Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

"Жарқын елдің шамшырағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жарқын елдің шамшырағы –жас маман»

Мен бүгін ерекше бір сезіммен ояндым.

Сәулелі шуақты ақ таңға боядым.

Жүректе куаныш бойда күш тасыған.

Өмірімнің мәніне айналған.

Бүлдіршіндерімді көремін тағы да қасымнан.

Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін.Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті, еркесі, бұзығы қызығы. Мен олармен бірге жүрсем балаша қуанып мына өмірге балаша қарағым келеді. Мен тәрбиешімін. Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады.

Ақын Фариза Оңғарсынова өлеңге қосып жырлағандай «Үй жақсы ма, бақшама?» деген сұраққа біздің балабақшаның әр бүлдіршіні қуана «балабақша» деп жауап берер еді. Балалар өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз,шынайылықпен баптағанда ғана жақсы өседі.

Балабақша үйрететін орта оның жүрегі-тәрбиеші деп білемін. Менің тәрбиеші ретінде міндетім жеке тұлғаны қалыптастыруға ат салысу,қоғамның бір бөлшегі жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру,оларға өмірде өз орнын табуға көмектесу,бағыт бағдар беру.

Абай атамыз өзінің 43-ші қара сөзінде баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытпаса оның өзі із түссіз жоғалып кететінін айтса,ағартушы ұстаз Ы.Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде таным әрекетініңіз оқу білім деп тұжырымдаған. Тәрбиеші үлкен ізденімпаздықпен,қажырылықпе,төзімділікпен,түсіністікпен, жанашырлықпен,адамгершілікпен жұмыс жасау қажет.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2018 жылғы 5 қазандағы Қазастандықтардың әл ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты жолдауында мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек деп ерекше тоқталып өтті. Балабақша қызметкерлерінің тәрбиешілердің тұрмыс сапасын арттыру мақсатында оларға еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет екендігін атап өтті.

Болашақ-біздікі, ұлттың ертеңі біз. Біз сияқты жас мамандарға арттар сенімде , жауапкершілікте үлкен. Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, тәрбиелеп отырған ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса бұл тәрбиешілер еңбегінің жемісі деп білемін.Биылғы жарияланған жолдауда біздерді яғни жас мамандарды алға жетелеп,бойымызға күш жігер сыйлағандай. Себебі еліміздің болашағы жастарға көңіл бөліп,жастар жылын қабылдауға мына біздердің жас жамандардың ауызбірлігін еселеп арттырады деп ойлаймын.

Білерім-бір тоғыз,білмейтігінім тоқсан тоғыз демекші білген сайын білмейтінім көп екенін ұға түсесін. Сондықтанда болар шығар белестерім әлі алда. Білімді ешқашан өзін білгіш қып көрсетуге тырыспайды. Шын білімді зейін зердесі кең алыстан қарасаң кербез, жақыннан қарасаң –кішіпейіл,жүзіне үңілсең мейірімді, жанына үңілсең шуақты көрінбек. Міне осындай кербез,кішіпейіл,мейірімді,шуақты тәрбиеші атансам-адами парызымның орындалғаны болар.

Ендеше мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді тәрбиелеу, олардың жетістіктерін көру,риясыз сүйіспеншіліктерін, адал сенімдерін,жымиған күлкілерін көру-мен үшін үлкен бақыт пен қуаныш.



























«Жарқын елдің шамшырағы-

Жас маман»

(эссе)















Дайындаған:Акимжанова Ш















2019 жыл

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
309
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12