жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖҮЙЕЛІ ОЙЛАЙ АЛУ НЕГІЗІН ДАМЫТУ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖҮЙЕЛІ ОЙЛАЙ АЛУ НЕГІЗІН ДАМЫТУ
Жанбирбаева Гульбарам Дабиловна
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Оқушының белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты арнайы педогогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектік, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру. Әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін, білімін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады.
Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек» Оқу материалын оқушылардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да оқушыларды үнемі ойланып оқуға бағыттау керек, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, оқушының шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін, дарындылығын тану үшін жаратылыстану пәндерінен логикалық тапсырмаларға баса назар аудару керектігін ұқтым. Логикалық тапсырмаларды құрастыра отырып олардың сыни көзқарастарын қалыпытастыра алады. Сыни көзқарасы қалыптасқан оқушы, функциональды сауатты оқушы деп айта аламын. Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының ой өрісін кеңейтіп есте сақтауын дамытады, байқағыштығын қалыптастырады, шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір айтып оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады. Сабақта алған білім дағдысы ойлау барысында қолдану мүмкіндігі оқушының зор ынтасын тудырады, білгенін тереңдетіп, жаңа іс – қимылға жетелейді. Белсенді емес оқушылар жолдастарынан кейін қалмау үшін алға ұмтылады. Мұндай оқыту жүйесі жергілікті өмірге, табиғатқа терең мазмұн беріп, оларды баланың санасында жандандырып, оларға баланың махаббатын арттырады, бала әлеумет тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады, бұрынғыдай мектептен шыққан соң, бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта білгенімен өмірде пайдаланатын болады.
Cыни тұpғыдaн oйлaу «oйлaу туpaлы oйлaну» дeп cипaттaлғaн. Сaбaқ бapыcындa өз oқушылapымдa oйлaу қaбiлeттepiнiң өзгepicтepiн бaйқaдым. Оқушылардың білімге ықыласын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі – сабақта ойындарды қолдану. Ойын – әрқашан кішкене білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды. Ойынды алданыш және жеңіл көңіл көтеру деп ойлайтындар әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сабаққа ынтасын арттыра отырып, білім сапасын жетілдіріп, сауатты болуға дағдыландырады.
Oқушылapды жұппeн оқыту, тoппeн жұмыc icтeу бapыcындa, миғa шабуыл, «БББ» кестесі, Кластерлер, еркін жазу, терминологиялық диктанттар, эссе, 5 жол өлең, сәйкестендіру тест тапсырмалары, дербес оқу, сылыстыру, пpoблeмaлық cұpaқтap жәнe тaғы бacқa oқыту әpeкeтiндe oқушылapымның cұpaқтapды қою кeзiндe cұpaқтapды құpacтыpып жәнe бұл cұpaқты қaлaй дұpыc қоя бiлугe ұмтылуды бaйқaдым. Сабақ барысында оқушылар жұппен жұмыс істей отырып, бір-бірін сыйлауға, тыңдауға, ұжым болып жұмыс істеуге үйренеді. Жұптық жұмыс диалог топ ішіндегі барлық оқушы мен оқушы арасында өтіп, оны топ ішінде талқылап отыру оқушының ойын кеңейтіп, тілін дамытады және жүйелі ойлау қабілетін кеңейтеді. Бірлескен топ жұмысында оқушылар бір-бірімен ой бөлісіп, бір-бірімен тәжірибе алмасып, алынған ақпаратты топ болып түсініп,талдап , синтездейді, салыстырып болжамдар жасай отырып ортақ шешімге келеді.
Пәнаралық есептер деп – сыбайлас пәндердің білімдерін немесе есептерін келтіруді немесе пайдалануды қажет ететін есептерді немесе бір оқу пәнінің материалы негізінде құрастырылып, басқа пәндерде арнайы дидактикалық мақсатпен қолданылатын есептерді айтамыз. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда,оларды тәрбиелеуде,біліктері мен дағдыларының қалыптасуында, практикамен байланысын көрсетуде есептің алатын орны өте зор. Оқушылардың дүниетанымына әр оқу пәні өз үлесін қосып отырады. Соның ішінде биологияны оқыту барысында сабақтас пәндерден және нақтылы өмірден оқушыларға түсінікті түрде келтірген деректер ғылыми білімдердің пайда болу негізін, қоршаған ортаның табиғат құбылыстары мен абстрактілерін оңай сезіне біледі.
Сонымен функционалдық
сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу
қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен
қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші.
Осындай сапалық сипаты
тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың
тетігі ретінде қолданылады. Сондықтан теория мен практиканың
байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін
білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың,
заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың
бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге
көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай практикалық маңызы
ескерілуі тиіс. Сондай-ақ оқушылардың оқу материалын тек жаттап
қана алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету
міндетті болып саналады.
РІSА зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің (Австралия,
Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және
т.б.) нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың функциялық сауаттылығын
дамытуға мынадай факторлар әсер етеді:
1) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу
бағдарламалары);
2) оқыту нысандары мен әдістері;
3) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;
4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);
6) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;
7) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
Қорытынды.
Мектептегі білім сапасын көтеретін нақты
механизмдер, ол –
оқыту процесіне жаңа технологияларды кеңінен
еңгізу.
Қазіргі кезде республикамызда білім берудің
жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт
алуда.Сондықтан әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі
қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын,
жаңа әдіс-тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу
тиімді.Олай болса, оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалайтын PISA халықаралық зерттеулері бағытында
оқушылардың оқу сауаттылығын және функционалдық сауаттылығын
қалыптастыру Қазақстан мектебі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін
дамытудың басты ұстанымы болуы
шарт.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». www.akorda.kz.
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 қаулысымен бекітілген).
3. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген).

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген