Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаратылыстану пәні. Электр. 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қосымша ресурс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жаратылыстану

Күні:

Сынып: 1

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Курмансеитова А.С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Электр

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5.5.1 адамдардың күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру.

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Қоршаған орта құбылыстарында электр қуатының көздерін анықтау.

Көпшілік оқушылар: Электрдің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

Кейбір оқушылар: Қолжетімді энергия көздерін білу.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

  • Электр энергиясының адам өміріндегі маңызын түсінеді.


Тілдік мақсаттар

Пәнге тән арнайы лексика және терминология:

Электр – ол жарыққа немесе жылуға айнала алатын энергияның пайдалы түрі. Ол электр желісі арқылы беріледі.

Батарея – ол электр көзі. Оларды қуаты біткенше пайдалануға болады. Кейбір батареялардың қуатын арнайы құрылғылардың көмегімен қайта толтыруға болады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Түнде үйде электр жарығы өшіп қалса не болар еді?

  • Болашақта электр қуатын қайдан алуға болады?

  • Энергияны тағы қайдан алуға болады?


Құндылықтарды дарыту

Топтық және жұптық тапсырмаларды орындау барысында еңбек пен шығармашылық, ынтымақтастық қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау құндылықтарын дарыту.


Пәнаралық байланыстар

«Ойлан да, талқыла» тапсырмасы Саяхат бөлімінің «Алғашқы адамдар» тақырыбы аясында дүниетану пәнімен байланысады.


Ресурстар

Кеспе карточкалар, А3 парақтары, маркерлер, түрлі – түсті карандаштар, теледидар пульті, батарейкалар, розетқалар, ұялы телефондар, смайликтер, жұлдызшалар, түрлі түсті 6 қалпақ, «Блоб сатысы» рефлексияға арналған парақтары.


Бастапқы білім

Жылытқыш құралдарының түрлерін біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4 минут

Ширату

ТЖ «Сұрақ менен, жауап сізден» әдісі (оқушылардың зейінін шоғырландыру)

Тапсырма: Берілген сұрақтарға жауап бер.

  • Үйді жылыту үшін нені пайдаланады?

  • Жылытқыш құралдардың қандай түрлері бар?

  • Қандай табиғи жылыту көздерін білесің?

  • Тоқ көзін қажет ететін қандай жылытқыш құралдар бар?

Ынталандыру: Жарайсың! Тамаша!

ҰЖ «Бірге қарайық!» (жаңа сабаққа кіріспе, бақылау дағдысын дамыту)

Тапсырма:

  • Сыныпта тоқ көзіне қосылатын құралдарды қара.

  • Бөлмеде неше шам бар?

  • Шамдар ненің көмегімен жұмыс жасап тұр?

Нәтиже:Техниканы қолдану үшін электр қуаты қажет.

Сабақ мақсаты: электрдің не үшін қажет екенін білетін боласың.

Кеспе карточкалар

















Сынып бөлмесі


Сабақтың ортасы

30 мин

Оқулықпен жұмыс

ҰЖ «Зерделі ой» әдісі (жаңа тұжырымды қалыптастыру)

БК: Электр энергиясының адам өміріндегі маңызын түсінеді.

Тапсырма:

1.Бірінші суретті сипатта.

Үңгірдегі адамдар не үшін от жағып отыр?

Ойыңмен бөліс.

2 .Екінші суретті сипатта.

Суреттерді салыстыр.

Ұқсастығы неде?

Айырмашылығы неде?

3.Түнде үйде электр жарығы өшіп қалса не болар еді?

Қорытынды:

Электр энергиясы адам өмірінде қажетті фактордың бірі.

Ынталандыру: «От шашу» әдісі



Есте сақта!

Адамдар электрдің көмегімен бөлме ішін жарықтандырады, үйді жылытады, ас әзірлейді. Электр көптеген тұрмыстық құралдардың арнайы жабдықтардың жұмыс істеуі үшін қажет.


Дәптермен жұмыс

ДЖ «Ойлан тап» әдісі (ойлау дағдысын жетілдіру)

Тапсырма:

  • Сөзжұмбақты шеш.

  • Суреттегі құралдар не арқылы жұмыс істейді?

  • Әрбір суреттін астыңғы жағына суретте көрсетілген құралдар атауын жаз.

  • Осы әріптерді кестедегі тиісті нөмірдің астына жаз.

Дескриптор:

  • Нөмірдің астына әрпін жазады.

  • Электр сөзін табады.

Уәждеу: Дұрыс жаздың!


ТЖ «Мұғалімнің көмегімен жүргізілетін зерттеу» (тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру)

Ғылыми зерттеу жобасы:

Нұсқау: телефонды тоқ көзіне қосу арқылы тәжірибе жасайды және батарейка арқылы жұмыс жасайтын ойыншық машинаны, тоқ көзіне тікелей жалғанатын электр шәйнегін салыстырады.

Қауіпсіздік техникасы!

  • Мұғалімнің нұсқауымен жұмысты баста!

  • Су қолмен электр құралдарын ұстауға болмайды!

Бақыла: Әр түрлі электр қуатын қажет ететін құралдарды қара.

Зертте:

Тоқ көзіне жалғанатын құралдардарды анықта.

Тоқ көзіне жалғанбайтын құралды ата. Тоқ көзіне жалғанатын құралдар мен батарея арқылы істейтін құралдардың айырмашылығын айт.

Дерек жина: топ зерттеу сұрақтарының нәтижесін талқылайды.

Тұжырым: Батарея – ол электр көзі. Батареяларды қуаты толық біткенше пайдалануға болады. Кейбір батареялардың қуатын арнайы құрылғылардың көмегімен қайта толтыруға болады. Мысалы, ұялы телефонның батареясы.

Тұрмыстық құралдар тікелей электр көзіне жалғанып, жұмыс жасайды.

Ынталандыру: Жарайсың!

Топаралық бағалау «Жұлдызшалар»


Тапсырма бойынша саралау

ТЖ «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі (оқушылардың сыни ойлау дағдысын қалыптастыру)

Тапсырма:

А: Үздіксіз электр көздерін қандай құрылғылар қажет етеді? Құрылғыларды белгіле.

В: Кейбір заттар электр қуатын арнайы құрылғылар арқылы толтырып жұмыс жасаса, адамдар қуат көзін қайдан алады?Ойыңды дәлелде.

С: Болашақта электр қуатын қайдан алуға болады? Өз құрылғыңды ойлап тап. Суретін сал.


Дескриптор:

  • Үздіксіз электр қуатын қажет ететін құрылғыларды белгілейді.

  • Техника мен адамдар арасындағы айырмашылықты анықтайды.

  • Өз құрылғыларын ойлап табады.

Ынталандыру: Тамаша!

Топ басшылары бағалайды: графикалық «Смайликтер»


«Сен білесің бе?» (танымдық ақпарат беру)

Электрмен жүретін автомобильдер электромобильдер деп аталады. Олар тіпті 1841 жылы пайда болған.

Алғашқы элеткромобильдер электр моторы бар арба сияқты болған.


Қалыптастырушы бағалау

ДЖ «Менің түйгенім » әдісі (алған білімдерін қорытындылау)

Тапсырма:

  • Розеткаға қосылатын құрылғыларды боя.

  • Батарея арқылы істейтін құрылғыларды қоршап сыз.

Дескриптор:

  • Розеткаға жалғанатын құралдарды белгілейді.

  • Батарея арқылы істейтін құрылғыларды белгілейді.

Уәждеу: Дұрыс орындағансың! Жарайсың!


Оқулық

А3

Маркерлер













































Жұмыс дәптері



























Ұялы телефон, қосқыш, тоқ шәйнек, ойыншық машина, қауіпсіздік ережесі























































Семантикалық карта, А3 парағы, түрлі – түсті карандаштар,

Смайликтер

























Видеоролик https://youtu.be/TlhUz-p8ff0









Жұмыс дәптері














Соңы

6 мин

ҰЖ «Кубизм» стратегиясы (сабақты қорытындылау)

Тапсырма: Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Электр адам өміріндегі қандай маңызы бар?

  • Техникалармен жұмыс жасағанда қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?

  • Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?

  • Электр энергиясының қандай пайдасы бар?

  • Электр энергиясының адам өміріне қандай қауіп төндіреді?

Рефлексия

«Блоб сатысы»

Бүгінгі сабақта сіз қандай деңгейде болдым деп ойлайсыз?

Қалаған адамды бояңыз.


Куб,сұрақтар жазылған карточкалар





Үлестірме парақтар

Саралау

Тапсырма бойынша саралау

ТЖ «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісін алдым.

А: Үздіксіз электр көздерін қандай құрылғылар қажет етеді? Құрылғыларды белгіле. Бұл тапсырманы орындау барысында қолдауды қажет ететін оқушы сабақта меңгерген білімін пайдаланып, қажетті құрылғыларды белгілейді.

В: Кейбір заттар электр қуатын арнайы құрылғылар арқылы толтырып жұмыс жасаса, адамдар қуат көзін қайдан алады?Ойыңды дәлелде. Қолдауды орташа қажет ететін оқушыларда сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етемін.

С: Болашақта электр қуатын қайдан алуға болады? Өз құрылғыңды ойлап тап. Суретін сал. Жоғары деңгейдегі оқушылар өз идеясын іске асыру арқылы, жобасын жасайды.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Ынталандыру: Жарайсың! Тамаша!

Уәждеу: Дұрыс жазғансың!

Топаралық бағалау «Жұлдызшалар»

Топ басшылары бағалайды: графикалық «Смайликтер»

«От шашу» әдісі

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қауіпсіздік техникасы!

Мұғалімнің нұсқауымен жұмысты баста!

Су қолмен электр құралдарын ұстауға болмайды!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2020
456
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12