан әже Алтын
кілтті бізге қайтарып, мерекеміздің қадірлі қонағы болыңыз. Сізден
өтініп, сұраймыз.
(Қол шапалақпен бәрі
сұрайды)
Мыстан:
-Ол үшін сендер маған не
бересіңдер, жүгірмектер!
Буратино:
-Мыстан әже,бізбен
бірге бір би билеңіз, көңіл
көтеріңіз!
Мыстан: - Ай, жарайды мен мына сыпырғышыма мініп алып,
сендермен би билейін.
Мыстан:-
Жарайды, балалар, сендер жақсы билейді екенсіңдер. Мен жеңілдім.
Сендер жеңдіңдер. Мен Алтын кілтті қайтаруға
мәжбірмін.
Буратино, Мальвина:-
екеуі бірге:-Ой, жарайсың Мыстан әже!
жарайсың. Қандай жақсы болды. Алтын кілт
біздікі!
Сол кезде сағат тілі ұрады,
есік қағылады
Мальвина:Ой
балалар, уақыт та таяп қалды. Бүгінгі мерекемізге сән беріп тұрған
әсем шыршамыздың шамын ел ағаларының қолымен жарқыратып жағалықшы.
Ендеше, шырша шамы жағылсын! Ағалардан
сұрайықшы!
Бәрі: Сұраймыз, сұраймыз,
сұраймыз
Мектеп басшысы кішкентай
Аяз Аталармен бірге шырша шамын
жағады.
«Жаңа жыл кеші»
орындайтын Алдан Толғанай
Балалар шыршаны
айналады.
Буратино:-Балалар не тұрыс, Аяз ата
келетін уақыт болды Барып Алтын кілтпен есікті ашайық, Аяз атамен
Ақшақарды қарсы алайық!
- Балалар, жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны.
Ақшақарды шақырайық.
Балалар: - Аяз Ата,
Ақшақар. Аяз Ата,
Ақшақар.
Мальвина:
- Ақ киімді денелі ақ
сақалды,
Қуанышқа бөлеген барша
жанды.
Жаңа жылдың хабаршысы,
жаршысы,
Қарсы алайық Аяз Ата,
Ақшақарды
Буратино Алтын кілтпен
ғимарат есігін ашады. Есіктің ашылған даусы
естіледі.Музыка ойналып залға
Аяз Ата мен Ақшақар
келеді.
Аяз
ата:Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен
ел,
Нарына нарық заман мінгескен
ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен
ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен
ел.
Буратино:
Ассалаумағалейкум, Ата!
Аяз ата:Уағалейкумассалаум, балам!
Асулардан
асып,
Аппақ қарды
басып,
Жеттік міне
сендерге
Сағынышты
басып.
Ақшақар:Саламатсыздар ма балалар! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!
Өздерің де жайнап, құлпырып отырсыңдар! Жаңа жыл мерекесі
құтты болсын. Сіздермен бірге мерекені қарсы алып,
ойнап-билеп, күлуге келдік
балалар!
Аяз ата:-
Бәрекелді, балам! Уақыт қандай жылдам десеңші, балам! Сіздермен
кездеспегелі бір жыл уақыт өтіпті. Енді міне жаңа жыл да таяп
қалды.
Мальвина:
- Дұрыс айтасыз Аяз Ата!
Балалар жаңа жылды асыға күтуде. Балалар ендеше ескі жылмен қош
айтысайық.
Көңілде көп
қуаныш,
Әр көңілде жақсылық
.
Кетер жылға мың
алғыс,
Әкелген көп жақсылық,
-деп ескі мешін жылын шығарып
салайық.
(Ортаға музыкамен ескі жыл
мешін келеді)
Ескі жыл:Менің
жылымда жеткен жетістіктердің санына жету мүмкін емес сияқты.
Шәкірттеріміз биылғы жыл түрлі байқаулардын, халықаралық
конкурстардың жеңімпаздары атанды. Білімді шәкірттер саны көбейді.
Егеменді еліміздің Тәуелсіздігі
нығайды.
Жасампаз заман бұл
заман,
Бүгінге ертең
ғаламат.
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Соңғы бір жылда:
45 000 000 ₸
Авторлар тапқан ақша
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз