Жаратылыстану 4 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаратылыстану 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы


Пәні:

Жаратылыстану

Бөлім:

Қоршаған ортаны қорғау

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып:3

Қатысқандардың саны

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы:

Электр тізбегі дегеніміз не?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

3.5.5.2 қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинау;

3.5.5.3 қарапайым электр тізбегін элементтерін көрсете отырып, сызба түрінде ұсыну;

3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу.

Сабақтың мақсаты

Қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинайды.

Қарапайым электр тізбегін элементтерін көрсете отырып, сызба түрінде ұсынады.

Экспериментті жоспарлау және жүргізеді


Құндылықтар

Ұлттық құндылық: өз тілін терең меңгеруі;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ

тың басы

3 минут

















Өткен сабақты пысықтау

5 минут












2 мин















Сабақтың ортасы

20 минут









































Сергіту сәті

2 минут
















































Сабақты қорыту

8мин
























































































Рефлексия

5 минут


Амандасады;

Сабаққа дайындығын тексереді;

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып алу;

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Мейірімділік шоғын алайық

Жүрекке жылу сыйлайық

Жылыған жылу шуақты

Қонақтарға шашайық


Оқушыларды топқа бөлу:

«Киіз үй» әдісі

1 – топ:Дарындылар

2-топ:Ақылдылар


Балалар,біздің сабаққа робот қонаққа келді.Сіздерге айтары бар екен.Тыңдап көреміз бе?


Олай болса роботтың тапсырмаларын орындауға дайыңсыңдар ма?

Ең алдымен сабағымызды бастамас бұрын өткен сабақты еске түсірейік. Қандай ақпаратты білгендеріңді тексеру үшін сендерге тапсырмалар алып келдім:

«Әжемнің әңгімесі» әдісі арқылы үй жұмысын пысықтаймыз

Жарайсыңдар, балалар!


Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады

Сабақтың тақырыбы: Заттар тізбегі дегеніміз не?

Сабақтың мақсаты:

3.5.5.2 қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинау;


3.5.5.3 қарапайым электр тізбегін элементтерін көрсете отырып, сызба түрінде ұсыну;


3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу.

Осы сабақ мақсатына жету үшін берілген тапсырмаларды орындайық. Ол үшін тақырыпты түсініп, білімімізді жетілдіріп алайық!


Жаңа сабаққа кіріспе:

ҰЖ.

Тізбектерді салыстыр. Қағаз шығыршықтар тізбегі мен электр тізбегін көрсету. Оларға не ортақ?


Қандай айырмашылығы бар?


Екеуін де тізбек деп атауға бола ма?


Ортақ белгісі: тізбектің элементтері бір-бірінен кейін өзара жалғаса орналасып, тұйық тізбекті құрайды.


Айырмашылығы: электр тізбегіндегі элементтер әртүрлі болады


Негештің тізбегі басқа элементтерден құрала ма? Қандай?


Егер бір сымды ажыратып жіберсе, Негештің тізбегінде не өзгереді? (Шам сөнеді.)


Жана ма, жанбай ма? Мақсаты: электр құрылғысы жұмыс істеу үшін тізбекке нені қосу керектігін тәжірибе негізінде анықтау.


Топтық жұмыс.


Әр топқа тұғырға орнатылған шам тарату.


Қалған электр құрылғыларды жеке үстелдің үстіне қою. Артық құрылғыларды да қоюға болады. Мысалы, амперметр, вольтметр, қосымша шамдар.


Шам неге жанбайды?

Үстелден шамды қосуға керекті заттарды ал

Тағы нені жалғауға болады?

Қажет құрылғыларды таңдау


Суретпен жұмыс.


Қай суретте және не себепті шам жанбай тұр? (Электр көзі жоқ, сым үзілген.)

Үстелдің үстіне тек қажет құрылғыларды (ток көзі, сымдар мен шам) қалдырып, артықтарын үстелге қайтару.


Электр тогы.


Суретте берілге құбыр мен сымға ортақ не?

Сымның ішінде не болады?

Құбырлардың бойымен су қалай ақса, электр сымдар арқылы электр көзінен құрылғыларға солай өтеді. Бұл құбылыс электр тогы деп аталады.


Электр тізбегі неден тұрады?


Енді сенің үстеліңде барлық қажетті заттар бар, бірақ шам әлі жанбады. Неге?

(Құрылғылар сымдармен жалғанбаған)


Тақтаға бірінші қорытынды жазу: электр тізбегі тұйық болуы тиіс.


Тізбекке қандай құрылғылар қосылған? (кілт) Оқушыларға сол құрылғыны тауып, өз үстеліне әкеледі.

Таңдалған құрылғыларды атау, олардың қызметтерін бірге талқылау.


Құрылғылар:


көз (батарея),

сымдар (олар арқылы электр көзден шамға жүреді),

кілт (тізбекті шамды сөндіру керек кезде тұйықтайды),

шам (электр тұтынатын құрылғы).

Құрылғылардан электр тізбегі құрылатынын, мұндай тізбек оның барлық элементтері бір-бірімен жалғасса ғана жұмыс істейтінін айту.


Модель жаса. Мақсаты: электр тізбегі жұмысының физикалық мәнін түсіну. Электр тізбегінің «тірі үлгісін» жасау. Мұғалім оқушыларды шеңберге шақырады: «Электр тізбегін құрамыз!»


Оқушылар оң алақанын жоғары қаратып, сол алақанымен келесі оқушының алақанын жабады. Оқушылардың біреуіне теннис шарлары салынған шелекті береді. Бұл оқушы ток көзінің рөлін атқарады, ал теннис шарлары – электр. «Ток көзі» шелектен шарларды алады да, оқушылар оны шеңбер бойымен бір-біріне береді. «Ток көзінің» қасында тұрған соңғы оқушы оларды қайтадан шелекке салып тұрады. Оқушылардың біреуі кілт. Белгілі бір сәтте «кілт» қолын көтереді де, тізбек үзіледі. Оқушылар шарларды бере алмайды.


Талқылау:


Не болды? (Тізбек тұйықталды.)

Тізбекте ток бар ма? (Жоқ.)

«Кілт» қолын жалғайды, тізбек қайтадан тұйықталады да, оқушылар қайтадан бір-біріне шар бере алады.


Қазір тізбекте ток бар ма? (Иә, бар.)

Қандай маңызды шарт болуы керек? (Кілт тұйық болуы керек).

Мұғалім, «ток көзінен» кішкене әрі шегініп, қолын босатады. Тізбек қайтадан тұйықталады. Не болғанын талқылау. (Сым ток көзінен ажыратылды.) Тізбектен ток қайтадан жоғалып кетті.


Не істеу керек? (Сымды жалғау).

Оқушылар электр тізбегі жұмыс істеу үшін ол тұйық болуы керек деген қорытындыға келеді.


Ойлан. Оқушыларға шам тізбегін көрсету. Тақырыпқа сай келетін нұсқасы - электр шамдары бар тізбек. Оны безендіру алдында тексеру қажет.


Шамның біреуі жанып кетсе, тізбек жұмыс істей ме?

Неге? (Тізбек ажырайды.)

Үй жұмысы: үйдегі электр тізбектерін бақылау, суретін салып келу.


Өзіндік жұмыс


56-жұмыс парағы. «Электр тізбегі.


Неге шам жанбайды? Қай тізбекте шам жанатынын анықтайды.


57-жұмыс парағы. «Электр тізбегінің элементтері». Тізбек неден тұрады? Электр тізбегі элементтерінің атауын жазу, олардың әрқайсысы қандай қызмет атқаратынын көрсету.


Ребус. Жасырылған сөздерді шешу, олардан сөйлем құрау.


ҚБ. мұғалімнің жазбаша кері байланысы


Шығыршық тізбегі және электр тізбегі


диаметрі әртүрлі және түрлі металдардан жасалған сымдар;


Батарея;


Тұғырға орнатылған шам;


Кілт;


Теннис доптары салынған шелек;


Шамдары тізбектей қосылған электрлік тізбек


Жұмыс дәптері


Сабақтың соңы


Рефлексия кезеңі.


Сабақ кезеңдерін пысықтау. Не үйрендік?


Кері байланыс.


Мен білдім: .........................


Мен түсіндіре аламын ................................


Менің түсінбегенім .....................................


ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы.

Амандасады











Оқушылар екі топқа бөлінеді







Өткен сабақтағы білетін білімдерін пысықтайды, өткенді еске түсіреді








Сұрақтарға жауап беріп, жаңа сабақтың мақсатымен танысады













Сұрақтарға жауап береді



Тізбектерді салыстырады





















Топпен жұмыс орындайды














Суретпен жұмыс жасайды



































































































Өздік жұмыс жасайды












Ребусты шешеді

Ынталандыру әдісі бойынша «Жарайсың!»










Жарайсыңдар!




ою арқылы бағаланады



Дескриптор:

Сұрақтарға дұрыс жауап береді – 1 балл







Мадақтау әдісі арқылы

Дескриптор:

Жаңа сабақтың тақырыбын табады-1б











Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді-1б





Дескриптор:

Тізбектерді салыстырады-1б




Дескриптор:

Түсіп қалған есімдіктерді орнына қойып,жаңылтпашты оқиды-1б

Сұрау мәнінде тұрған есімдікті табады-1б







Дескриптор:

Топпен жұмыс орындайды-1б














Дескриптор:

Суретпен жұмыс жасайды-1б















































































































Дескриптор: ребусты шешеді


















Топ аттары










Презентация












Платформалық жұмыс















Оқулық












Оқулық














Топпен жұмыс












Сурет



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2025
199
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі