жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Тұйғынбай А.
«№147 гимназия»КММ
География, информатика пәндері мұғалімі, Алматы қ.
Tuigynbai_akmaral@mail.ru
Андатпа: Мақалада жалпы білім беретін мектепте жаратылыстану және информатика пәндерінде білім беру мазмұны қарастырылған. Оқушының жалпы мәдени дамуын, тұлғалық кәсіби құнды қасиеттернінің қалыптасуын қамтиды. Оқу пәндерін меңгертуде ақпараттық технологияларды қолданудың тиімді жолдары көрсетілген. Web-технологиялардың негізінде информатиканы оқыту ұсынылған. Компьютерлік модельдеу арқылы физика пәнін оқыту келтірілген. Электронды оқулықтарды география сабағында қолдану маңыздылығы айтылады.
Түйін сөздер: ақпараттық технологиялар, web-технология, оқыту технологиясы, модуль, физика, географиялық білім, информатика.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған соңғы жолдауында білім саласына, жас ұрпақтың білімі мен біліктілігін жетілдіру мәселелеріне ерекше көңіл бөлгені белгілі.
Қазіргі білім беру жүйесі түбегейлі өзгерістер жағдайында дамуда. Заманауи білім берудің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер өзгеруде, жаңа бағытта білімді меңгеруде оқушылардың түрлі: танымдық, қатынастық, әлеуметтік біліктіліктерін қалыптастыруға, оқушылардың ақпараттық және зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға баса назар аударылуда. Білім алушыны технологиялық құралдарды қолдану арқылы ақпаратты тез қабылдау мен өз бетімен белсенді өңдеуге, оны сәтті көрсетуге және қолдануға даярлау қажет. Компьютер тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналды, ал ақпараттық технологиялар қоғамның білім алуы үшін түбегейлі жаңа мүмкіндіктер беретін, олардың мүмкіндіктерін мектепте қолдану міндетінің өзектілігін арттырды. Мектептерде мемлекеттік заманауи сұраныстарын қанағаттандыратын адами капиталды дамытуға қабілетті біртұтас жүйесі құрылған.
Қазақстан Республикасында білім берудің мемлекеттік стандартында оқушыларға білім берумен қатар, олардың оқу-танымдық, зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру мақсаты көрсетілген. Қазіргі педагогикалық және психологиялық зерттеулерде оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетін сабақта, сабақтан тыс кезде де дұрыс ұйымдастыра білу арқылы, білімге құштар ұрпақ тәрбиелеу мақсаты көрсетілген. [1]
Жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыруда озық тәжірибені, оқыту мен оқу, білімді бағалау, жаңа технологиялар мен тәсілдерді енгізу қажет. Ақпараттық, веб технологияларды енгізу жолдарын күшейтіп, оқытуда әртүрлі цифрлық білім беру ресурстарын, мектепаралық желілік әрекеттестікті, мектеп аралық оқу жоспары мен бағдарламаларын, мектепте пәндер бойынша оқытудың жаңа технологияларын қолдану бойынша шеберлік сағаттарын ұйымдастыру керек. Жаңа форматтағы сабақ оқушылардың оқу процесінде белсенділігін арттырады, олардың өткен материалды талқылауға, талдауға және жалпылауға қатысуын, зерттеу жүргізуді, бағамдық пікірлерін жеткізуді, өзіндік бағалауды талап етеді.
Оқушылардың зерттеу қызметінің қалыптасуы көп жағдайларда мұғалімнің зерттеу мәдинетін ұйымдастыруы арқылы жүзеге асады.
Білім беруді жаңартудағы негізгі мақсат: білім беру бағдарламасын жаңартудың аясында ұстаздардың педагогикалық шеберлігін үздіксіз жетілдіру және тиімді бағалау жүйесін енгізу.
Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: оқушылардың оқу зерттеу іс-әрекеттерін сабақ барысында қалыптастыру. Мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтар қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді. Оқыту формасы әдіспен, амалдарға, ақпараттық технология құралдарына, оқушылардың зерттеу іс- әрекетіне тәуелді болады. [2:16]
Жаңа идеяны қолданудың барлық сипаты мұғалімнің кәсіби біліміне деген сұранысты арттырады. Білім берудегі үздіксіз қағида, қалыптасқан нысандар тұрақты дамытуды және даму басымдықтары логикасында ескере отырып біліктілікті арттыру жүйесінің мазмұнын жаңартуды талап етеді. Осыған орай жаңа білімді меңгеруге бейімдеу, қабілетін дамыту білім беру бағдарламаларының негізі болу керек.
Ғаламдық өзгерістерге және мұғалімнің мәртебесіне, рөлі мен орнына қатысты реформаларға сәйкес, бәсекеге қабілетті және конструктивті адами әлеуетін қалыптастырудың, білім беруді басқарудың басшысы ретінде мұғалімнің құзыреттілігін жетілдіру – қазіргі таңдағы білім беру саласындағы маңызды міндеттердің бірі. Бүгінде мектепте қандай тиімді өзгерістер орын алса оларды нақты орындаушы – мұғалім. [3:5]
Мектеп мұғалімі бүгінде оқытудың жаңа инновациялық әдістері мен нысандарын практикаға енгізу мен меңгерудегі жалғыз маңызды тұлғаға жатады және белгіленген міндеттерді сәтті іске асыру үшін қажетті біліктіліктерді меңгеруі тиіс. [3:6]
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты-білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылым болып табылады:
1. Пәннің маңыздылығы;
2. Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3. Үштілділік саясатты іске асыру;
4. Оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5. Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;
6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
7. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9. Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.
Бағдарламаның міндеттері:
1. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделену ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
2. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
3. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу, критериалды бағалау жүйесін түсіну, қолдана білу;
4. Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.
Оқудан күтілетін нәтижелер:
- Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрлелілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын білу және түсіну;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсіну және қолдана білу;
- Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктілікті және дағдыларды қалыптастыру.
Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді. Ақпараттық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық технологияны пайдалануда (Newcastle University, Ұлыбритания) Ньюкасл университетінде бірнеше модуль қарастырылған. Соның бірі(6-модуль) – «Module Design», лектор Sue Robson. Бұл модульде негізгі ұғымдарға оқушылардың білімде, оқуда қатарластарын бақылау, бағалау, мадақтау, онлайн оқу, топтық оқуға дайындалу дәрістері қарастырылған. Қызықты мәселенің бірі – мұғалімнің рөлін анықтау. Мұғалім – модуль жасаушы ретінде қалыптастырылса, модульдың жақсы дизайны армандардың шындыққа айналуы, оқушылардың мақсатқа жетуі мен қоғамда өз орнын табуға бейімделуге көмектесуімен іспеттес. [4]
Саралап оқыту міндеттерін толықтай және тиімді жүзеге асыруға арналған оқу пәндерінің бірі - информатика. Информатика курсын оқытуда білім беруді жаңарту жаңа оқулықтар мен оқыту бағдарламасын, тапсырмалар жүйесін, жаңа әдістерді қолдану қажеттігін тудырады. Мектептерді жаңа деңгейге көтеру, информатиканы оқытудың нәтижелерін арттыру, жоғары сынып оқушыларына информатиканы жаратылыстану-математика бағытында тереңірек оқытуды және оқыту әдістемісін жетілдіруді қажет етеді.
Жаратылыстану-математикалык бағыт үшін «Информатика» пәнін игеруде информатиканың алгоритмдер мен программалау, ақпараттық технологиялар, ақпараттандыру құралдары, техникалық және жаратылыстану-ғылыми қызмет саласында қолдану мүмкіндіктерін ашуға бағытталып қарастырылады.
Жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығын қалыптастыру - оларды тұлғалық бейімділіктерімен, қызығушылықтарымен, қабілеттерімен және арнайы мамандықтағы және әртүрлі деңгейдегі біліктіліктегі кадрларға, қоғамдық қажеттіліктермен мамандықты таңдау мақсатына бағытталған іс-әрекет.
Алгоритмдер және программалау мазмұндық желісін оқытуда - оқытуды саралау, тұлғаға-бағдарланған тәсілді жүзеге асыруға жағдай туғызу арқылы оқыту әдістемесін жетілдіруді кеңінен қарастыру керек.
Ақпараттық технологиялар негізінде жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағытын қалыптастыру үшін, болашақ мамандығына сәйкес қолдана алатындай білім жүйесімен қамтамасыз ету керек.
Оқыту үдерісіне ақпараттық технология құралдарының енгізілуіне байланысты бүгінгі таңда әлемдік және педагогикалық практика дәлелдеп отырғандай бірнеше әдістердің ішіндегі ең тиімді әдіс – жобалау әдісі. Жобалау әдісі арқылы информатика пәнін меңгертудің ережесі бойынша тақырып оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек және ол оқушының қызығушылығын тудыруы қажет, оқытушы тек қана ұйымдастырушы әрі кеңесші болуы тиіс, іздену әрекеті, зерттеу әрекеті, талдау және жинақтау әрекеті ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, Web-технологиялардың негізінде оқытуды қолдану тиімді нәтиже береді. Интернет желісін қолданып пайдаланушылармен бірге жұмыс істеуді ұйымдастыру есептерін шешудің техникалық, коммуникациялық, программалық әдістер кешені жақсы нәтиже береді.
Web-технологиялардың өзін ақпаратпен жұмыс істеу концепциясы деп алуға болады. Оның мынадай ерекшеліктерін бөліп қарастыруға болады: Web-технологиялардың техникалық негізі – локальды және глобальды желілер. Клиенттердің ерекше типін пайдалану: web-браузерлер. Ақпараттық көздердегі өзгерістер публикацияларда бірден бейнелене алады және ақпаратты тұтынушылар саны шектеусіз. [5]
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияны қолданана отырып физиканы оқыту, оның пән ретінде ерекшеліктеріне сәйкес сала болып келеді. Физика сабақтарында ақпараттық технологияны жаңа тақырыпты өткенде, қорытынды - қайталау сабақтарында және т.б. сабақ түрлерінде қолдану өте тиімді. Сабақ барысында слайд-фильмдерді пайдалану, дәстүрлі әдістермен салыстырғанда, сабақтың динамикасын, көрнекілігін, ақпараттың өте жоғары деңгейін және көлемін қамтамасыз етеді, сонымен қатар, тақырыпқа және жалпы физика пәніне деген қызығушылықты арттырады. [6]
Сабаққа дайындық барысыныда электрондық оқулықтар, интернет желісінің ақпараттары қолданылады және оқытушы мен студенттерге арналған дидактикалық материалдар, оқу-әдістемелік құралдар жасалады. Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы рөлі ерекше. Физикалық эксперименттерді модельдеу – оқытушыға сабақта физикалық ұғымдарыдң мағынасын тереңірек ашуға, параметрлерді өлшемсіздендіруге оқушыларды физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық құбылыстар мен зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді.[7]
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген ақпараттық технология құралдары:
- интерактвті тақта;
- мультимедия;
- интернет кеңістігі;
- электронды оқулық.
Физика сабағында электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және дипомдық жобаларға нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электродық оқу басылымы. Онда әр тарауда оқулықтың мазмұны, заңдары мен анықтамалары, түсініктеме сөздігі мен қазақша – орысша сөздік, кестелер, ғалымдардың өмірбаяндары, жаттығулар мен есептер, бақылау жұмыстары қамтылған. Оқу материалдары бойынша берілген анимациялық тәжірибелер оқушыларға физикалық құбылыстарды көрсете отырып, түсіндіруге ыңғайлы. Ал интерактивті әдістер – оқушылардың өзара әрекет етуіне жағдай жасайтын әдістер жиынтығы. Сабақ беру барысында үнемі интерактивті тақтаны, электрондық оқулықтарды пайдаланған дұрыс, бұл оқушылардың бойында педагогикалық мәдениеттің қалыптасуына, бірлесіп әрекет етуге, оқу процесінде жағымды психология орнауына мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде кәсіби маман дайындауда қажет білім көлемінің артуы мен оқушылардың білімді меңгеру мүмкіндігінің арасында біраз қарама-қайшылық бар. Сондықтан, оқу үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдістері қарастырылып, ақпараттық технологияларға көп көңіл бөлінуде. Ғылымның жаңа саласы ретінде – педагогикалық информатика даму үстінде. Оқыту процесін цифрландыру түсінігі тар мағынада – компьютерді оқыту құралы ретінде пайдалану болса, кең мағынада – компьютерді оқу үрдісінде жан-жақты қолдануды білдіреді. Физика сабағында компьютерді қолдану оқушылардың тәжірибелік және зерттеу жұмыстарын жетілдіруге мүмкіндік береді. Компьютерлік модельдер мұндай жұмыстарды ұйымдастырудың жетекші құралы бола алады. Компьютерлік нобайлар құбылыстар мен физикалық тәжірибелердің динамикалық бейнесін компьютер экранында жасауға мүмкіндік беріп, мұғалімнің сабақты көрнекті өткізуіне зор мүмкіндіктер туғызады. Модельдің математикалық негізіне жататын сандық параметрлер шамасын енгізу арқылы, компьютер экранындағы нобайдың күйін басқаруға мүмкіндік береді және оқушылардың қызығушылығын арттырады. [7]
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері қатарына «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндері енеді. Осы бағыттағы бейінді оқытудың стандарттық деңгейдегі оқу пәндері қатарына «География», «Құқық негіздері», «Графика және жобалау» пәндері енеді. [1]
Педагогика ғылымдарының мектеп оқушыларының білімін жақсарту мақсатында мұғалімдер алдына қоятын аса бір маңызды талаптарының бірі – оқушылардың өз бетімен жұмыс жасап үйренуін қалыптастыруы. Мектеп оқулығында материалды жан-жақты түсіндіріп, ұқтыру мен қатар, мұғалім оқушылардың кейбір мәселелерді өз бетімен оқып, жазып, шешіп, нәтижесінде жаңаша бір мәселені біліп үйренуге жаттықтырулары керек. Демек, жаңа білім беру мақсатында оқушылардың өз бетімен жасайтын жұмыстарына үнемі көңіл бөліп, ұйымдастырып отырғаны жөн. [8] Географиядан білім берудің максаты - «географиялык орта-адамның мекендейтін орны» деп білетін көзқарастар мен ұстанымдар жүйесін қалыптастыру арқылы білімгерлерге география ғылымы, оның табиғаты және халкы, географиялык карта туралы бастапқы түсініктерді және алғашқы географиялық-экологиялық білім мен біліктілікті дамытады. [9] География пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, заманауи ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды, интернетті пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытып, экологиялық функционалдық сауаттылық дағдыларын қалыптастырады.
