Материалдар / Жарқамыстың жарық жұлдызы..
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жарқамыстың жарық жұлдызы..

Материал туралы қысқаша түсінік
Жарқамыстан шыққан тау тұлға-Тобық. Болмысы мен бітімі, қаламы мен шығармасы өзгеше ерек тұлға. Сөзге іліп тізе берсек бір Тобықтың бойынан тоқсан өнер табылатыны шүбәсіз сияқты.Кішкентай ауылдан шыққан дарабоздың аты бүгінгі күнде ұлықталып жатқаны көңілге қонымды дүние.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2024
56
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жарқамыстың жарық жұлдызы...

Жарқамыстан шыққан тау тұлға-Тобық. Болмысы мен бітімі, қаламы мен шығармасы өзгеше ерек тұлға. Сөзге іліп тізе берсек бір Тобықтың бойынан тоқсан өнер табылатыны шүбәсіз сияқты.Кішкентай ауылдан шыққан дарабоздың аты бүгінгі күнде ұлықталып жатқаны көңілге қонымды дүние.Шығармасының өзі дарабозды шыңның шынар биігіне шығарып кетті. Өлеңдері өрнектелгенімен қоймай өрге өрледі.Ғұмыр жасы қысқа болса да, өлеңдерінің өмір жасы ұзақ.Әдебиетке өзгеше өң берген шығармаларын оқысаң, құдды бір дүние құбылып, нәзік бұлттың үстінде жеңіл қалықтап жүргендей сезінесің. Бұлттың өзін әдемі өлең етуге де болады екен ау деп таң тамаша болғанмын.Өмірден ерте кетсе де, әдебиет төрінен кете қоймасы анық.Жүрегі нәзік өмірге ғашық жігіт төресі бүгінде де аяулы болып отыр. Шығармасын оқыған сайын тұңғиықтың түбіне барып, қазына тапқан қарақшыдай қуана түсесің. Жаның кіріп, рахаттанасың. Балалық шақтың бал дәмін татпай, ащысына қуырылған, қиындыққа жасымай шыдаған, не әке ашуын көрмеген, не ана жылуын сезінбеген бала бүгінде ел еске алып отырған дара дарабоз. Көпшіліктің көз алдына жалындаған жас жігіттің өр тұлғасы қалса, бүгінде 90 жасқа толып жатқан елестеуге келмейтін қарт күйге жетіпті. Жалынды жүрегімен жазған туындылары әдебиеттен ойып тұрып орын алатын дүниелер. Зерттеуге тұрарлық тұлға. Менде ұстаздық жолда қызметтемін. Білім алып жүрген шәкірттеріме Тобық Жармағамбетов жөнінде кеңінен мәлімет беріп, зерттеу жұмыстарын жүргізгім келеді.Аз ғұмырында көпке үлгі боларлық тұлға, жазары мәнді жазушы, қамқор әке, жарға адал жан бола білді. Өмірдің сыйға тартқан ғұмырына қанағат тұтқан, қайран дүние-ай! Неткен тар едің, тау тұлғаны таудай қылып жер бетіне сыйғыза алмаған. Ұзақ жасамаса да, үлкен мұра қалдырды. Өзгенің қолынан келе бермейтін дүниенің бәрін жасап, көрсетіп кетті. Менің түсінгенім, шығармаларын оқи отырып біраз нәрсені ұғындым. Балалыққа тоймаған баланың қылығын көрдім, жастық шақта жалындаған жас жігітті көрдім, орта жасқа өскен жігіт ағасын білдім. Мүмкін әлі де ғұмыры болғанда Қазақстанның бүкіл өңірі білетін, өлеңін жатқа оқитын ұрпақ көп болар ма еді?! Шығармаларының өзі трагедияға толы.Адам денесін тітіркендірмей, жүрегін селк еткіздірмей қоймайды. «Отамалы» - өткір шығарма. Өлеңдерінің біріне нәзіктікті көрсетем деп барын салса, «Отамалыға» отты да ызғарлы сөздерін сый еткен. Оқыған жан оқиғаның, ызғардың ортасында жүргендей қойын жетектеп, қозысын құшақтап, қара дауылға қарсы жүріп келе жатқандай күй кешесің. Міне, шығарманың шығар биігі осы.Өзге дүниені ұмытып, өзге өлкеде жүргендей боласың. Отамалының орнында болсам, осындай болар едім деген ойдан аулақ жүресің. Өйткені дарабоз тұлға бүкпесіз сендірді.Соғысты қарусыз алатын «Қара жаңбырға» теңеді. Адам ойына кіріп кете қоймайтын теңеу.Қазақ даласына сол қара жаңбырда есте қаларлықтай құйып өткен болатын. «Нәзік бұлттар» - бұлтты да нәзік етуге болады ау дегенде сенімсіз күйде қаласың. Әрине болады. Тағы да Тобықты оқысаң ғана сенесің, сендіреді. Бұлтты күні төбеңде ақша нәзік бұлттар жүргендей сезесің.

Міне ақынның ақыны, жазушының жеткен жетістігі. Өзгенің жүрегіне өлеңмен кіріп, еріксіз өзіңді шығарманың кейіпкері етіп қояды. Көз алдыңда болып жатқандай тылсым әлемге еніп, өзіңді ұмытасың. Тамаша туындыларды тудырған жігіттің төресі болған дарабоз, тау тұлға Тобық аға Жарқамыстан жарқырап шыққан жұлдыз болып есте қаласыз..

Бердалы Назерке Шеңбертал жалпы білім

беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!