Жаратылыстану пәні бойынша зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың әдістері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаратылыстану пәні бойынша зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру жүйесі — сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаратылыстану пәні бойынша зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың әдістері

ОҚМПУ, Шымкент

Сариева Балнұр 4-курс студенті


Білім беру жүйесі — сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

«Зерттеу» мен «зерттеушілік іс-әрекет» адамдардың мақсат міндеттеріне сәйкес әлеуметтік өмір мен табиғаттың заңдарына сай болжау, мақсат қою, ізденушілік, жоспарлау, тәжірибе жасау, нәтижеге қол жеткізу секілді адам әрекеті ретінде қарастырылады.

Ө.Нысанбаевтың пікірінше, табиғаттың зерттелу үдерісі адамзаттың табиғатының қыр-сырын ашуға себеп болды. Адамзаттың зердесі кең шығармашылық қабілеттерімен, өз шексіз мүмкіндіктерімен танылды. Ғылыми негізде зердені түсіну табиғаттың қыр-сырын ашуға, жаратылыстану негізін дамытуға, адамзат өмірінің кей саласымен байланысты таным теориясын зерттеуге жол ашты [1].

Ө.Нысанбаевтың пікірі бізге өте маңызды деп айтар едік. Себебі, зерттеушілік іс-әрекет адамзат ақыл-ойының дамуымен байланысты тікелей зердесі болып табылады. Адамзаттың дүниеге қатынастарын, бірдей тең дәрежеде ойлау үдерісінің, қоғам өмірінің сан-қилы бұрылыстарын, қарама-қайшылыққа толы жолдармен байланыстырып түсіну қажет.

Д.Кішібековтың пікірінше жануарлардың іс-әрекеттерінің адамдардың іс-әрекеттерінен айырмашылығы – адам өз іс-әрекеттерін, ойлауын, санасын, өз ойын, өз қызметін, дамытып, зерттеп өзгерте алады. Адам өзін өзге нәрсеге айналдыру арқылы өзін көруге мүмкіндігі бар. Дегенмен, адам тәжірибесі оданда күрделі процесс. Тәжірибені адамзаттың материалдық істеру дегенде ол процесте адам ойлауы ешқандай қатысы жоқ деген ой емес. Адамның ойлауы нәтижесінен бастап оған жетудегі процестердің идеалдық бейнесін жасап көрсетеді. Іс-әрекет қандай да болмасын мақсатқа бағытталады [2]. Мұнан шығатын қорытынды адам өзінің қабілетіне қарай жасаған әрекетін бағалауы, өзіне сырт көзбен қарауы, өңдеу, алдына қойған мақсаттарына жету жолдарын саралауы, толықтыруы, нәтиженің мақсат- міндеттеріне сәйкес келуімен сипатталуы тиіс.

Г.А. Кактаеваның пікірінше-«адамның дүниеге қатынасының формасы-олардың іс-әрекеті. Грек тілінен аударғанда практика «praktios» іс-әрекет, тәжірибе дегенді білдіреді. Практика, іс-әрекеттер адамның дүниені танып біліп, сол арқылы өзін болмысын жасау, жаңарту, өзгерту қызметін айтамыз.

Ол адамдардың ерекшеліктерінде, іс-қимылында болатын өзгерістер. Практикада біздің теорияларымыз бен ұғымдарымыз тексеріліп, олардың жалған не ақыиқат екендігі анықталады және қате теориялар алынып тасталады деп тұжырымдаған. [3]

Ресей ғалымдары Л.Занков пен В.Давыдов негіз болған. ХІХ ғасырдың басында А.Байтұрсынов белсенді таным әрекеттерінің рөлін өте жоғары бағалады. Ол: «бала тәжіри барысында білімді өз бетінше алу керек. Ал мұғалімнің қызметі сол өз бетінше алған тәжірибелі білімнің ұзақ жолын қысқарту үшін, сол жолдан балалар қиналмай өтуіне, білімді кешікпей алуына, балаға жұмысты шамасына қарай берумен, белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру керек»-деп айтқан. [4]

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың мүмкіндіктерін ескере отырып, ғылыми зерттеушілікке ұштасуын басшылыққа алу мақсатында автордың пікірін ескереміз.

М.Дулатов балалар оқыған нәрселерінің қасиетін сезінуге, ол туралы ойлануға, мағынасын түсінуге үйрету жолын көрсеткен. Балалар оқығандарын бір-бірімен үйлестіріп ойлануына, сол оқығандары естерінде толық сақтауға әдеттендіру керек,-деп тұжырымдаған [5]. Бұдан оқушыларға оқыған нәрселерін сөзімен бірге мағынасын түсініп, есте сақтау керектігін ескерткенін көреміз.