Әрбір пән өзінің маңыздылығын қорғау үшін ғылыми зерттеулерде, география біздің қоғамдастықтың интеграцияланған мәселелерін шешу үшін пайдаланылуы мүмкін пәнаралық базаны ұсынады. Әрбір жеке пәннің нақты және тәуелсіз үлесі шын мәнінде ғылыми тұрғыдан дұрыс көзқарастарға жол бермейді. Керісінше, біріктіретін база, барлық пәндер үшін бір-бірімен қарым-қатынас жасаудың ортақ тілі қажет, бұл жаңа география парадигмасы ұсынатын нәрсе. [10]
Соңғы он жылда экологиялық үрдістерді оқып үйренуге қызығушылық зерттеушілерді математикалық модельдеуді қолдануға итермеледі. Теориялық білімдерін өмірде қолдануға бағытталған тапсырмалар мен тәжірибелерді мәні бар зерттеу жұмыстарын шешу үшін, игерген білім және оны қолдану үдерісінде танымдық қызығушылығын, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Сыныпта күрделі материалды тікелей пайдаланып, сөйлеу дағдылары мен оқу, түсіну біліктілігін дамытуға;
- Интернет желісінен алынған материалдармен проблемалық талқылаудың негізінде монологтық және диалогтық сөйлеу біліктілігін жетілдіруге;
- Мұғалімнің тәжірибелі әрі тиімді сабақ өткізу үшін қандай да бір ауқымды материалды таңдай алу мүмкіндігі;
- Тәжірибелік сабақ өткізу үшін жаратылыстану бағыты бойынша анықтамалар алу, сөздіктерден алынған материалдарды пайдалану.
Қорытындылай келе, болашақта оқушыларға физика, география және информатика сабақтарында жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуді талап етеді. Атап айтқанда, информатика пәнін web-технологиялардың негізінде, жобалау әдісі арқылы меңгерту, білім сапасының көтерілуіне жол ашса, оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін заманауи талаптарға сай дамытуға кепілдік береді. Оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын модернизациялау деңгейінен (бағдарлама, оқулық, оқу курстары) өтіп, екінші саты– ақпараттық технология деңгейіне көтеріледі. Физика пәнін оқытуда компьютерді қолдану оқушылардың тәжірибелік және зерттеу жұмыстарын жетілдіруде интерактивті әдістерді, компьютерлік модельдеуді қолдану, сондай-ақ география сабағында математикалық модельдеуді қолдану, компьютерде ақпараттық технологияларды және электрондық оқулықтарды пайдалану тиімді.
Білім беру процесін сапалы орындау үшін мұғалімдер инновацияның маңыздылығын түсінуі және өздерінің педагогикалық тәжірибесінде инновацияларды жүзеге асыруға қабілетті болуы маңызды. [11]
Сабақта ақпараттық технологияларды жүйелі түрде қолдану оқушылардың пәнге қызығушылықтарын оятып, өзіне деген сенімін арттырады, сабақтың сапасын көтеріп, уақыт тиімді қолданылады, бірнеше оқу әдістері мен құралдарын таңдауға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 292 13.05.2016.
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А., Педагогика., -А., 2004ж.
Dudley, J. & Mortiboys, A. Some implications for using peer observation to improve the quality of teaching in education. // Proceedings of international Conference on Teacher Education, Hong Kong. 1999.
Монахов В.М. Технологические основы проектирования и конструирования учебного процеса. Волгоград: Перемена.-1995.
Леонтович А.В. Учебно-исследовательская деятельность школьников как модель педагогической технологии //Школьные технологии, 1999. № 1-2.
Жұмаділлаев Қ.Н. Физиканы оқытудағы ақпараттық технологиялар. - Алматы, 2010.
Акитай Б.Е. Физиканы оқыту теориясы және әдістемелік негіздері. - Алматы, Қазақ университеті, 2006.
Белгібаев М., Бисенова А. География және табиғат. – Алматы, 2015.
Kostis C. Koutsopoulos. Changing paradigms of geography // European Journal of Geography, 2011. – 15 p.
Milena Valenčič Zuljan, Janez Vogrinc. The Factors of Encouraging Teacher Innovation from the Perspective of Teachers and Headmasters // Facilitating Effective Student Learning through Teacher Research and Innovation, Ljubljana, 2010. – 457 p.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген