Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаратылыстану. Ғаламшарлар қалай орналасқан? Жаңартылған бағдарлама.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану. Ғаламшарлар қалай орналасқан? Жаңартылған бағдарлама.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаратылыстану

Жер мен Ғарыш


Мектеп: Теректі жалпы орта мектебі


Күні:

Мұғалімнің есімі: Аненова Гульсауле Абилдаевна


Сабақтың

тақырыбы

Ғаламшарлар қалай орналасқан?


Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.4.2.1 - Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу тәртібін анықтау;

2.1.1.1 - қоршаған әлем құбылыстары, үрдістері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайлардыжәнезерттеушінің тұлғалық қасиеттерін анықтау;

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Атау, анықтау, табу, пайдалану, қолдану, саралау.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: ғаламшарлар, ғарыш, күн жүйесі, сегіз ғаламшар.

Диолог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Күн жүйесінің ғаламшарлары Күннен алыстау реті бойынша орналасады: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун.

Құндылықтар

ды дарыту

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының білім беру

мазмұны арқылы жүзеге асырылуы

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Бастапқы білім

Алдыңғы сабақтардан ғаламшарлар туралы хабары бар.


Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар


Жағымды көңіл күй туғызу.

Тақырыпқа кіріспе

Топқа бөлу 2 минут


Ұ. Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.


Жіпте жайылған фотосуреттерді алып, түріне сай топтарға бөлінеді.











(Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)

Мақсатты

тұжырымдау.







































Дереккөздер

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

(МК,Ұ,Қ) Суретпен жұмыс

Мақсаты: Демонстрациялау арқылы сабақтың тақырыбын ашу, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Мұғалім тақтада қозғалыстағы денелер бейнеленген суреттерді көрсетеді.

* Суретте не берілген?

* Олар туралы не айтуға болады?

* Суреттен ғаламшарлардың орналасу жүйесін көрсет.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу.

Бағалау критерийлерін анықтап, тақтаға жазу.

(Ұ) «Ойлан.Бірік.Талқыла.» стратегиясы

Оқушылар суреттер арқылы өз пікірлерін ортаға салады, талқылайды.

Дескриптор:

  • Күн жүйесі туралы айтады.

  • Ғаламшарларды атайды.

Қ. «Үш шапалақ» әдісі


Қосымша ақпарат:

Ғаламшар немесе Планета (көне лат. planeta, грек. aster planetеs — кезбе жұлдыздар) — өз орбитасы бойынша Күнді не басқа жұлдызды айнала қозғалатын, гравитациялық өріс жасауға өз салмағы жеткілікті, соның нәтижесінде шар тәріздес орбитаға ие аспан денесі.

Уран (солда), Нептун (оңда), Жер (төменгі солда), Сириус B (төменгі ортада) және Шолпан (төменгі оңда).

Ғаламшар — өздігінен жарық шығармайтын, жұлдызды айнала қозғалатын, орталық жарық көзімен салыстырғандағы массасы шағын аспан денесі.  Күн жүйесінде 9 үлкен планета, 43 планета серіктері, бірнеше ондаған мың кіші планеталар (астероидтар) белгілі. Үлкен планеталардың пішіні сфера тәрізді, соған жақынырақ болады. Күн жүйесіндегі Планеталар Күн жарығын шағылдырғандықтан көрінеді. Кейбір жақын жұлдыздың айналасындағы Планета осы жүйенің масса центрінің түзу сызықты қозғалыс траектория маңайында тербелуін бақылау арқылы анықталады. Қазіргі космогон. теория бойынша планеталық жүйелер Галактикада кеңінен тараған құбылыс болып табылады.


.
































Сергіту сәті

2 минут

Ұ. Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық»

Видео

жазбадағы би

Аяқталуы


Т. Есте сақта және ойлан тапсырмалары бойынша тапсырмаларды орындау.

Дескриптор:

  • Ғаламшарлардың аттарын есте сақтау үшін арнайы сөз тіркестерін қолданады.

  • Күн жүйесінің ғаламшарларының аттарын жатқа білуге тырысады.

Қ. «Үш шапалақ» әдісі


















Үйге тапсырма: Күн жүйесіне байланысты сурет салу.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?

Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Көбіне оқушыларға алдыңғы сабақтарға дереккөздерге сүйенуді тапсырамын. Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырма беріп отырамын.

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?



Кері байланысты қамтамасыз етемін.


* Сабақ барысында сұрақтар қоямын.

* Топпен және жекелей дербес жұмыс нәтижесін бақылаймын.

* Оқушы рефлексиясының нәтижелерін талдаймын.

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

Байланыс

АКТ –Ғаламтордан ақпарат іздеу.

Адамгершілік құндылықтарды сақтау.

Мектеп ережелерін сақтауды білу.

Мектептегі оқу ережелері ілулі тұрған стендімен таныс болу, ондағы тәртіп ережелерін сақтау.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген

уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?


Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар бүгінгі сабақта күн жүйесі туралы оқып білді. Ғаламшарлармен танысты.

Жоспарланған тапсырмалардың барлығын сабақта қамтып, орындаттым. Тапсырмаларды жоспарланған уақытта орындап шықтық.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Суреттер бойынша аса қызығушылықпен ой-пікір бөлісті.

2: Ғаламшар аттарын реті бойынша жатқа үйренуге тырысты.

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Ғаламшар аттарын жатқа білу үшін арнайы сөз тіркестерін қолдану есте сақтауды жақсартты.

2: Слайдтар сабаққа жақсы нәтиже берді.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сабақ барысында тікелей сұрақтар арқылы жекелеген оқушыларды байқап отырамын.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2018
802
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12