Зерттеушілік іс-әрекет-балалардың қоршаған орта жайында көзқарастарды дамытудың маңызын айтамыз. «Зерттеушілік іс-әрекет» педагогика-психологияда балалар қоршаған әлемді өзбетінше зерттеуге ұмтылудан жасалған оқуды айтамыз-деп анықтама берілген.

Жаратылыстану пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекеті сабақта және сабақтан тыс білім беруде қалыптастырылады.

«Жаратылыстану»-табиғаттағы құбылыстар мен заңдылықтар туралы ғылымдар жиынын айтамыз. Бастауыш сынып оқушылары жаратылыстану пәнін оқу барысында қоршаған ортаның қыр-сырының құпияларын ашып, қанығады. Пәннің негізге мақсаты-оқушылар бойындағы зерттеушілік іс-әрекеттерін дамытып, ғылыммен айналысуға жетелеу. Жаратылыстану пәні арқылы оқушылар табиғатты танып біледі, қоршаған әлем туралы түсініктері кеңейеді, қоршаған әлемді зерттеуге, бағалауға, қорғауға ықпал етеді.

Пәнді бастауыш сыныптарға енгізудің бірнеше себептерін бөліп қарастырайық:

  • Қоршаған әлемдегі әр түрлі құбылыстар мен денелер туралы білімдерін дамытады және қалыптастырады;

  • Ғылыми зерттеу дағдыларын: сауал қою мен оларға жауап беру, зерттеудің мақсатын қоя отырып жоспар мен болжам құру;

  • Сауалдарға жауап табуға зерттеу жүргізу;

  • Зерттеулерден алынған нәтижелерге өңдеу жасау және түсіндіру, шыққан мәліметтерді жинақтау;

  • Сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

Жаратылыстану пәні арқылы бастауыш сынып оқушылары химия, биология, физика сияқты жаратылыстану ғылымын меңгеруге дайындайды. Оқушылардың күнделікті өмірде алған білімдерін өз тәжірибелерінде қолдана білуге үйретеді.

Жаратылыстану пәні оқушылар бойынан коммуникативтік, ойлау зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар өздерін ғалымдар секілді сезініп табиғат құбылыстарын бақылап, зерттеп үйренеді.

Мысалы 4-сынып оқулығында мына бөлімдер қарастырылады: «Өсімдіктер», «Жануарлар», «Адам», «Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су», «Табиғат физикасы», «Заттар және олардың қасиеттері. Табиғат ресурстары», «Жер және ғарыш», «Күш және қозғалыс». Әрбір тақырыпты толық меңгеруге оқулықтағы бас кейіпкерлер көмектеседі. Әр тарау біткенде тапсырмалар жабық тест түрінде тексеріліп, нақтыланады.

Пән барлық жаратылыстану пәндерінің бастамасы. Сондықтан да химия, биология, география, экология бойынша элементарлы білім меңгеріледі.

Жаратылыстану 4-сынып бойынша Су қалай ластанады? деген тақырып 76-77 беттегі тапсырмаларды ұсынуымызға болады.

1-тапсырма.

      • Үлбі өзенін қолдану туралы дәлелдерді оқы.

      • Дәлелдерге сүйене отырып, Үлбі өзеннің жағалауында тұратын тұрғындардың өмірінде туындайтын мәселелерді көрсет.

Оқушылар тапсырмаға сәйкес өз жауаптарын айтады. Үлбі өзенінің жағалауында көптеген өнеркісіптік кәсіпорындардың суды ластауын айтып өтті. Кәсіпорындар суға сарқынды су мен қалдықтар тастауының нәтижесінде ластануын айтты. 4-сынып жаратылыстану пәніндегі барлық бқлімдердегі тақырыптар негізінде проблемалық оқыту әдісін жүзеге асыруға болады. Мысалы: «Жыл мезгілдеріне, табиғаттағы құбылыстарға қарамастан бөлме өсімдіктері жасыл болады, тіпті гүлдейді. Неліктен?». «Орманда өсетін өсімдіктердің биіктігі қалай түсіндіресің? Неге?». «Ағаштардың діндері неге кейбірінше жуан, кейбірінде жіңішке?» т.с.с. сұрақтар қоюға болады. Проблемалық оқудың негізі бастауыш сыныптан бастау алады.

2. Түсіндірмелі иллюстрациялық әдісте-білімді әр түрлі көрнекі құралдардың көмегімен қабылдап үйренеді. Мұнда түсіндіру, әңгімелеу, демонстрациялау, оқулықпен жұмыс сияқты тәсілдер қолданылады.

Болжамдар әдісінде-мұғалім оқушыларға тапсырмалар ұсынады. Осы тапсырмаларды шешу үшін мұғалім ұсынған сұрақ пен жауап нұсқаларын жинақтайды. Басты мәселе негіздеме таңдауда. Оқушылар өз көзқарастарын ұсынады. Болжам келтіру үшін түрлі ғылымдарды меңгереді. Осыдан кейін ішкі түйсігі мен логикаларына сүйене отырып сұрақтарға толық және нақты жауап беруге үйренеді.

«Жаратылыстану» пәні 4-сынып бойынша «Төменгі сатыдағы өсімдіктер» тақырыбына тапсырмалар ұсынуға болады. Мақсатын нақты дәлелдер арқылы жасалған болжамдарды тексеру.

  1. Балдырларды адамдар қайда, қандай мақсатта қолданады?

  2. Балдарлардың түсін немен байланыстыруға болатынын болжап айт. Болжамның дұрыс не бұрыс екенін анықтау үшін «Балдырлардың түрлері» тақырыбын оқы.

  3. Нақты болжам жасалған тұсын «+» белгісімен белгіле, бұрыс болған тұсын «-» белгісімен белгіле. Тапқан дәлелдерді балдырлар туралы ақпараттармен толықтыр. Оқушыларға осы сияқты тапсырмаларды тақырып бойынша ұсынуға болады. Бұған оқушылардың да жауаптары әр түрлі болды. Олар: олардың түсі суға түскен күннің мөлшеріне байлнысты, балдырлар-төменгі сатыдағы су өсімдігі, кейбірінен қағаз алынады, мал азығы мен табиғи тыңайтқыш ретінде қолданылады, медицида мен тоқыма, тамақ өнеркәсібінде де қолданылады деген жауаптар айтты.

Жаратылыстану пәні 4-сынып бойынша 40-41 беттердегі Қандай жануарлар жойылып бара жатыр?-деген тақырыпты өткенде болжамдағы дәлелдерді табу мақсатында ұсынылатын тапсырма:

  1. Неліктен кейбір жануарлар жойылып бара жатыр?

  2. Тақырып негізінде фактінің көмегімен болжамды дәлелдеп теріп жаз.

Оқушыларға төмендегі кестені толтыру берілді.
Оқушыларға осыған ұқсас тапсырмалар көптеп ұсынып мысалдар келтіруге болады. Болжамдар жасауға бірнеше сөздерді қарастырсақ. Оларға: егер де..., мүмкін, болжамдаймыз, болуы мүмкін, болсын делік-деген секілді сөздерді айтуға болады. Болжамдарға сәйкес оқушыларға төмендегідей сұрақтар ұсындық:

  • Неге қыста қар жауады?

  • Неге жазда ыстық болады?

  • Неге қыста қари ериді?

  • Неге жазда тау шыңында қар ерімейді?

  • Неге жазда жаңбыр жауып, неге қыста қар жауады?

  • Неге көктемде су тасқыны болады?

  • Неге жануарлардың балалары (түлкішектер, бөлтіріктер, марғаулар, күшіктер, теңбілшелер, қонжықтар) ойнағанды жақсы көреді?

  • Неге ай аспанда?

  • Ұшақтың артында неге із қалады?

Болжамдар әдісі «егер...осылай болғанда не болуы мүмкін» деген сияқты прогноматикалық міндеттерді шешуде дамиды.

4-сынып «Жаратылыстану» пәніндегі «Жауын-шашынға не жатады?» тақырыбында бірнеше кілт сөздердің көмегімен зерттеушілік сұрақтарды құрастыру тапсырмасын оқушыларға ұсындық.

Кілтті сөздер жауаптары: жауын-шашын өлшейтін құрал, жауын-шашын, атмосфера.

Зерттеушілік әдіс шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауын қалыптастырады. Өз кезегінде өзіндік, аналитикалық, логикалық ассоциативті ойлау, жүйелік ойлаудың дамуына негіз болады. Аналитикалық ойлау (керекті дәлелдерді іріктеу, ақпаратты талдау, салыстыру). Ассоциативті ойлау (құбылыстармен, алдын зерттелген фактілермен, құбылыстардың жаңа сапаларымен байланыс жасау) болып табылады.

Осылайша оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыру оқушының бойындағы оқу-танымдық белсенділіктерін дамытудың басты шарты болып қарастырылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Кішібеков Д. Философия. – Алматы: Рауан, 1991. – 320б.

  2. Нысанбаев Н.Ә. және т.б. Қысқаша философия тарихы. – Алматы, 1999. – 272б.

  3. Кактаева Г.А. Философия негіздері. – Алматы, 2006. – 180б.

  4. Давыдов В.В. Содержание и структура учебной деятельности \\ В кн. Формирование учебной деятельности школьников. – М., 1982. – 210с.

  5. Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Мектеп, 1991. – 384б.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2025
10
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі