400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жақсылықпен кел жаңа жыл! "Күншуақ" тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жақсылықпен кел жаңа жыл. Ортаңғы "Күншуақ" тобы. Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым – қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді Бекітемін

«Алтын Ел-Балапан» «Алтын Ел-Балапан»

балабақшасының әдіскері балабақшасының меңгерушісі

Ещанова Г. У____________________ Ещанова Г. У_______________

«__23___» ___12____ 2021___жыл « ____» __________ 20____жыл

















«Жақсылықпен кел, Жаңа Жыл!»

«Күншуақ» тобы

















Дайындаған: Қудайбергенова О.Қ.





Алматы 2021ж



«Жақсылықпен кел, Жаңа Жыл!»

Мақсаты:Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым – қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату. Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Күншуақ» тобында! Құрметті ата - аналар, әріптестер көптеп күткен жаңа жыл мерекемізде келіп жетті, ендеше ортаға «Алтын Ел-Балапан» балабақшамыздың «Күншуақ» тобының кішкентай бүлдіршіндерін шақырамыз, және сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз! Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін дейміз. Балалар Қош келдіңіздер.Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Балалар қарандаршы бізде шырша да бар,сыйлық та бар.Брақ... бізге шыршамызға көрік беретін кім жетіспейді ?

Балалар жауабы: Сиқыршы

Жүргізуші:Жарайсындар балалар ендеше бәріміз бірге сиқыршыны қарсы алайық. (ортаға шыр айналып сиқыршы кіріп келеді) Сиқыршы: Салеметсіндерме,балалар.Жаңа жыл мерекесіне қош

келдініздер.Қарандаршы айнала неткен керемет! Брақ...

Шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен сендердің әдемі сөздерңмен шамын жағайық!

Бәрі: Қуант, бізді таңырқат

Шамдарынды жарқырат!! (3 рет)

Жүргізуші: Ән «Келді міне жаңа жыл»

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip - ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/
Жүргізуші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.
Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле - шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді«Аяз ата» «Аяз ата» «Аяз ата» «Ақшақар»

Аяз ата Ақшақар топқа кіреді.

Аяз ата:

Құтты болсын,балалар

Келген жаңа жылдарың

Аландамай өсіндер

Еркелеп ұл,қыздарым

Өткен жылы келіп ем

Бәрінді де көріп ем

Жыл өткізіп келем деп

Уәдемді де беріп ем

Ойларың мен бойларың да

Бірдей өсіп қалдындар ма?

Ақшақар:

Сәлеметсіздер ме балалар.

Жаңа жылдарың құтты болсын

Сүйсіндірер маңайды

Ақшақармын арайлы

Жалт жұлт еткен жүзіңмен

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнің жырдың,тақпақтың.

Жүргізуші: Қош келдің Аяз ата сен алыс жолдан шаршап келген боларсың Ендеше біздің кішкентай сүйкімді балапандарымыздың өнерін бірге тамашалайық. Балалар біздің жаңа жылға жаттаған қандай тақпақтарымыз бар? Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.Каусар

Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.Ануар

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.Аділбек

Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.Айару

Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.Дінмұхаммед

Тамаша. тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.Ханшайым

Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,Даняр

Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.Арайлым


Жүргізуші: Би «Шырша» Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз.Маржан

Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.
Жібек

Тауда туып
Тауда өсіп
Шырша келді ортаға
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз Ибрахим

Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.Айзере

Төрле, төрле жаңа жыл 
Айтамыз тебірнете Жаңа жыр
Төрле, төрле құтты жыл
Әр кез жүрші төгіп нұр. Зейнеп


Ақ көрпесін жамылып
Ұйықтап жатқан дала нұр
Балаларды сағынып
Келді міне жаңа жыл! Айсұлу Жүргізуші: Би «Аққала» Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!
Аяз ата:Жарайсындар балапандар сендер кіп кішкентай болсаңдарда өнерлі биші әнші екенсіндер.Енді мен сыйлықтарымды қабыл алыңдар

Қоштасатын кез келді.

Баратын жер көп әл

Жаңа жылды шаттықпен

Қарсы аламыз біз әлі

Қош болыңдар балалар

Құтты болсын жаңа жыл!!!

Жүргізуші: Ән тыңдап, би биледік бүгін тойда
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып Жаңа жылға қадам бастық
Құтты болсын Жаңа жыл баршамызға
Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
361
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі