Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Жақсылықтан жақсылыққа

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жақсылықтан жақсылыққа 4сынып

Құндылықтар:ақиқат

Қасиеттер: жақсылық,имандылық,жағымды қарым-қатынас

Сабақтың мақсаты: «Оқушылардың«жақсылық» құндылық ретіндегі маңыздылығын ашу

Міндеттері:

-жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын ашу;

-жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;

-имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: \құралдар,

мәліметтер\

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті:  (Музыка)
- Балалар, сендер бақ ішін аралап жүргендеріңді көз алдарына елестетіңдерші. Төңірекке сүйсіне қараңдаршы.
Өте тамаша!
Бұл не ғажап!
Бақ мүлде өзгерген. Жаздағы жап - жасыл түс сары алтын түске боялған. Аяқ астына қараңдаршы, жерге сап - сары кілем төселген сияқты. Жер жүруге ыңғайлы, жұп - жұмсақ. Анда - санда ағараңдап жеміс ағаштары көрініп қалады. Олардың сары жапырақтары сусылдап жерге түсіп жатыр, бұтақтарының арасынан көгілдір аспан көрініп тұр. Осы тамаша сиқырлы баққа келген адамдар мейірімді, қамқоршыл болып келеді. Өйткені бұл - сиқырлы бақша. Мұнда данышпан қария өмір сүріп келеді. Ол қария сендер сияқты жақсы, ізетті балаларды жақсы көреді. Егер оның жанына барып:«Ассалаумағалейкум ата!» деп сәлем берсеңдер, ол өзінің жылы алақанымен сендердің бастарынан сипап, батасын береді. Ал енді қарияның батасын алып, өз сыныбымызға қайта оралайық!
Енді сендер, одан бетер мейірімді, инабатты, ізетті, тәртіпті бала боласыңдар. Енді көздеріңді ашып, қолдарыңды жоғары содан кейін екі жаққа созыңдар, терең дем алыңдар, міне тамаша!
- Балалар тыныштық сәтінде сендердің көз алдарына не елестеді?
- Сендер қандай жерде бодында деп ойлайсыңдар?

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Балалардың жауаптары тыңдалып, түйінделеді

үнтаспа




3. Дәйексөз. 4 сынып: «Ешқандай жақсылық зая кетпейді» нақыл сөз.

--Жақсылыөтан жақсылыққа жетесің,жақсылықтан жақсылық туындайды,жақсылық болған жерде жақсылық болады,жақсылық еш уақытта зая кетпейді.Бір адамға жасаған жақсылықтарыңыз көп адамдарға тарайды.Ал сіздің жасаған жақсылығыңыз халықтың алғысы боп міндетті түрде оралады.



4. Әңгімелеу: Бұлақ сылдыры М.Көккөзов

/оқушылар өз бетінше мәтінді оқып шығады,мазмұнын дайындайды/

  • Шалдың әрекеті туралы не айта аласыңдар?

  • Сендер солай жасай алар ма едіңдер?

Шалдың жасаған жақсылығы қандай жақсылық боп оралды?

4-сынып:ә/құрал,124бет


5. Шығармашылық жұмыс.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып мақал-мәтелді оқы.

Жақсы-.....,

Әлемге бірдей.

....үлгісі

Жанып тұрған..... .

......-ортақ,.....-ортақ,.....-ортақ.

Жақсы келді дегенше,

.....келді десейші.

.....нышанын

Алып келді десейші.

Керекті сөздер:жақсылардың,күн,ай,шамдай,жақсы,жарық,ай мен күндей,жақсылықтың.



6. Топпен ән айту. Музыкасын жазған :М.Әубәкіров Сөзін жазған:Ә.Дүйсенбиев

Ағайынбыз бәріміз

Жақсылыққа, бақытқа,

Талпынған әр уақытта.

Бала біткен дос-бауыр,

Болмасын еш тосқауыл.

Қайырмасы:

 

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

 

Ортақ болсын асқар тау,

Жеміс толы бақша-бау.

Болсын жер мен су да ортақ,

Болсын бізге ту да ортақ.

үнтаспан

7. Үй тапсырмасы. Оқулық, бет оқу,түсінгенін айту

«Өзін-өзі тану» оқулығы 4сынып

8. Соңғы тыныштық сәті. Көздерімізді жұмамыз,бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! Көріскенше !


Үнтаспадан жай музыка ойнату.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.01.2019
617
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12