Жаратылыстану

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаратылыстану

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық оқу қызметі «Жаратылыстану»

Білім саласы: «Таным»

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Жабайы жануарлардың тіршілігіндегі күзгі және қысқы өзгерістер»

Мақсаты: Жануарлардың тіршілігіндегі күзгі, қысқы өзгерістермен , тіршілігімен таныстыру ; жануарлардың қысқа қалай дайындалатыны туралы білуге үйрету.

Тәрбиешінің қызметі:

Шаттық шеңбер

Сәлеметсіздерме?
Бүгін қонақтарға қандай ақылды,жақсы балалар екенімізді көрсетейік.
-Армысыз, мейірімді –Аспан Ата!
-Армысыз,қайырымды-Жер Ана!
-Армысыз,шұғылалы-Нұрлы Күн!
Құт-дарыт бар әлемді жарқырат!


Өткен іс әрекетті еске түсіру :


Жел тынымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал терек

Жапырағын жұлғызып

-Балалар мен қандай мезгіл туралы оқыдым?

-Дұрыс балалар күз туралы оқыдым

- Жылдың неше мезгілі бар?

-Қазір жылыдың қай мезгілі?

-Күзде неше ай бар?

- Күзде ауа -райында қандай өзгерістер болады?

-Күз туралы кім қандай тақпақтар біледі?

-Жарайсыңдар балалар

Жаңа тақырыппен танысу

Өздеріңіз байқағандай бүгінгі оқу қызметіміз ерекше өтпек. Ендеше біз бүгін Жабайы жануарлардың тіршілігіндегі күзгі және қысқы өзгерістері туралы білеміз.

Мен сендерге әңгіме оқып беремін. Әңгіме не туралы, қай мезгіл туралы айтылғанын табыңыздар; « Ол ағаштан ағашқа секіріп, бір нәрсені ағаштың қуысына жинап , тыным таппай жүр. Жақында тонында ауыстырады. Ал төменде қорбаңдаған бір нәрсе жидектерді , жаңғақтарды , ағаштың тамырын жеп жүр. Өзі әбден семіріп алыпты, денесін көтере алмай маймаң маймаң етеді»

Дұрыс айтасыңдар балалар !

Бұл күз мезгілі және тиін мен аю туралы айтылған екен.

Ендеше жабайы жануарлардың күзгі және қысқы тіршілігін көру үшін орманға саяхатқа барамыз.

- Балалар саяхатқа немен барамыз?

- Әрине ат арбамен барамыз

Тәрбиеші балалармен орманға келеді. Орман ережесін түсіндіреді.

Тәрбиеші:

«Аю күні бойы орман кезіп жүріп,жеміс-жидектер мен аменжаңғақтарды жеп,денесіне май жинайды,апанның ішін дайындайды. Тиін мен қоян түлейді,яғни жұқа жүндері қалыңдайды және түстері өзгереді.Тиін ағаш қуысына азық қорын жинайды.Тышқан мен қөртышқан ініне егістіктен масақ дәндерін жинайды.Борсық інінің ішін тазалап,қысқа дайындап, ағаш тамырын,саңырауқұлақ жинайды.Қасқыр мен түлкі қысқа азық жинамайды.

Балалардан сұралады

Бұл –апан(үңгір).Аю болса, өздерің көріп тұрғандай қыс бойы қардың астындағы апанда жатып ұйықтайды.              
Оның іші жылы, әрі жайлы. Аю жаз бойы жинаған майынан қорек алып,табанын жалап  ұйықтайды. АЮ-үлкен, маймақ, қорбаң-қорбаң етіп  жүреді. Оның екі кішкентай құлағы, төрт аяғы бар

-Қоян түні бойы жүгіріп қорек іздейді. Ал, күндіз бұта астына жасырынып демалады. Құрғақ шөптер мен ағаш қабығын жеп қоректенеді.
Қоян сұр тонын ақ тонға ауыстырады.Ол қары қалың орманда қасқыр мен түлкіден осылайша жасырынады.
Қорқақ,кішкентай,құлақтары ұзын.

Тиін ағаштың қуысында мекендейді.
Тиін жаздай жидектерді, жаңғақтарды ,саңырауқұлақтарды жинап және шырша бүрінімен қоректенеді .Қыс бойы сол азығын қорек етеді.

Тәрбиеші: Балалар суреттен не көріп тұрмыз?

-Жабайы жануарларды

- Жабайы жануарлар дегенді орысша қалай атаймыз?

-Олар қайда өмір сүреді?

-Орманды орысша қалай атаймыз?

- Жануарларды жеке -жеке айтып , және олардың орысша аудармасын айтуымыз қажет

Тосын сәт:

Орманшы кіреді:Ол балалармен сәлемдесіп сендердің орман жайлы айтқандарыңды естіп,не білетіндеріңді білуге келдім.
-    
-    Орман адамдарға не үшін қажет:
-    1)-Орман біздің байлығымыз.
-    2)Орман жердің жасыл әшекейі.
-    3)Орман бар жерде ауа да таза.
-    4)Орман жануарлар мен құстардың мекені.
-    5)Орман-біздің досымыз
-    6)Орман- ылғалды ұстау арқылы  егін өсіруге көмектеседі.
-    7 )Орман өзінің жемістері мен жидектерін,саңырауқұлақтарын сыйға тартатын қамба.
-    8 Орман сұлулықтың қайнар көзі.
-     Орманды бақылайтын орманшы болады,олар аңдарды аңшылар келіп атып кетпесінші деп бақылау жасайды.Орманда мекендейтін қай аң болмасын біз адамдар қамқоршы болуымыз керек.
-    ---Иә дұрыс айтасыңдар,Ағаштарға  тисуге де болмайды, себебі қыста үсіген бұталар тез сынады. Ну орман  адамдардың қуанышы үшін өсе бер,ғажапқа толы орман біз доспыз.Орманда бәріне қорек жетеді,ешкім де аш қалмайды. Орман  көптеген жануарларға баспана әрі қорек болады.

Орманшы балаларға ойын ойнатады:
Ойын -«Доп лақтыр »

Шарты: Жабайы жануарларды атап айтады

-        Немен қоректенеді?

-        Қысқы баспанасы не?

- Оның төлі қалай аталады?

Қимылды ойын : «Қасқыр мен қояндар»

Шарты: Балалар шеңберге тұрады. Санамақ арқылы қасқырды таңдайды. Қалған балалар қояндар болады. Қояндар өз алаңқайында жүреді. Қасқыр болған бала тығылып отырады. Қояндар алаңға шығып шөп жеп жан -жағына қарап мына өлеңді айтады. Қасқыр қуады. Ұсталған қоян қасқыр болып ауысады.

шоқақ шоқақ жүгіріп

Қояндар кетіп барады

Шөпті жалмап жеседі

Қасқыр жоқпа деседі

Тың тыңдайды абайлап

Балалар орманшымен қоштасып балабақшаға қайтады.

Ойын: «Жануарлар жақсы көретін азықтар»

Мақсаты : балалардың өзінің сүйікті жануарларына деген қызығушылығын арттыру

Шарты: Бес бала шығып өзінің сүйікті жануарын таңдап және келесі жерден осы жануарлардың азығын әкеліп оның қандай азық екенін атап тақтандыру.

Ойын : Ойлауға

Ең айлакер аң....(түлкі)
Ең қорқақ...(қоян)
Балды жақсы көретін...(аю)
Ең ұзын мойын...(керік)
Ең ақылды...(маймыл)
Ең ұзақ өмір сүретін...(тасбақа)
Ең күші көп ол...(құмырсқа)
(Себебі ол өзінен екі есе артық жүкті көтереіп алып жүре алады екен)


Қорытынды.

-Қандай оқу қызметі болды?

-Естеріңде не қалды?

-Қандай тапсырманы орындау саған ұнады?

Мадақтау












































54 «Айгүл» бөбекжай бақшасы










Ашық оқу қызметі «Жаратылыстану»









6 «Бұлбұл» ересек тобы

Тәрбиеші: Олжабаева.В. Г



























Атырау- 2023жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2025
85
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі